Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Бекет Өтетілеуов (1883-1949)



Pdf көрінісі
бет39/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   140
Бекет Өтетілеуов (1883-1949). Қостанай өңірінде дүниеге кел-
ген. Орысша оқып, орыс мəдениетін, орыс əдебиетін жете меңгерген. 
Орыстың реалистік əдебиетінен нəр алып, аудармамен айналы-
сып, ұстаздық қызметі мен аудармашылықты ағартушылық жолы-
на пайдаланды. А. Пушкин, М. Лермонтов, К. А. Жуковский жəне 
т.б. аударған өлеңдерінде көркемдік белгілер бар. И. А. Крыловтан 
(“Көкек пен көгершін”, “Мұжықтар мен өзен”, “Ысырапқор мен 
Қарлығаш”, “Бұлбұлдар”, “Бала мысық пен қара торғай”, “Бүркіт 
пен өрмекші”, “Бай мен етікші”, “Түлкі мен жеміс”, “Піл мен 
қанден”, т.б.), И. И. Хемницерден (“Құмырсқа мен дəн”) аударған 
мысалдарынан өзіндік қолтаңбасы танылады. Б. Өтетілеуов ау-
дармалары түпнұсқаға өте жақын. Аудармаларын көбіне қазақы 
өлең жүйесіне салып жасайды. Сондықтан да көбіне түпнұсқаның 
өлең құрылысын сақтай бермейді. Б. Өтетілеуовтің “Дүние ісі 
ақыретке кетпес” (Қазан, 1912), “Жиған-терген” (Орынбор, 1914) 
жинақтарының қазақ əдебиетінен алар өзіндік орны бар.
Оның төл туындыларында ағартушылық бағыт басым боп келеді. 
Ақын əлеуметтік теңсіздікті көре білді. Байлардың озбырлығын, 
надандығын əшкереледі (“Қазақтың байлары мен нашар көршілері” 


135 
жəне т.б.). Елдің қараңғылық күйіне жаны күйзеліп, оқу-білімге 
шақырды (“Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін” жəне т.б.). Жаман, кер-
тартпа қасиеттерден жиренуге, жақсы қасиеттерді үйренуге үндеді 
(“Данышпан қазы” жəне т.б.). Бірқатар өзіндік шығармаларында ой 
оятар пікір мол кездесіп, көркемдік деңгейі жоғары болып келеді 
(“Өмірдің үш басқышы”, “Хат”, “Жалғыздың өмірі” жəне т.б.).
Б. Өтетілеуов шығармашылығына тəн басты белгі – барлық 
шығармалары ағартушылық оймен ұштасып жататындығы. Ақын 
Қазан төңкерісінен кейінгі алмағайып заманда шығармашылықты 
біржола доғарып, ұстаздық еңбекпен айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет