288
Экологиялық факторлардың əр алуандылығына қарамастан
олардың организмдерге əсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің
жауап беру реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар.
Организмнің қарқындылыққа немесе əсер ету күшінің факторына
реакциясын жатқызуға болады. Жетімсіз немесе шамадан артық
əсер ету организмнің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін.
Алуан түрлі тіршілік иелерінің əртүрлі жағдайларда өздерін өте
жақсы сезінулері бірдей емес. Мəселен, ылғалды жақсы көретін
өсімдіктер ылғалды топырақты (капуста, қант қызылшасы), гүлді
капуста көлеңкелі салқынды, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты
(қауын) ұнатады. Осы факторлар өсімдіктің өсу жағдайына өте
маңызды ықпал жасайды. Бақылау нүктесінен барынша өсуі –
оңтайлылық деп аталады. Бұл əдеттегідей – температураның
көлеміне жатады. Жағымды күш əсерінің факторы (мөлшері) осы
организм түріне
оңтайлы зонаның факторы деп аталады. Ең азы-
нан (минимум) көбіне (максимум) дейін бар аралықта температура
кезінде өсуге мүмкіндігі барды
диапозон (көлемінің) тұрақтылығы
дейді. Шектелу нүктесінен, яғни төмен мен жоғарының аралығы
тіршілікке қолайлы температура – тұрақтылықтың шегі немесе
сол түрдің
шыдамдылық шегі болады. Осы экологиялық факторға
қатысы бойынша шыдамдылық дəрежесін
экологиялық валенттілік
деп атайды. Организмнің экологиялық валенттілігі оның əр алуан
ортаға қоныстану қабілеттілігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: