Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



бет59/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары





  1. Пренаталды дамудың кезеңдеріне сипаттама.

  2. Ж. Пиаже теориясы бойынша ойлаудың дамуында биоло- гиялық жəне əлеуметтік факторлардың арақатынасының маңызы.

  3. Л. С. Выготскийдің нəрестенің дамуы ересектермен қарым- қатынасының нəтижесі деген пікіріне түсінік беру.

  4. Нəрестелік жастың кезеңдеріне психологиялық сипаттама.

  5. Нəрестелік кезеңдегі дағдарыстың сипаты.



Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)


тақырыптары

  1. Л. С. Выготский еңбектеріндегі жас мəселелері.

  2. Баланың психикалық дамуының заңдылықтары.

  3. Бала дамуындағы сензитивті кезеңдер.

  4. Нəрестенің дамуындағы сенсорлық эталондардың рөлі.

  5. «Жандану кешені» жəне оның компоненттері.

  6. Л. С. Выготский. «Ойлау жəне оның балалық шақтағы да- муы» еңбегіне талдау (Л. С. Выготский. Баланың жас ерекшеліктері жəне кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Ал- маты, 1999 ж. 34-52 беттер)



Реферат тақырыптары


1. Ж. Пиаже іліміндегі бала ойлауы мен сөйлеуінің проблема- сы (Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы «Тай- мас» баспа үйі, 2005 ж. 1-том. 373-423 беттер).


    1. Бөбек жасы


Жоспары:
  1. Бөбек кезеңінің сипаттамасы


  2. Бөбектің заттар мен əрекеттерді меңгеруі

  3. Баланың сөйлеу-тілінің дамуы

  4. Бір жастағы дағдарыс


  1. Бөбек кезеңінің сипаттамасы

Бөбек жасы 1-3 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңде бала дамуының əлеуметтік жағдайы өзгереді. Бөбек жасының басына қарай бала ересектен тəуелсіз болу ұмтылысына ие болып, ере- секпен байланысын сақтап қалады, өйткені оның көмегі, назары жəне бағасы қажет. Мұндай қарама-қайшылық бала мен ересектің ынтымақтастығын немесе біріккен іс-əрекетін білдіретін бала дамуының жаңа əлеуметтік жағдайында шешімін табады.


Баланың жетекші іс-əрекеті де өзгеріп, оның заттарды əлеуметтік құралдар ретінде меңгеруіне бағытталған заттық- манипулятивті іс-əрекет түріне ұласады. Егер нəресте затпен əрекет ету тəсілін жəне оның қызметін айыра білмесе, екі жастағы баланың ересекпен зат арқылы қызметтестігінің мазмұны заттар- ды пайдаланудың қоғамдық тəсілдерін меңгереді. Ересек баланың қолына затты беріп қана қоймай, затпен бірге онымен əрекет ету тəсілін де меңгереді. Мұндай ынтымақтасқан қарым-қатынас жетекші іс-əрекет болудан қалады, ол заттарды қолданудың қоғамдық тəсілдерін меңгеру құралына айналады.
Бөбек жасына тəн жағдаяттық-іскер қарым-қатынас оның ересекпен ынтымақтастығына деген қажеттілігіне жауап береді. М. И. Лисина баланың ынтымақтастыққа мұқтаждығының негізгі төрт белгісін көрсетеді:

  • өз іс-əрекетіне назар аудартуға тырысады;

  • өз жетістіктерінің бағаланғанын қалайды;

  • сəтсіздіктерде жəрдем сұрайды;

  • «таза» мейірімді өз жетістіктерінің мақұлдануы ретінде шын көңілмен қабылдағанымен, бас тартуға тырысады.

Бөбек жасында баланың психикалық дамуы қауырт дамиды, оның негізгі компоненттері төмендегідей:



  1. заттық іс-əрекет жəне ересекпен іскер қарым-қатынас;

  2. белсенді сөйлеу;

  3. ерікті мінез-құлық;

  4. құрдастарымен араласу қажеттілігінің қалыптасуы;

  5. символдық ойынның басталуы;

  6. сана-сезім жəне тəуелсіздік.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет