Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет22/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   481
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Республикалық  жəне  жергілікті  бюджеттер  есебінен  ұсталатын 

мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізудің тəртібі Бухгалтерлік 

есеп  ережесімен  жəне  «Мемлекеттік  мекемелердің  бухгалтерлік  есеп  шот-

тарын  жүргізу  жоспарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Қаржы 

министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығы (Қазақстан Респуб-

ликасы  Əділет    министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда  №6314  болып 

тіркелген), «Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспа-

рын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 

15 маусымдағы №281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2012 жылғы 11 шілдедегі №338 

бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Əділет  министрлігінде 2012 жылғы 06 

тамызда №7830 болып тіркелген), енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды 

ескере  отырып  мемлекеттік  мекемелердің  бухгалтерлік  есебі  шоттарының    

жоспарын жүзеге асырады.

Бюджеттік  бағдарламалардың  əкімшілері  бюджетті  атқару  жөніндегі 




28

орталық  уəкілетті  органмен  келісім  бойынша  өз  жүйесінің  мемлекеттік 

мекемелерінде  олардың  қызметінің  ерекшелігін  ескере  отырып  жəне 

мемлекеттік  мекемелерде  бухгалтерлік  есеп  жүргізуді  жəне  есеп  саясатын 

сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тəртібі 

туралы нұсқаулар беруі мүмкін. 

Мемлекеттік  мекеме  бухгалтерлік  есепті  Бухгалтерлік  есеп  ережесіне 

сəйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге 

асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет