- Автор оқырмандықалайқызықтырады? - Кейіпкерлердің іс-əрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде. Бұл əдіс те алдыңғы сияқты оқушылардыұжым болып, жұмыс жасауғаүйретеді. Ақпараттыөз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, əдістің тиімділігі – сабақтан тысқарықалатын оқушы болмайды, оқыған мəтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оғанқатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. Еркін жазу. Бұл əдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтыңүшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім 296 297 сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған əсерін, не үйренгенін, нені əлі де біле түсу керек екенін, т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушыларөз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмыстыұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбенқарап, ойын түйіндеугеүйрететін бұл əдісті кез келген сабақтақолдануға болады. Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушыларқызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. РАФТ. Бұл стратегияны ォкейіпкерге хатサ деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мəтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялынөрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктеріқалыптаса түседі. Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мəтінмен жұмыс істей отырып, мəтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтарқұрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық əдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағынаөзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұраққұрастырудыңқиын жұмыс екенін біліп, еңүздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. Қосжазба күнделігі: мəтінде берілген оқиғаларғаөзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздікқоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. ォЭссеサ стратегиясы бойынша өз ойынан əр түрлі пікірлер құрастырып, оны дəлелдеуге үйренеді. Сауалнама-интервью стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. ォСауалнама-интервьюサ стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрдеқорытындылауға болады. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушыныңөзін ізденуге жетелейді, ойлануғаүйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалыққызметтің, іс-əрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Технологияның мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлауын сыни тұрғыдан дамыту. Шығармашылық дегеніміз – адамныңөмір шындығындаөзін- өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тəсілдер табуғаұмтылуы, ізденуі. Шығармашылыққабілет əр баланың табиғатында болуы мүмкін. Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылыққабілеттерін, сабақта жəне сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларын қолдануға болады: • Тақырыпты мазмұнынақарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, ォинсертサ кестесі/ • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс /эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, т.б. стратегиялар/ • Əңгіменіңұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мəтіндегі __________ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/ • Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ • Кейіпкерге мінездеме беру, өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы / • Шығармада екі кейіпкердіңқарама-қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/ • Өлең шумақтарынқұрастыру /5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/ Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен келесі жұмыстар жүргізуге болады: • Мұражайға апару; • Əр түрлі кездесудер өткізу; • Əр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталас өткізіп, алған əсерлері бойынша шығарма жазғызу; • Балаларға арналған журнал-газеттерге жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалануға мүмкіндік беру; 298 299 • Əрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинату, реферат жазғызу. Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пəндік апталықтар, пəндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Осындай жұмыстыүнемі жүргізу оқушыларды шығармашы- лыққа баулуға, шəкірт бойындағықабілет көзін ашып, тілін