Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Қаржылық есептіліктің нысандарын  толтыру ережелері



Pdf көрінісі
бет410/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

25.2 Қаржылық есептіліктің нысандарын  толтыру ережелері

Бухгалтерлік баланс (1-нысан)

«Бухгалтерлік баланс» (1-нысан) актив пен пассивтің екі бөлігінен тұрады. 

Активтер – бухгалтерлік баланстың бірінші бөлігі, екі бөлімнен тұрады: Қысқа 

мерзімді жəне Ұзақ мерзімді активтер.

«Қысқа  мерзімді  активтер»  бөлімінде  мемлекеттік  мекемеге  тиесілі  ақша 

қаражаты жəне олардың баламалары, қаржы инвестициялары, қысқа мерзімді 

дебиторлық берешек, қорлар жəне бұдан алдыңғы қысқа мерзімді активтердің 

кіші бөлімдерінде көрсетілмеген өзге активтер көрініс табады.

Бухгалтерлік  баланс  активінің 010 «Ақша  қаражаты  жəне  олардың  бала-

малары» жолы (1010, 1020, 1030, 1040, 1050, 1060, 1070, 1080, 1090) бойынша 

түсімдерді есепке алу мен есеп айырысу үшін ҚБШ-дағы, сыртқы қарыздар мен 

гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның шетел валютасындағы 

жəне арнайы шоттарындағы, кассадағы, мемлекеттік мекеменің ағымдағы жəне 

есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражатының қалдықтары, міндеттемелерді 

қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулар,  өзге  ақша  қаражаты 

көрсетіледі. Демеушілік жəне қайырымдылық көмекке арналған ҚБШ, ақшаны 

уақытша орналастыру ҚБШ, шетелдік валютадағы ақша қаражаты шоттарын-

да жəне сыртқы қарыздардың жəне байланысты гранттар бойынша бюджеттік 

инвестициялық  жобалар  бойынша  шоттарында,  кассадағы  ақша  қаражаты 

жəне өзге ақшалай құжаттарында ақшаның қалдығы көрсетіледі. Бухгалтерлік 

баланста 1 шілдеге, 1 қазанға осы жолда міндеттемелер қабылдауға арналған 

жоспарлы тағайындаулар шоттарында бюджеттік қаржыландыру қалдықтары 

көрсетіледі.

100 «Қысқа  мерзімді  активтердің  жиыны»  жолы  бойынша 010, 011, 012, 

013, 014, 015, 016, 017, 018, 019, 020, 021, 022-жолдардың қорытынды сомасы 

көрсетіледі.

«Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде қаржы инвестициялары, ұзақ мерзімді 

дебиторлық  берешектер,  негізгі  құралдар,  аяқталмаған  құрылыс  пен  күрделі 

салымдар,  инвестициялық  жылжымайтын  мүлік,  биологиялық  активтер, 

материалдық емес активтер жəне өзге ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі. 200 

«Ұзақ  мерзімді  активтердің  жиыны»  жолы  бойынша 110, 111, 112, 113, 114, 

115, 116, 117, 118, 119-жолдардың қорытынды сомасы көрсетіледі.

«Баланс»  жолы  мемлекеттік  мекеме  активтерінің  жалпы  құнын  көрсетеді 

(100-жол қосу 200-жол).




424

Бухгалтерлік  баланстың  пассиві  үш  бөлімнен  тұрады:  Қысқа  мерзімді 

міндеттемелер, Ұзақ мерзімді міндеттемелер, Таза активтер/капитал.

«Қысқа  мерзімді  міндеттемелер»  бөлімінде  қысқа  мерзімді  қаржылық 

міндеттемелер,  бюджеттік  төлемдер  мен  салықтар  бойынша  қысқа  мерзімді 

кредиторлық берешек, қысқа мерзімді кредиторлық берешек, қысқа мерзімді 

бағалау  мен  кепілдік  міндеттемелері,  өзге  қысқа  мерзімді  міндеттемелер 

көрсетіледі.

«Таза  активтер/капитал»  бөлімінде  ұзақ  мерзімді  активтерге  жұмсалған 

қаржыландырулар  сомасы,  ағымдағы  қызметте  пайда  болған  резервтер, 

мемлекеттік мекеменің жинақталған қаржылық нəтижесі көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет