Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет413/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Түсіндірме жазба (5-нысан)

Қаржылық  есептіліктің  түсіндірме  жазбасында  ақпараттың  ашылуы 

қамтылады  жəне  қаржылық  жəне  бюджеттік  есептіліктердің  деректерін 

салыстыруға мүмкіндік береді. Мəселен, есептеу əдісін қолдану кезінде ұзақ 

мерзімді  активтер  бухгалтерлік  теңгерімде  теңгерімдік  құнымен  көрсетілуі 

тиіс.  Түсіндірме  жазбада  ұзақ  мерзімді  активтердің  қозғалысы  бойынша 

көрсеткіштердің 5-б  «Ұзақ  мерзімді  активтер  активтердің  қозғалысы  туралы 

есеп» нысаны бойынша бастапқы құнымен  бюджеттік есептілік деректерімен 

салыстыру жүргізіледі.

Түсіндірме жазбаның «Негізгі құралдар» деген 5-кестесінің 11-бағанының 

040 «Есепті кезеңнің басындағы сальдо теңгерімдік құнымен» деген жолындағы 

деректер  бухгалтерлік  теңгерімнің 3 «Есепті  кезеңнің  басындағы»  деген 

бағанының 114 «Негізгі құралдар» деген жолындағы  сомаға тең жəне тиісінше 

Түсіндірме жазбаның «Негізгі құралдар»  деген 5-кестесінің   11-бағанының 041 

«Есепті кезеңнің аяғындағы сальдо теңгерімдік құнымен» жолындағы дерек-

тер бухгалтерлік теңгерімнің 4 «Есепті кезеңнің аяғындағы» деген бағанының 

114 «Негізгі құралдар» деген жолындағы сомаға тең.

Кезеңнің  басындағы  жəне  аяғындағы  сальдо  бастапқы  құнымен,  ұзақ 

мерзімді активтердің сыныптары бойынша түсімдер мен шығындар 5 «Негізгі 

құралдар»  кестесі  бойынша  бастапқы  құнымен    бюджеттік  есептіліктің 5-б 

«Ұзақ  мерзімді  активтер  активтердің  қозғалысы  туралы  есеп»  нысанының 

деректерімен салыстырылады.

Түсіндірме  жазбадағы  басқа  активтер  бойынша  деректер  де  бухгалтерлік 

теңгерімде осылай салыстырылады.

Қаржылық есептілікке ашылымдарда мынадай ақпарат ұсынылуы тиіс.

«Қысқа жəне ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» деген бап бойынша (1 

«Бухгалтерлік баланс» нысанының 011, 110-жолдары):түсіндірме жазбаның 1 

жəне 4-кестелеріне сəйкес есепті кезеңнің басында жəне аяғында өзгерістерді 

ұсыну («Түсіндірме жазба» 5-нысаны).

«Қысқа  жəне ұзақ  мерзімді  дебиторлық  берешек» деген бап бойынша (1 

«Бухгалтерлік баланс» нысанының  012, 013, 014, 015, 016, 017, 018, 019, 021, 

022, 111, 112, 113-жолдары):




426

«Қорлар»  деген  бап  бойынша (1 «Бухгалтерлік  баланс»  нысанының 

020-жолы):  түсімдер,  қорлардың  құнсыздануынан  болған  залал  жəне  өзге 

өзгерістері түсіндірме жазбаның  («Түсіндірме жазба» 5-нысаны) 3-кестесіне 

сəйкес көрініс табатын баланстық құн салыстырмасын есепті кезеңнің басын-

да жəне аяғында ұсыну;

«Ұзақ  мерзімді  активтер»  деген  бап  бойынша (1 «Бухгалтерлік  баланс» 

нысанының 114, 116, 118, 119-жолдары): ұзақ мерзімді активтердің əрбір сы-

ныбы бойынша түсімдер, амортизация, құнсызданудан болған залал жəне өзге 

өзгерістері  түсіндірме  жазбаның    («Түсіндірме  жазба» 5-нысаны) 5, 6 жəне 

8-кестелеріне  сəйкес  көрініс  табатын  баланстық  құн  салыстырмасын  есепті 

кезеңнің басында жəне аяғында;

«Аяқталмаған  құрылыс  жəне  күрделі  салымдар»  деген  бап  бойынша 

(1 «Бухгалтерлік  баланс»  нысанының 115-жолы)  құрылысы  аяқталмаған 

нысандардың    шығындары  мен  оған  күрделі  салымдар  бойынша  ақпарат 

ұсынылуы тиіс. 

«Биологиялық  активтер»  деген  бап  бойынша (1 «Бухгалтерлік  баланс»   

нысанының 117-жолы): 

«Ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» деген бап 

бойынша (1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 210 жəне 310-жолдары).

«Қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» деген бап бо-

йынша (1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 

218, 219, 220, 221, 223, 311, 312, 313, 315-жолдары).

«Резервтер» деген бап бойынша (1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының  413-

жолы)  егер  ұзақ  мерзімді  активтер  бухгалтерлік  баланста  қайта  бағаланған 

құнымен ұсынылған болса, ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаудан болған 

резервтер бойынша қалдықтар мен операциялар туралы ақпарат ұсынылады.

«Кірістер»  жəне  «Шығыстар»  деген  баптар  бойынша (1 «Бухгалтерлік 

баланс»  нысанының 100 жəне 200-жолдары):  активтерді  басқарудан  түсетін 

кірістер мен шығыстар бойынша инвестициялардан, қарыздардан, қаржылық 

жалдаудан  сыйақылар  жəне  активтерді  басқарудан  түсетін  өзге  кірістер  мен 

шығыстар бойынша ақпарат ұсынылсын.

«Өзге  кірістердің» баптары бойынша:

 

– ұзақ  мерзімді  активтердің  əрбір  сыныбы  бойынша – олардың    əділ 



құнының өзгеруінен алынған кірістер туралы;

 

– ақысыз қабылданған ұзақ мерзімді активтер туралы;



 

– түсіндірме жазбаның  («Түсіндірме жазба» 5-нысаны) 9-кестесіне сəйкес 

айыпты  тұлғалардың  жетіспеушіліктерді  өтеуінен  алынған  кірістер  мен  өзге 

кірістер.

«Өзге шығыстардың» деген баптары бойынша:

 

– ұзақ мерзімді активтердің əрбір сыныбы бойынша – активтерді түгендеу 



барысында айқындалған активтердің құнсыздануынан шыққан шығыстар ту-

ралы;



427

 

– күмəнді дебиторлық берешектер бойынша резервтер жөнінде;



 

– түсіндірме жазбаның («Түсіндірме жазба» 5-нысаны) 10-кестесіне сəйкес 

бұзылу мен зілзала апатынан жəне өзге шығыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет