Особенности использования игровых технологий на уроках химии



Дата07.02.2023
өлшемі13,3 Kb.
#65828
түріСабақ
Байланысты:
Анатация




ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада білім алушылардың білім және білік дағдыларын дамыту, пәндік білімдерін бекіту, өздігінен білім алуға, көсбасшылық сияқты қасиеттерін дамытуға көмектесетін ойын технологияларын химия сабағында қолдану әдістемесі талқыланады. Зерттеудің мақсаты - таңдалған оқу орны жағдайында мектеп химия курсын оқып үйренуде ойын технологияларын қолдану. Білім алушылардың химия сабақтарында ойын технологиясының элементтерін қолдану кезіндегі ең алғашқы нәтижесі – білім алушылардың топта бір-бірімен жұмыс істеу және қарым қатынасқа түсу деңгейі жоғарлылады. Келесі маңызды нәтиже білім алушылардың өтілген тақырыптарындағы білімдерін бекітіп, жаңа сабақпен байланыстыра алуы. Ең маңызды нәтижелердің бірі – балалардың жеке қасиеттерін, ең алдымен есте сақтау, зейін және ойлаудың бір жерге шоғырландыру болды. Білім алушылар ойын технологияларын қолданған кезде, мұғалім үшін эмационалдылық, диагностика жасау, кері байланыс, өзін - өзі басқару функцияларын орындайды. Сонымен қатар, оқушылардың білім деңгейі мен пәндік білімді игеру қабілеттерін талдауға, танымдық әрекеттерді ынталандыруға және дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, пәнге қызығушылықтарын, олардың жеке қасиеттерін жақсартуға жағдай жасайды.
Кілт сөздер: химия пәні, ойын технологиясы, сынып мәдениеті, дидактикалық ойын, ойын түрлері, ойын функциялары, оқытудың эффективтілігі
ОСОБЕННОСТИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ИГРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ НА УРОКАХ ХИМИИ
В статье рассматривается методика использования игровых технологий на уроке химии, которые помогают учащимся развивать свои знания и умения, закреплять предметные знания, развивать самообразование, лидерские качества. Цель исследования - использование игровых технологий при изучении школьного курса химии в выбранном учебном заведении. Первым результатом использования учащимися элементов игровой технологии на уроках химии является повышение уровня работы учащихся и общения в группе. Следующим важным результатом является способность учащихся закреплять свои знания по предыдущим темам и связывать их с новыми уроками. Одним из важнейших результатов явилось закрепление у детей личностных качеств, прежде всего памяти, внимания и мышления. При использовании учащимися игровых технологий они выполняют для учителя функции эмоциональности, диагностики, обратной связи, самоуправления. Кроме того, он не только дает возможность анализировать уровень образованности и способности усвоения предметных знаний учащихся, стимулировать и развивать познавательную деятельность, но и повышать их интерес к предмету и их личностные качества.
Ключевые слова: химия, игровая технология, классная культура, дидактическая игра, виды игр, игровые функции, эффективность обучения.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет