240
айқын, бағыты анық. Ол – азаттыққа қол жеткізу. Кей-кейде
ақынның бұған күмəнмен қарайтын тұстары да бар. Ондайда қайғы-
мұңға беріліп, зар-заман ақындарының сүрлеуіне түсіп кетеді. М.
Əуезовтің Нарманбетті зар заман ақындарының өкіліне санауы
осыған байланысты болса керек. «Өтті-ау дəурен, Аңдып сырт,
кетті-ау көңіл тына алмай» деген өлең жолдары осының куəсі. Бірақ
бұл сарын Нарманбетте өте аз кездеседі. Ол – мұң-зардың емес,
күрескерліктің ақыны. Өйткені, ақын ел басындағы қасіретке кім
кінəлі екенін тап басып тани біледі. «Айырылып қалдық қоныстан,
Бекініп низам шықпай тұр, əлі бізге орыстан («Аждаһаның аузын-
да») деген өлең жолдарында Нарманбет отаршылдық тұтқасы кімнің
қолында екенін ашық та анық айтқан.
Нарманбет – шығармашылық болмысы терең, өнерпаздық
өрісі кең ақын. Алуан түрлі тақырыптар ішінде ақынның жаны-
на жақыны – азатшылдық, күрес тақырыбы. Жалпы, ұлт-азаттық
идеяны жырлаудың бастау көзінде осы Нарманбет сынды ақындар
тұрғаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: