Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Сəбит Дөнентаев (1894-1933)



Pdf көрінісі
бет42/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   140
Сəбит Дөнентаев (1894-1933). Кереку өңірінде дүниеге келген. 
“Уақ-түйек” (1915) – алғашқы өлеңдер жинағы. Поэзиясының ба-
сты тақырыбы – əлеуметтік теңсіздік. Ақын өлеңдерінде сыншыл 
реалистік сипаттар басым келеді (“Заман кімдікі”, “Бозторғай”, 
“Менің жайым”). 1917 жылғы ақпан революциясын шынайы 
түсінді (“Бостандық”). Ақынның шығармашылық ғұмырнамасын 
дəуірлеудің басты белгісі – ақынның көзқарас эволюциясы. Абай 
мен Тоқай жəне орыс, батыс классиктерінен үлгі-өнеге алып өскен. 
Шығармашылығының басты бағыты – ағартушы-демократтық бағыт. 
1920 жылға дейінгі аралықтағы поэзиясында ұлтжандылық сарын 
бар (“Адасыппыз”, “Сарыарқа анамызға”, т.б.). Кеңес дəуіріндегі ірі 
өзгерістерді де поэзиясына арқау ете білді.
Сəбит Дөнентаев шығармашылығының қанаттануына “Қазақ” 
газетінің қызметі аса зор деп білеміз. Оның “Қазақ” газеті бетінде 
“Азаттық күні”, “Əр жан əр түрде”, “Жаз”, “Жанға” , “Тоты құс”, 
“Жаңа жыл құтты болсын” жəне “Ұлтшылдарға” деген өлеңдері 
жарияланған. Өнерді өркендететін нəрсенің біріншісі – өмір бол-
са, екіншісі – суреткердің дарын-қабілеті болып табылады. Ақын 
суреткерлігінің мықты болуы – оның интеллектуалдық, эмоциялық, 
рухани, эстетикалық білік-біліміне тікелей қатысты. Өз дарын-талан-
тын, бойындағы бүкіл білімін шығармашылығына сарқа жұмсаған, 
елі мен туған жері үшін жанын пида еткен алаш ұлдарының бірі – 
Сəбит Дөнентайұлы.
“Қазақ” газетінің 1915 жылғы 92-санында Сəбит Дөнентай-
ұлының “Тотыға” атты өлеңі жарияланған. Сырттай қарағанда тоты-
құс керемет болып көрінеді. Сайрайды, айтқаныңды қайталайды.
Көңіл ашар тотымсың,
Жайнаған шоқ отымсың.
Солай бола тұрғанымен, оның ішкі сырына, мəнісіне тереңірек 
үңілсек, басқа жайға да қанығамыз:
 Кең дүниені көре алмай,
Тар қапаста отырсың.


138
Еліктеуің болмаса, 
Өз сарайың соқырсың.
Соның үшін қарға боп,
Босансаң ... шоқырсың.
Сəбит Дөнентайұлының мысал өлеңдердің шебері екенін 
білеміз. Мысалы, “Бозторғай” өлеңі осы сөзімізге дəлел. Ақынның 
“Тотысы да” мысал өлеңдер қатарына жатады. 1915 жылы 
жазылған бұл өлеңнен осы жылдардағы кейбір “зиялысымақтың” 
сипатын танимыз. Қазақ қоғамының болашағы, оның дамуы 
С.Дөнентайұлын отаншыл жан ретінде қатты толғандырған. 
Ақын сынаған қазақ елінің ертеңі айқындалатын тұста ел сен-
ген, ел үміт артқан жақсылардың “бұлбұл көрсе бұлбұл, дүлдүл 
көрсе дүлдүл” болып “құйқылжытып” жүргендігі оңар қылық 
емес еді. “Тотыға” мысал өлеңінен сол кездің, заманның кейпін, 
сырты дүрдей, іші бықсық «оқығанның» келбет-кескінін нақты 
танимыз.
Сəбит қазақ поэзиясындағы мысал жанрының дамуына айтулы 
үлес қосты (“Бозторғай”, “Ыбылыс пен шайтан”, “Ауырған Ары-
стан”, “Екі теке”, “У жеген қасқырға”, “Көзі тоймайтын ит” жəне 
т.б.). Ақын мысалдарының тақырып өзегінің арналары əралуан. 
Ақынның шығармашылығынан өлең-фельетондар да орын алады. 
Сəбит публицистикасының тақырып ауқымы өте кең. “Көркемтай” 
атты əңгімесінің көркемдік жетістігі айтарлықтай. 
Кеңес тұсында біраз шығармашылық ізденістерге барды. 
Алғашқы тұста біраз тосылып, 1924 жылдан бастап шығармашылық 
белсенділігі арта түсті. Революция жеңістерін, Кеңес өкіметі 
əкелген жетістіктерді жырлады. С. Дөнентаев поэзиясында өзіне 
тəн ойшылдық сипаттар да кездеседі (“Қиял”, “Ой”). Ақындық 
қолтаңбасының өзіндік ерекшелігі ретінде оқиғалы шағын өлеңге 
шеберлігін айтуға болады. Шығармашылығында негізінен сыншыл 
реализм бой көрсетеді. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиетінде 
Сəбит Дөнентаевтың өзіндік орны бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет