Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


-сызба. Дəстүрлі шарттандыру теориясы



бет15/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146

4-сызба. Дəстүрлі шарттандыру теориясы



сызбасы кейін

5-сызба. Шартты рефлекстерді қалыптастыру үдерісі



сызбасына өңделеді. Мінез-құлықты қалыптастыру үдерісі шарт- ты рефлекстердің қалыптастыру үдерісіне ұласады (5-сызба).


Б. Скиннердің оперантты үйрену теориясы индивидттің мінез- құлық репертуарындағы реакцияны тез арада бекіту арқылы жаңа мінез-құлықты қалыптастыруға болады деп болжайды. Оның сыз- басы (6-сызба):


6-сызба. Оперантты үйрену теориясы



Оперантты үйретудің дəстүрлі үйретуден ерекшелігі қалаулы бейімді мінез-құлықты бекіту мақсатында жүйелі қадағалануында. Оперантты үйрету теориясы көптеген тəжірибелік еңбектердің, атап айтқанда бағдарламалап оқыту жəне мінез-құлық терапиясының бағдарламаларының құрастырылуына ықпал етті. Мінез-құлықты түрлендіру мақсатында терапияда жетондар əдісі кеңінен қолданылады. Ол бағдарлама түрмелерде, дəрігерлік ме- кемелерде, мектептерде, балалар бақшасында, яғни мүшелері толыққанды жүйелі қадағаланатын мекемелерде қолданылады.


А. Бандураның əлеуметтік үйрету теориясы жануарлар мен адамдарды үйретудегі ерекшеліктерге нұсқайды. Адамның үйренуі əлеуметтік еліктеу механизмі бойынша жүзеге асыры- лады. Егер жануарларда мінез-құлықтың жаңа түрі байқау мен қателесу жолымен қалыптасатын болса, адамда – мінез-құлықтың əлеуметтік моделін қайталау арқылы жасалады. Адам өзгелердің мінез-құлқын бақылау арқылы, олардың қателерінен сабақ ала- ды. Бандура ол тұрғыны балалардың агрессивтілігінің мысалы
арқылы дəлелдеді. АҚШ-та зорлық пен агрессияға толы фильмдер көрсетіле бастағанда, ондай өнімнің балаларға ықпалымен байла- нысты қоғамның мазасыздығын тудырды. Балалардың екі тобына басты кейіпкері агрессивтілік танытатын фильмдер көрсетіледі. Бір топ – соңында агрессор жазаланатынын, екінші топ – агрес- сор жеңіп шығатын фильмдерді көреді. Көрсетілімнің алдында балалар ойынының ерекшеліктерін, атап айтқанда агрессияның көрініс беру деңгейін тіркейді. Фильмнен кейін ойын бөлмесіндегі балалардың мінез-құлқын бақылауға алады. Агрессордың жеңіп шығатынын көрген балалар ойыншықтарға қатысты агрессивті мінез-құлық танытса, керісінше агрессиялық мінез-құлықтың жазаланатынын көрген балалар агрессия көрсеткен жоқ. А. Бандураның зерттеулері жаңа мінез-құлыққа үйрену үшін əлеуметтік модельдің рөлін айқын көрсетті. Ғалым жаңа мінез- құлыққа үйренудің төмендегідей кезеңдерін көрсетті: мінез-құлқы моделінің көрсетілуі, егжей-тегжейлі түсіндіру; баланың модельді қайталауы, жаңғыртуы; кері байланыс пен бекітудің дұрыстығын бағалау; жаттығулар.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет