Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Есепті жылдың қаржылық нəтижесі есебі



Pdf көрінісі
бет357/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   481
Есепті жылдың қаржылық нəтижесі есебі



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Есеп беру кезеңінің 



соңында есептелген 

кірістердің ақырғы 

айналымымен есептен 

шығарылады



6000 Айырбас емес 

операциялардан 

алынатын кірістер

6100 Айырбас 

операциялардан 

алынатын кірістер 

6200 Активтерді 

басқарудан алынатын 

кірістер

6300 Өзге кірістер

5210 Есепті жылдың 

қаржылық нəтижесі

2

Есеп беру кезеңінің 



соңында есептелген 

шығыстардың ақырғы 

айналымымен есептен 

шығарылады 



5210 Есепті жылдың 

қаржылық нəтижесі



7000-7100 Операциялық 

шығыстар


7200 Бюджеттік 

төлемдер бойынша 

шығыстар

7300 Активтерді басқару 

бойынша шығыстар



7400 Өзге шығыстар

3

Қаржыландыруды 



қайтару шотын жабу

5210 Есепті жылдың 

қаржылық нəтижесі



6090 Қаржыландыруды 

бюджетке қайтару 

4

Есепті жылдың 



қаржылық нəтижесін 

өткен жылдың 

қаржылық нəтижесіне 

аудару


5210 Есепті жылдың 

қаржылық нəтижесі



5220 Өткен жылдардың 

қаржылық нəтижесі



5220 Өткен жылдардың 

қаржылық нəтижесі



5210 Есепті жылдың 

қаржылық нəтижесі




384

21.3 Таза активтер/капитал есебінің қаржылық есептілікте ашы-

луы

Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп (1 «Бухгалтерлік ба-

ланс» нысанына 2-қосымша) бухгалтерлік баланстың «Таза активтер/капитал» 

бөлімінің баптары бөлінісінде жасалады.

010 «Есепті  жылдың  басындағы  сальдо»  жолы  бойынша  бухгалтерлік 

балансының  тиісті  баптары  бойынша  тиісті  жылдың  басындағы  қалдықтар 

көрсетіледі.

020 «Есеп саясатындағы өзгерістер» жолы бойынша есепті жыл ішінде есеп 

саясатындағы өзгерістерге қаржылық нəтижені түзету сомасы көрсетіледі.

030 «Қайта есептелген сальдо» (010-жол +/- 020-жол) жолы бойынша  есеп 

саясатындағы өзгерістерге есепті жылдың түзетілген сальдосы көрсетіледі.

040 «Есепті жылдағы таза активтердегі/капиталдағы өзгерістер» жолы бо-

йынша 041, 042, 043, 044, 045, 046-жолдардың сомасы көрсетіледі.

041 «Ұзақ  мерзімді  активтерді  қайта  бағалаудан  резервтердің  ұлғаюы»   

жолы бойынша мемлекеттік мекеменің есепті жылдағы ұзақ мерзімді активте-

рін қайта бағалаудан резервтерінің ұлғаю сомасы көрсетіледі.

042 «Ұзақ  мерзімді  активтерді  қайта  бағалаудан  резервтердің  азаюы» – 

жолы бойынша есепті жылда инвестицияларды қайта бағалаудан резервтердің 

азаю сомасы көрсетіледі.

043 «Шетелдік қызметі қайта санау бойынша айырбас бағамдардың айыр-

малары»  жолы  бойынша  мемлекеттік  мекеменің  есепті  жылдағы  қаржылық 

есептілігімен  шоғырландыру  үшін  шетелдік  қызмет  бойынша  қаржылық 

есептіліктерді  қайта  санау  кезінде  туындаған  бағамдық  айырма  бойынша 

резервтің ұлғаю/азаю сомасы көрсетіледі.

044 «Таза  активтердің/капиталдың  өзгерістері  туралы  есепте  тікелей 

танылған  қаржыландырудың  ұлғаюы»  жолы  бойынша  есепті  жылда  ұзақ 

мерзімді  активтерді  сатып  алуға  пайдаланылған  сома  шегінде  күрделі 

салымдарға арналған бюджеттен алынған қаржыландыру сомасы көрсетіледі.

045 «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепте тікелей таныл-

ған  ұзақ  мерзімді  активтердің  шығарылуына  байланысты  қаржыландырудың 

азаюы»  жолы  бойынша  есепті  жылда  ұзақ  мерзімді  активтерді  басқа 

мемлекеттік мекеменің шығару сəтіндегі мемлекеттік мекеменің кірісі болып 

танылған қаржыландыру сомасы көрсетіледі.

046 «Қаржыландыруды есепті кезеңнің кірістеріне көшіру» жолы бойын-

ша күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтыну  тəртібінде есепті кезеңнің 

кірісіне көшірілген сома көрсетіледі.

050 «Есепті  кезеңдегі  қаржылық  нəтижесі»  жолы  бойынша  Қаржылық 

қызмет  нəтижелері  туралы  есепте  анықталған  есепті  кезеңдегі  қаржылық 

нəтиже сомасы көрсетіледі (1 «Бухгалтерлік баланс» нысанына 1-қосымша).

060 «Ағымдағы  жылдың  аяғындағы    сальдо»  жолы  бойынша  таза 




385

активтердің/капиталдың қалдықтарының сомасы көрсетіледі (030-жол +/- 040-

жол  +/- 050-жол).

070 «Алдағы жылдың  басындағы сальдо» жолы бойынша бұның алдында-

ғы жылдың бухгалтерлік балансының тиісті баптары бойынша есепті кезеңнің 

басындағы қалдықтар көрсетіледі.

080 «Есеп саясатындағы өзгерістер» жолы бойынша бұның алдындағы жыл 

бойындағы есеп саясатындағы өзгерістерге қаржылық нəтижені түзету сомасы 

көрсетіледі.

090 «Қайта есептелген сальдо» жолы бойынша (070-жол +/- 080-жол) жолы 

бойынша есеп саясатындағы өзгерістерге бұның алдындағы жылдың түзетіл-

ген сальдосы көрсетіледі.

100 «Алдағы  жылғы  таза  активтердегі/капиталдағы  өзгерістер»  жолы  бо-

йынша 101, 102, 103, 104, 105, 106-жолдардың сомасы көрсетіледі.

101 «Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаудан резервтердің ұлғаюы» жолы 

бойынша  мемлекеттік  мекеменің  бұның  алдындағы  жылдағы  ұзақ  мерзімді 

активтерін қайта бағалаудан резервтерінің ұлғаю сомасы көрсетіледі.

102 «Ұзақ  мерзімді  активтерді  қайта  бағалаудан  резервтердің  азаюы» – 

жолы  бойынша  бұның  алдындағы  жылдағы  ұзақ  мерзімді  активтерін  қайта 

бағалаудан резервтерінің азаю сомасы көрсетіледі.

103 «Шетелдік қызметті қайта санау бойынша айырбас бағамдардың айыр-

малары»  жолы  бойынша  мемлекеттік  мекеменің  бұның  алдындағы  жылдағы 

қаржылық  есептілігімен  шоғырландыру  үшін  шетелдік  қызмет  бойынша 

қаржылық есептіліктерді қайта санау кезінде туындаған бағамдық айырма бо-

йынша резервтің ұлғаю/азаю сомасы көрсетіледі.

104 «Таза  активтердің/капиталдың  өзгерістері  туралы  есепте  тікелей 

танылған қаржыландырудың ұлғаюы» жолы бойынша бұның алдындағы жыл-

да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға пайдаланылған сома шегінде күрделі 

салымдарға арналған бюджеттен алынған қаржыландыру сомасы көрсетіледі.

105 «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепте тікелей таныл-

ған  ұзақ  мерзімді  активтердің  шығарылуына  байланысты  қаржыландырудың 

азаюы»  жолы  бойынша  бұның  алдындағы  жылда  ұзақ  мерзімді  активтерді 

басқа  мемлекеттік  мекеменің  шығару  сəтіндегі  мемлекеттік  мекеменің  кірісі 

болып танылған қаржыландыру сомасы көрсетіледі.

106 «Қаржыландыруды есепті кезеңнің кірістеріне көшіру» жолы бойынша 

күрделі  салымдарды  қаржыландыруды  тұтыну  тəртібінде  бұның  алдындағы 

жылдың есепті кезеңінің кірісіне көшірілген сомасы көрсетіледі.

 110 «Алдағы  кезеңдегі  қаржылық  нəтиже»  жолы  бойынша  бұның 

алдындағы  жылдың  Қаржылық  қызмет  нəтижелері  туралы  есептен  есепті 

кезеңдегі қаржылық нəтиже сомасы көрсетіледі (1 «Бухгалтерлік баланс» ны-

санына 1-қосымша).

 120 «Алдағы жылдың аяғындағы сальдо» жолы бойынша таза  активтердің/

капиталдың  қалдықтарының сомасы көрсетіледі (090-жол+/-  100-жол  +/- 110-

жол).



386



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет