Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет30/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Материалдық емес активтер

Материалдық емес активтер бастапқыда нақты баға бойынша, яғни нақты 

шығындар бойынша танылады.

Мемлекеттік  мекеме  материалдық  емес  активтердің  құны  ретінде  басқа 

мемлекеттік  мекемеден  алынған  материалдық  емес  активтердің  тапсырыла-

тын  баланстық  құнын  таниды.  Үшінші  тараптан  өтеусіз  негізде  мемлекеттік 

мекемемен  алынған    материалдық  емес  активтердің  өзіндік  құны  болып 

материалдық емес активтерді алу күніндегі əділ құны танылады.

Мемлекеттік мекемемен материалдық емес актив құрылғанда:

1)  зерттеу  кезеңінде  ғылыми  əзірлемелер  бойынша  шығындар  үнемі 

шығындар болып танылады;

2)  ғылыми  əзірлемелер  (ғылыми-зерттеу  жəне  тəжірибе-конструкторлық 

жұмыстар,  ғылыми  зерттеулер,  ғылыми-техникалық  жұмыстар  жəне  т.б.)   

бойынша  жұмыстарды  орындауға  əзірлену  кезіндегі  шығындар  активтерді 

тану өлшемдеріне сəйкес болған жағдайда күрделі салымдар есебінің шотына 

жатқызылады.

Күрделі салымдар нақты шығындар бойынша өлшенеді.

Аяқталмаған жəне аяқталған, бірақ ғылыми əзірлемелердің қабылданбаған 

нəтижелері бойынша күрделі шығындар келесі жылдың балансына ауысады.

Ғылыми  жұмыстардың  аяқталған  жəне  қабылданған  қорытындылары 

қабылдау актілері негізінде тану критерийлерін сақтағанда материалдық емес 

есептің  шотына  жатады.  Материалдық  емес  активтер  тану  критерийлеріне 

сəйкес болмаған жағдайда шегілген шығындар шығыстарға жатқызылады.



35

Материалдық емес активті кейіннен есепке алу нақты шығындар жөніндегі 

есептеу  моделі  бойынша:  жинақталған  амортизацияны  жəне  құнсызданудан 

жиналған шығындарды алып тастағанда өзіндік құн бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік  мекеме  ай  сайын  №1308  қаулымен  белгіленген    

амортизацияның жылдық нормасын қолдана отырып, біркелкі есептеу əдісімен 

материалдық емес активтердің амортизациясын есептейді.

Материалдық емес активтің жойылу бағасы нөлге тең. 

Материалдық емес активтің құнынан 100% асқанда амортизацияны есеп-

теу жүргізілмейді.

Есеп  жылының  соңында  өткізілген  түгендеу  қорытындылары  бойынша, 

бюджеттік бағдарламалар əкімшілерімен  келісілген, мемлекеттік мекеме бас-

шысы бұйрығына сəйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде, 

егер орны толтырылатын құн осы активтің баланстық құнынан төмен болса, 

есепте  материалдық  емес  активтің  құнсыздану  фактісі  жазылады.  Түгендеу 

актісінде құнсыздану себептері көрсетіледі.

Негізгі материалдық емес активтерді түгендеу мемлекеттік мекемелердің 

бухгалтерлік  есебі  мен  қаржылық  есептілігі  саласындағы  Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 

Материалдық  емес  активтерді  есепке  алу  тəртібі  Бухгалтерлік  есеп 

ережесінің  «Активтердің  құнсыздануын  есепке  алу  тəртібі»  бөлімінде 

анықталған.

Материалдық  емес  активтер  құнының  құнсыздануын  есепке  алу 

Бухгалтерлік  есеп  ережесінің  «Активтердің  құнсыздануы»  бөліміне  сəйкес 

жүзеге асырылады.

Негізгі  материалдық  емес  активтерді  мемлекеттік  мүлікті  басқару  жəне 

мемлекеттік  мекемелердің  бухгалтерлік  есебі  мен  қаржылық  есептілігі 

саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асыры-

лады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет