Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


ХІІІ ТАРАУ СПОРТТЫҚ  ІРІКТЕУДІҢ ЖƏНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет38/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47

ХІІІ ТАРАУ

СПОРТТЫҚ  ІРІКТЕУДІҢ ЖƏНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жаттықтыру  тиімділігі  сол  адам  үшін  дене  жаттығуларының  

оның  туа  біткен  жəне  жүре  пайда  болған  ерекшіліктерімен  бара-

бар  келуімен  айтарлықтай  анықталады.  Мұны  спорттық  іріктеу 

үдерісінде ескеру қажет. 

Жаттығу  үдерісінде  спортшы  организмінің    түрлі  мүшелері 

мен  жүйелерінің  күйін  зерттейтін  əртүрлі  бақылаудың  түрлерін 

қолданады:

1.  Оперативті  (жедел)  немесе  ағымдағы  бақылау – жүректің 

жиы-рылу жиілігі (ЖЖЖ), «Өзін-өзі сезіну-Белсенділік-Көңіл күй» 

(ӨБК) тесті, тактикалық тапсырмаларды шешу қабілеті, зейін күйі 

жəне т.б. барынша вариативті көрсеткіштер бойынша орындалатын 

дене  жүктемелеріне  спортшы  организмінің  күнделікті  реакциясын 

көрсетеді; 

2.  Сатылы  бақылау – оттегіні  максималды  пайдалану  (ОМП), 

максималды  анаэробты  қуаттылық,  Гарвард  степ-тест  индексі 

(ГСТИ), уақыт интервалдарын бағалау жəне т.б. азырақ динамикалы 

көрсеткіштерді қолдана отырып, жылына 5-6 рет өткізіледі;

3.  Тереңдетілген  медициналық  тексеру – тұлғалық  сипатта-

маларын  тестілеу,  психологиялық-физиологиялық  көрсеткіштер, 

жоғары  жүйке  қызметінің  жеке  дара-типологиялық  ерекшеліктері 

сынды жеткілікті консервативті көрсеткіштер мен бірнеше күрделі 

медициналық тексеру арқылы жылына 1 рет өткізіледі.  

Спорттық іріктеу мəселесінің физиологиялық жəне 

генетикалық қырлары

Халықтың дене тəрбиесі бойынша атқарылатын шаралардың ара-

сында спорттық іріктеу мен спорттық бағдарлаудың маңызы зор. Бұл 

үдерістердің  өзіндік  айырмашылықтары  бар.  Спорттық  бағдарлау 

үдерісінде  адамның  туа  біткен  қасиеттері  ескеріледі  де,  соған  ба-

рабар дене жаттығулары мен спорт түрлері таңдалып алынады. Ал 



416

спорттық  іріктеу  кезінде  айтулы  спортшылардың  жарыстардағы 

модельді  сипаттамалары  мен  аталмыш  спорт  түріне  тəн  спорттық 

маңызды сапалары анықталады да, одан соң туа пайда болған жəне 

тіршілік  барысында  дамитын  морфологиялық-физиологиялық  

ерекшеліктеріне сəйкес келетін адамдар таңдау мен іздеу іске асы-

рылады. 

Адамның 


жеке 

дара 


ерекшеліктерін 

педагогикалық, 

психологиялық  жəне  əлеуметтік  зерттеу  əдістерімен  қатар 

генетикалық  жəне  морфологиялық-физиологиялық  əдістер  де 

қолданылады.  Бұл əдіс адамның табиғи, туа біткен ерекшеліктерін 

ғана емес, тұлғаның қабілетін анықтайтын өмір барысында дамып 

отыратын  оның  жеке  дара  ерекшеліктері  кешенін  де  сипаттауға 

мүмкіндік береді. Алынған сипаттамалар спортшыны дайындаудың 

түрлі сатыларында  əртүрлі болу қажет, себебі көп жылдық жаттығу 

барысында  адам  организміне  қойылатын  талаптардың  да  өзгеріп 

отыруына  орай,  спорттық  іріктеу  көп  сатылы  үдерістен  тұрады. 

Мұнда  тек  бастапқы  көрсеткіштерді  ғана  емес,  басқа  да  көптеген 

көрсеткіштерді:

1.  Берілген  жүктемеге  спортшы  организмінің  жеке  дара 

реакцияларының динамикасын;

2.  Түрлі  дене  сапаларын  дамыту  үшін  жаттықтырушы  əсердің 

барынша тиімді келетін жас кезеңдерін;

3.  Белгілі бағыттылықта дене жаттығуларына бейімделудің жеке 

дара типін;

4.  Зерттелуші  организмнің  қызметтік  қорларының  мобилдену 

жылдамдығы мен қуаттылығын;

5.  Барлық  спорттық  шынықтыру  кешеніне  жедел  жəне  ұзақ 

мерзімдік бейімделудің көрінуі мен темпін ескеру қажет;

6.  Қазіргі  зерттеу  нəтижелері  көрсеткендей,  спорттық  маман-

дандыру  немесе  жарыс  стилінің  барабар  таңдалмауы  спорттық 

шеберліктің  өсуін  шұғыл  баяулатады  жəне  спорттық  жетістіктер 

деңгейін шектейді, сонымен қатар спортшы денсаулығына қатер ту-

дыратын фактор болып табылады. 

Соңғы  уақытта  жылдан-жылға  адам  организмі  құрылысы  мен 

қызметінің  көптеген  көрсеткіштеріне,  сонымен  бірге  оның  түрлі 

дене  сапаларының  даму  дəрежесіне  тұқым  қуалау  ықпалының 

маңызы  одан  əрі  айқындалып  келеді.  Оларды  жаттығу  үдерісін 

ұйымдастыру мен спорттық іріктеуде ескеру аса қажет болып бара-


417

ды.  Американдық  ғалымдардың  Ұлттық  баскетбол  қауымдастығы 

(ҰБҚ),  Ұлттық  футбол  лига  (ҰФЛ)  спортшылары  мен    АҚШ 

тұрғындарының орташа бой көрсеткіштеріне жүргізген зерттеулері 

бұл  көрсеткіш  эволюциясының  ХХ  ғасырдың  соңына  таман 

шыңына  жеткендігін  көрсететеді  (75-сурет).  Сонымен  қатар  бой 

ұзындығының  шұғылданатын  спорт    түрімен  тығыз  байланысты 

екендігі белгілі. 

Тұқымқуалаушылық – ата  тектерге  тəн  белгілерді  сақтаудағы 

тірі  организмдердің  ортақ  қасиеті,  яғни  организмдердің  өздерінің 

белгілерін  келесі  ұрпаққа  беру  қабілеті  болып  табылады.  Бұл 

құбылысқа қарама-қарсы өзгергіштік – организм мен сыртқы орта-

ның қарым-қатынасын көрсететін күрделі үдеріс;  тірі организмдердің 

өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта əсеріне байланысты жаңа 

белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін 

жоғалтуы.     



75-сурет. Жылдар барысындағы Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA), 

Ұлттық футбол лига (NFL) спортшылары мен  АҚШ (US) тұрғындарының 

орташа бой көрсеткіштері (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, Marion 

Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c American, 2013)

Генотип (ген жəне гр. typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің 

көбеюі кезінде ата-анадан берілетін жасушадағы барлық гендердің 

жиынтығы.  Ол  организмдегі  тұқымқуалаушылық  қасиеттің  негізі 

болып  есептеледі.  Ал  фенотип  (грек.  Phaіno-көріну  жəне  тип) – 



418

организмнің онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен 

қасиеттерінің жиынтығы. Фенотип организмнің тұқым қуалау негізі 

болып табылатын генотип пен сол организмнің дамуы жүріп жатқан 

қоршаған орта жағдайларының өзара əрекеттесуінен пайда болады. 

Сайып  келгенде,  организмнің  негізгі  қасиеттері  тұқымқуалаумен 

қатар  сыртқы  ортаның  (тамақтану,  климаттық  географиялық  жəне 

экологиялық жағдайлар, əлеуметтік орта, тəрбие ерекшеліктері жəне 

т.б.)  түрлі  факторларының  ықпалымен  де  анықталады.  Басқаша 

айтқанда, фенотип дегеніміз – генотип пен сыртқы орта ықпалының 

қосындысы. 

Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу белгілі бір генетикалық 

анализбен (генеалогиялық, цитогенетикалық, популяциялық, егіздік, 

биохимиялық жəне т.б. əдістермен) шектелумен сипатталады. 

Адамда белгілердің тұқым қуалауын зерттеу – өте күрделі үдеріс. 

Өйткені  адамның  генетикасын  зерттеуде  еркін  шағылыстырудың 

мүмкін  еместігі,  жыныстық  жағынан  кеш  пісіп-жетілуі,  ұрпақ 

санының  аз  жəне  хромосомалар  санының  көп  болуы  елеулі 

киындықтар  тудырады.  Жəне  адамда  экспериментте  мутация-

лар  алу,  организмнің  өсуі  мен  дамуы  барысына  қоршаған  орта 

жағдайларының  əсерін  қатаң  бақылауды  қамтамасыз  ету  мүмкін 

емес.  


Генетиканың негізгі əдістеріне келесілер жатады:

1.  Генеалогиялық  шежіре  əдісі.  Бұл  əдіс  бойынша  туыстық 

қатынастарды, туыстар арасындағы аурулардың бірнеше ұрпақ бойы 

тұқым қуалау сипатын, оның шыққан тегіне шежіре құрастыру аркы-

лы зерттеп анықтайды. Шежіре əдісінің негізгі мақсаты – жиналған 

деректер  бойынша  шежіре  үлгісін  құрастыру  жəне  оны  талдау. 

Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды. Оның 

іні-қарындастарын сибстер деп белгілейді.

2.  Цитогенетикалық  əдіс  хромосомаларды  (хромосома,  ДНҚ 

ерекшеліктерін) микроскоп арқылы зерттеуге негізделген. 

3.  Популяциялық-статистикалық  əдіс  жеке  адамның  генотипі 

емес, популяциядағы қандай да бір аллельді тасымалдап жеткізуші-

нің мөлшерін жəне əр алуан генотиптердің пайыздық арақатынасын 

айқындауды зерттейді. Яғни, генофонд құрылымын анықтайды. Ге-

нофонд  (тектік  қор) – генотиптердің  белгілі  жиілігін  сипаттайтын 

барлық гендер популяциясының жиынтығы

4. Егіздік əдісті егіздерде түрлі белгілерді салыстыруға негіздел-


419

ген. Бұл əдісті адамның тұқымқуалаушылық қасиеті мен сыртқы орта 

жағдайын,  белгілердің  дамуындағы  айырмашылықтарды  зерттеу 

үшін пайдаланады. Организмдердің барлық белгілері мен қасиеттері 

екі фактор генотип пен ортаның өзара əсерінен қалыптасатындығы 

белгілі. 

5.  Иммунологиялық  əдіс  қан  тобы  мен  резус-фактордың 

тұқымқуалауын  зерттеу  негізде  пайда  болды.  Алайда,  қазіргі  кез-

де  бұл  əдістер  организм  иммунды  реакцияларының  тұқым  қуалау 

типтерін зерттеуге қолданылады.

6. Биохимиялық əдіс арқылы кейбір тұқым қуалайтын аурулар-

дың зат алмасу үдерісінің бұзылуынан болатынын анықтайды.

Тұқымқуалаудың  қарапайым  сандық  көрсеткіштерінің  бірі 

организмнің  жалпы  дамуында  генетикалық  үлесін  анықтайтын –  

Хольцингер  коэффициенті  болып  табылады.  Егер  Н=1.0  болса,  ол 

зерттелетін көрсеткіштің толығымен генотипке байланысты, Н > 0.7 

болса, генетикалық ықпалдың өте жоғары (70% жəне одан да көп), 

тек аз ғана бөлігінің орта ықпалына байланысты екендігін көрсетеді. 

Неғұрлым бұл коэффициент аз болған сайын, соғұрлым белгілерге 

сыртқы ортаның ықпалы көп дегенді білдіреді. 



Адамның морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен 

дене сапаларына тұқымқуалаушылықтың ықпалы

Адам  организмінің  түрлі  морфологиялық-физиологиялық 

көрсеткіштерінің  тұқым  қуалау  дəрежесін  зерттеу  оларға 

генетикалық ықпалдың аса сан алуан болатындығын көрсетті. Олар 

байқалу мерзімі, əсер ету дəрежесі жəне көрінудің тұрақтылығы бо-

йынша ерекшеленеді. Неғұрлым организм белгілеріне тұқым қуалау 

ықпалы  жиірек  байқалса,  соғұрлым  іріктеу  кезінде  оларды  есепке 

алу көбірек болу қажет. 



Морфологиялық-физиологиялық 

ерекшеліктердің 

тұқымқуалауы.  В.  Б.  Шварц (1991) мəліметтері  бойын-

ша  тұқымқуалаушылықтың  ең  көп  берілуі  адам  организмінің 

морфологиялық  көрсеткіштеріне,  аз  берілуі  физиологиялық 

көрсеткіштерге,  ал  ең  аз  берілуі  психологиялық  белгілерге  тəн 

екендігі анықталған. 

Морфологиялық  белгілер  арасында  тұқымқуалаушылықтың 



420

барынша  мол  ықпалы  дененің  бой  мөлшеріне,  аз  ықпалы 

көлемдік  мөлшерге,  ал  одан  да  аз  əсері  дене  құрамына  болады. 

Тұқымқуалаушылық  коэффициентінің  мөлшері  сүйек  ұлпалары 

үшін  едəуір  жоғары,  бұлшық  етке  азырақ,  ал  май  ұлпалары  үшін 

ең төмен мəнге тең. Əйел организмінің тері асты клетчаткасы үшін 

оның мəні тіптен, төмен болады (Б. А. Никитюк).

Функциялық  көрсеткіштер  үшін  көптеген  физиологиялық 

параметрлердің  айтарлықтай  генетикалық  берілуі,  олардың  ара-

сында  əсіресе,  организмнің  метаболизмдік  сипаттамасы,  аэробты 

жəне  анаэробты  мүмкіндіктері,  бұлшық  еттегі  жылдам  жəне  баяу 

талшықтардың пайызы, жүректің көлемі мен мөлшері, ЭКГ сипат-

тамасы, тыныштық күйдегі систолалық жəне минуттық қан көлемі, 

дене жүктемелері кезіндегі ЖЖЖ, артериялық қан қысымы, өкпенің 

тіршілік  сыйымдылығы  (ӨТС),  тыныс  жиілігі  мен  тереңдігі,  ты-

ныс  алудың  минуттық  көлемі,  дем  алғанда  жəне  шығарғанда  ты-

нысты кідіру ұзақтығы, альвеолалық ауа мен қандағы О

2

  мен СО



2

  

парциалдық қысымы, қандағы холестерин мөлшері, эритроциттердің 



тұну жылдамдығы, АВО қан тобы, иммундық статус, гормондық күй 

жəне т.б. көрсеткіштер тəн. 

Көптеген  психологиялық,  психофизиологиялық,  нейродина-

микалық, сенсомоторлық көрсеткіштер, сенсорлық (сезім) жүйелері 

сипаттамалары  да  жəне  үлкен  ми  сыңарлары  қыртысы  электрлік 

белсенділігі (ЭЭГ) көрсеткіштерінің көп бөлігі, ақпараттың өңделу 

жылдамдығы, мидың өткізу қабілеті, зерделілік (интеллектуалдық) 

коэффициенті,  сенсорлық  жүйелердің  сезімталдығы  табалдырығы, 

түс ажырату мен оның кемістері (дальтонизм), қалыпты жəне алыс-

тан  көргіштік  рефракция,  жүйке  жүйесінің  типтік  ерекшеліктері, 

темперамент  белгілері,  ми  жарты  шарларының  доминанттылығы, 

моторлық жəне сенсорлық ассимметрия жəне т.б. қатаң генетикалық 

бақылауда болады. 

Көптеген  мінез-құлық  актілері  тұтас  гендер  кешенімен 

анықталады.  Неғұрлым  адамның  мінез-құлқы  күрделірек  кел-

ген  сайын,  соғұрлым  генотип  ықпалы  азырақ  байқалады,  ал 

қоршаған орта рөлі басымырақ келеді. Неғұрлым  күрделірек қимыл 

дағдыларына  қарағанда,  барынша  қарапайым  қимыл  дағдылары 

үшін тұқымқуалаушылық жоғары болады. 

Адамның өмірлік тəжірибесі мен білімі артқан сайын генотиптің 

салыстырмалы рөлі оның тіршілік ету барысында төмендей береді. 


421

Белгілердің  жыныс  бойынша  тұқымқуалауында  кейбір 

айырмашылықтар  байқалған.  Мəселен,  ер  адамдарда  көп  ша-

мада  солақайлық,  дальтонизм,  жүректің  көлемі  мен  мөлшері 

көрсеткіштері, артериялық қан қысымы,  ЭКГ, қандағы холестерин 

мен липидтердің мөлшері, саусақ таңбаларының сипаты, жыныстық 

даму ерекшеліктері, сандық жəне кеңістіктік тапсырмаларды шешу 

қабілеті, жаңа жағдайларда бағдарлау сынды қасиеттері тұқым қуа-

лай беріледі. Əйел адамдарда көп дəрежеде дене салмағы мен бойы, 

моторлық сөйлеудің басталу мерзімі мен дамуы, ми жарты шарлары 

қызметінде симметрияның көрінуі генетикалық бағдарламаланған. 

Дене сапаларының тұқымқуалауы

Түрлі дене сапаларына тұқым қуалау ықпалы бір типті емес. Олар 

генетикалық тəуелділіктің түрлі дəрежелерінде көрініс береді жəне 

онтогенездің əртүрлі кезеңдерінде байқалады. Ең жоғары дəрежеде 

генетикалық  бақылауға  бірінші  кезекте  жүйке  жүйесінің  ерекше 

қасиеттерін, яғни жоғары лабилділік (қозудың өту жылдамдығы) пен 

жүйке үдерістерінің қозғалғыштығын немесе ширақтығын (қозудың 

тежелуге алмасуы жəне керісінше) талап ететін жылдам қозғалыстар, 

сонымен қатар организмнің анаэробтық мүмкіндіктерін дамуы мен 

қаңқа  бұлшық  еттерінде  жылдам  талшықтардың  болуы  қасиеттері 

ұшырайды. 

Жай жəне күрделі  қимыл реакцияларының уақыты, қозғалыстың 

максималды темпі, жекеленген қимыл актілері жылдамдығы (соққы, 

секіру,  лақтыру)  арқылы  көрініс  беретін  шапшаңдық  сапасы  үшін 

тұқымқуалаушылықтың  жоғары  көрсеткіштері  тəн  болған.  Егіздік 

жəне  генеалогиялық  шежіре  əдісі  арқылы  қысқа  арақашықтыққа 

жүгіру,  теппинг-тест,  максималды  темпте  қысқа  уақытта  велоэр-

гометр  тебу,  орнында  тұрып  секіру  жəне  т.б.  жылдамдықты  жəне 

жылдамдықты-күштік  жаттығулардың  туа  біткен  қасиеттермен 

(Н=0,70-0,90)  аса  тəуелділікте  болатындығы  дəлелденген.   Соны-

мен  қатар  иілгіштік  (икемділік)  дене  сапасының  да  тұқым  қуалау 

коэффициенті  жоғары болған. 

Генетикалық  ықпалдың  аз  дəрежесі  абсолюттік  бұлшық  ет 

күші  көрсеткіштері  үшін  тəн.  Мысалы,  оң  қолдың  динамометрлік 

көрсеткіштері  үшін  тұқым  қуалау  коэффициенті  Н=0,61,  сол  қол 

үшін Н=0,59, сонымен қатар уақыт көрсеткіштері ретінде қарапайым 

қимыл  реакциясы  үшін  Н=0,84,  күрделі  қимыл  реакциялары  үшін 

Н=0,80 болған. 



422

Тұқымқуалаушылықтың  ең  аз  дəрежесі  ұзақ  циклдік  жұмысқа 

төзімділік  жəне  ептілік  сапасы  (үйреншікті  емес  жағдайларда 

жаңа қимыл актілерін қалыптастыру қабілеті мен координациялық 

мүмкіндіктер) көрсеткіштері бойынша байқалады. 

Басқаша айтқанда, ең көп жаттықтыруға «көнетін» дене сапала-

ры  ептілік  пен  жалпы  төзімділік,  ал  ең  аз  жаттығуға  «көндігетін» 

шапшаңдық  пен  иілгіштік  болып  табылады.  Күш  сапасы  ор-

таша  «көндігеді».  Бұл  Н.  В.  Зимкиннің  көп  жылдық  спорттық 

жаттықтыру үдерісінде түрлі дене сапаларының өсімі дəрежесі ту-

ралы  мəліметтерімен  дəлелденген.  Мəселен,  шапшаңдық  сапасы 

көрсеткіштері (спринтерлік жүгіруде, 25 жəне 50 м жүзуде) 1,5-2 есе, 

жергілікті бұлшық ет топтарымен орындалатын жұмыс кезінде күш 

сапасы  3,5-3,7 есе ұлғайса, 75-150%-дық ауқымды жұмыс кезінде 

төзімділік сапасы ондаған есеге артқан. 

Генетикалық ықпалдардың көрініс табуы жасқа да байланысты. 

Олар егде тарта бастаған жас кезеңдерімен салыстырғанда  жастық 

шақта (16-24 жаста) көбірек байқалады. Генотип ықпалы, сонымен 

қатар жұмыс қуаттылығына да байланысты, яғни жұмыс қуаттылығы 

артқан сайын олар өсіп отырады.     

Тұқымқуалаушылықтың  адамның  дене  сапасы  қасиеттері  мен 

морфологиялық-физиологиялық  ерекшеліктеріне  ықпалы  онтоге-

нез кезеңдерімен байланысты болып келеді. Сыни жəне сенситивті 

кезеңдер болады. 

Сыни 

кезең 


қандай 

да 


бір 

организм 

белгілерінің                                                              

дамуын  бақылайтын  жекелеген  гендер  мен  олардың  кешендерінің 

жоғары  белсенділігімен  сипатталады.  Бұл  кезеңдерде  нəтижесінде 

организмнің  тіршілік  етуінің  жаңа  деңгейіне  бейімделуі  мен  оның 

сыртқы  ортамен  өзара  əрекеттесуі    мүмкіндігіне  əкелетін  ретте-

лу  үдерістерінде  айтарлықтай  қайта  құрылулар,  жеке  мүшелер 

мен  физиологиялық  жүйелер  дамуындағы  сапалық  жəне  сандық 

кенет  өзгерістер  орын  алады.  Мұндай  қайта  құрылулар  организм 

бостандығы  дəрежесінің  санын  ұлғайтады,  адам  мінез-құлығының 

жаңа көкжиектерін ашады. 

Сенситивті  кезеңдер – генетикалық  бақылаудың  төмендеу 

жəне  сыртқы  орта,  соның  ішінде  педагогикалық  пен  жаттықтыру 

ықпалдарына  организмнің  жекеленген  белгілерінің  сезімталдығы-

ның жоғары кезеңі. 

Сыни жəне сенситивті кезеңдер тек ішінара сəйкес келеді. Егер 


423

сыни кезеңдер өмірдің жаңа жағдайларына (мысалы, жасөспірімнің 

өтпелі кезеңі кезінде) организмнің тіршілік етуінің морфологиялық-

физиологиялық  негізін  құрса,  онда  сенситивті  кезеңдер  осы 

мүмкіндіктерді қоршаған ортаның жаңа жағдайларына, талаптары-

на сай организм жүйелерінің барабар қызмет етуін қамтамасыз ете 

отырып, жүзеге асырады.  

Дене  тəрбиесі  мен  спорт  саласындағы  жаттықтырушылар  мен 

педагогтар  үшін  сенситивті  кезеңдерді  білу  аса  маңызды,  мəселен 

сол бір дене жүктемесінің көлемі, жаттығу сабақтарының мөлшері, 

жабдықтарды  қолдану  жəне  т.б.  тек  сенситивті  кезеңде  ғана  басқа 

жас кезеңдерінде қол жетімді болмайтын ең жоғары жаттығу əсерін 

қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар  сенситивті  кезеңдерді  ескеру 

спортшының  дене  сапасының  ерекшеліктері  мен  организм  күйін 

дұрыс бағалау мақсатында спорттық іріктеу жүргізу кезінде де қажет. 

Түрлі 


дене 

сапалары 

үшін 

сенситивті 



кезеңдерге 

гетерохрондылық  тəн,  яғни  дене  сапалары  дамуы  бір  мезгілде 

жүрмейді.  Алайда,  олардың  басталу  мерзімдерінің  жеке  дара 

нұсқалары  бар  болғандықтан  орта  есеппен  жалпы  заңдылықтарды 

бөліп  көрсету  мүмкін  болады.  Мəселен,  шапшаңдық  сапасының 

түрлі көрсеткіштерінің сенситивті кезеңі 11-14 жаста байқалып, 15 

жаста ол максималды деңгейге жетеді. Осыған жуық көрініс онтоге-

незде ептілік пен иілгіштік сынды дене сапаларының көрінуінде де 

байқалады. 

Біраз  кейінірек  күш  сапасының  сенситивті  кезеңі  байқалады. 

Мектепке  дейінгі  жəне  бастауыш  мектеп  жасында  жылдан  жылға 

біраз артып отыратын күш өсімінің салыстырмалы қарқындарынан  

кейін 11-13 жаста  олардың  біраз  баяулауы  орын  алады.  Содан  соң 

бұлшық ет күші дамуының сенситивті кезеңі спорттық жаттықтыру 

кезінде  əсіресе,  күш  өсімі  маңыздырақ  болып  келетін 14-17 жас 

аралығында басталады. 18-20 жастағы бозбалаларда (қыз балалар-

дан 1-2 жас ертерек) негізгі бұлшық еттер күші максималды мəнге 

жетеді.  Төзімділіктің  сенситивті  кезеңі  шамамен, 15-20 жаста  бас-

талып,  осыдан  кейін  оның  максималды  көрінуі  мен  рекордтық 

жетістіктері стайерлік арақашықтықта жүгіру, жүзу, ескек есу, шаңғы 

жарысы  жəне басқа да төзімділікті қажет ететін спорт түрлерінде  

байқалады. 



424

Спорттық іріктеуде адамның физиологиялық-генетикалық 

ерекшеліктерін ескеру

Адамның  морфологиялық-физиологиялық  ерекшеліктері  мен 

оның  дене  сапасына  тұқымқуалаушылықтың  қаншалықты  ықпал 

ететіндігін  білу  ең  көп  дəрежеде  генетикалық  бақылауда  болатын, 

яғни жаттықтыру барысында өзгеріске аз ұшырайтын жəне  барын-

ша  болжамалы  болып  табылатын    көрсеткіштерге  сүйене  отырып, 

спорттық іріктеуді жүргізуге мүмкіндік береді.  

Спорттық іріктеуде отбасылық тұқымқуалаушылықты ескеру     

Спорт  практикасында  отбасылық  тұқымқуалаушылықтың  рөлі 

белгілі. Спорттық дəрігер-физиолог Пер-Олаф Астранд мəліметтері  

бойынша айтулы спортшылардың 50% жағдайда балалары айрықша 

спорттық  қабілеттілікке  ие  келеді.  Көптеген  ағайындылар  спорт-

та  жоғары  нəтижелер  көрсеткен.  Автор  мысалға,  Дерюгиндер 

отбасындағы анасы мен қызын, ағайынды Знаменский, апалы-сіңілі 

Пресс  жəне  т.б.-ды  көрсеткен.  Егер  ата-анасының  екеуі  де  айтулы 

спортшылар  болса,  онда  олардың  балалары  жоғары  нəтижелерге 

70% жағдайда қол жеткізуі мүмкін. 

Теппинг-тест  орындау  жылдамдығы  көрсеткіштері  бойынша 

зерттеулер  нəтижелері  келесідей  болған:  егер  екі  ата-ана  да  теп-

пинг тест бойынша «жылдамдар» тобына жатса, онда мұндай ата-

аналардан дүниеге келген балалар  арасында «баяуларға» (тек 4%) 

қарағанда  «жылдамдар»  айтарлықтай  көп (56%) болған.  Егер  ата-

ананың  екеуі  де  «баяуға»  жатса,  онда  балаларының 71%-ы  «баяу-

лар» басым болып, ал қалғандары (29%) «орташа» болған. 

Отбасы  ішілік  ұқсастықтар  жаттығу  сипатымен,  популя-

ция  ерекшеліктерімен,  отбасында  баланың  дүниеге  келу  ретімен 

тəуелділікте болған. 

Отбасы  ішілік  барынша  өзара  тығыз  байланыс  жоғары 

жылдамдықты  циклдік  жəне  жылдамдықты-күштік  жаттығулар 

үшін  тəн.  Дəстүр  бойынша  таңдаулы  əулеттің  балалары  оқитын 

ағылшын  жабық  колледждері  мұрағаттарын  зерттеу  нəтижелері 12 

жаста  балалар  мен  олардың  ата-аналарының  қимыл  қабілеттерінің 

белгілі  бір  ұқсастықтарын  көрсеткен.  Кейбір  морфологиялық 

белгілер мен жылдамдықты-күштік жаттығуларға тəн нақтылы кор-

реляция байқалған, мысалы, адам бойы бойынша (r = 0,50), 50 ярдқа 

(ағылшын өлшем жүйесіндегі ұзындық өлшемі: 1 ярд = 3 фут = 91, 


425

44 см) жүгіру бойынша (r = 0,48), орнында тұрып ұзындыққа секіру 

бойынша (r = 0,78) анықталған.  Алайда,  теннис  добын  лақтыру, 

гимнастикалық 

жаттығулар 

сынды 


күрделі-координациялық 

қозғалыстар үшін корреляция тəн болмаған. 

Организмнің  түрлі  қызметтерінің  көптеген  отбасылық 

ерекшеліктері зерттелінген. 

Ересек  стайер-желаяқтарында  оттегі  жетіспеушілігі  (гипоксия) 

мен көмір қышқыл газының артық мөлшеріне (гиперкапнияға) жа-

уап  ретінде  туындаған  өкпелік  вентиляция  өзгерістеріне  зерттеу 

жүргізу тыныс алу реакцияларының мықты спорттық дене бітімі тəн 

ұзақ  арақашықтыққа  жүгіретін  желаяқтар  мен  олардың  спортпен 

шұғылданбайтын туысқандарында бірдей болатындығын көрсеткен.   

Бұл  ретте  олардың  спортпен  айналыспайтын  тұлғалардан  тұратын 

бақылау  топтарындағы  өкпелік  вентиляцияның  неғұрлым  жоғары 

өзгерістерінен нақтылы айырмашылықтары болған (Scoggin С. Н. et 

al).


Отбасы  ішілік  зерттеудің  кейбір  қарама-қайшы  мəліметтері 

морфологиялық  белгілер  генетикасын  популяциялық  ерекшеліктер 

ықпалымен  түсіндіреді  (Л.  П.  Сергиенко 1987). Мəселен  əртүрлі 

популяциядағы адам бойы ұзындығына отбасы ішілік генетикалық 

ықпалдың  көрінуі  түрліше  болған.  Мысалы,  америкалық  попу-

ляцияда  ең  жоғары  өзара  байланыс  анасы-қызы  жұбы  арасын-

да  айқындалса,  одан  соң  оның  төмендеуі  анасы-ұлы,  əкесі-ұлы, 

əкесі-қызы  жұптарында  байқалған.  Ал  африкалық  популяцияда 

корреляцияның төмендеуі басқадай (əкесі-ұлы жұбынан, анасы-ұлы, 

анасы-қызы, əкесі-қызы жұбына дейін) реттілікпен көрінген.  

Ақыл-ой  қабілетіне  қатысты  (интеллектуалдық  коэффициент 

көрсеткіші  бойынша)  отбасы  ішілік  өзара  байланысты  британдық 

ғалым-психолог Ганс Юрген Айзенк (1989) айтқан болатын. Ақыл-

ой операцияларын жүзеге асыру жылдамдығы мен интеллектуалдық 

проблемаларды шешу бойынша асыранды балалардың  көрсеткіш-

тері олардың асырап алған ата-аналарының емес, биологиялық ата-

аналарының  ақыл-ой  қабілеттерімен  сəйкес  келген.  Бұл  деректер 

аталмыш қабілеттің тұқым қуалайтындығын көрсетеді.  

Немере қарындас пен ағалар арасындағы, яғни туыстық некелерді 

талдау нəтижесі жақын туыстар отбасыларында генетикалық əсердің 

терістігін дəлелдейді. Ерте заманнан бастап-ақ, біздің ата-бабалары-

мыз туыстық некеге рұқсат бермеген. Генетикалық зерттеулер жеті 



426

атадан  кейінгі  ұрпақта  мутантты  гендердің  əсері  байқалмайтынын 

көрсетеді.  Сондықтан  біздің  бабаларымыз  жеті  атадан  соң  кейбір 

ағайындар арасында қыз алысуға рұқсат еткені белгілі. Бұл құбылыс 

шығыс халықтарының ішінде еврейлерде, Өзбекстанның кейбір ау-

дандарында, жапондықтарда кездеседі. Өз шежіресін білу туыстар 

арасындағы  жақындықты,  бауырлар  арасындағы  сүйіспеншілікті, 

ата-баба,  апа-əжелерді  есте  сақтауға  көмектесіп,  туыстық  некенің 

болуын  азайтады.  Неміс,  еврей  жəне  ағылшындар  отбасылары  өз 

шежіресін болашақ ұрпаққа қалдырып отырады екен. 

Адамның  спорттық  қабілеттерін  анықтайтын  көптеген 

морфологиялық-физиологиялық  (адам  бойы  мен  аяқ-қолдары 

ұзындығы,  жүрек  пен  өкпе  мөлшері  мен  көлемі,  ақыл-ой  қабілеті, 

кеңістікті  қабылдау,  түсті,  дыбысты,  сөзді  ажырату  қабілеті  жəне 

көптеген басқа да) белгілер генетикалық тəуелділікте болады жəне 

ата-аналарынан тұқым қуалай беріледі. 

Л.  П.  Сергиенко (1993) жоғары  санаттағы  спортшылар-

дан  тұратын 163 отбасын  зерттей  отырып,  адамның  спорттық 

қабілеттерінің тұқымқуалауына арнайы талдау жүргізген. Олардың 

ішінде 15 спорт шебері, 120 халықаралық санаттағы спорт шебері, 

28  еңбек  сіңірген  спорт  шеберлері – Олимпиадалық  ойындардың 

жеңімпаздары, əлем, Еуропа, КСРО біріншіліктерінің жеңімпаздары 

мен жүлдегерлері болған. 

Көбіне  жоғары  жетістіктер (66.26%) балалар-ата-аналар  ара-

сында  жақын  ұрпақтарда  жиі  байқалған.  Мұнда  тұқымқуалаудың 

рецессивті типі жағдайындағыдай ұрпақтарда «үзу» болмаған. Осы-

дан тұқымқуалаудың доминантты типі тəн деп болжам жасалынған. 

Айтулы  спортшылардың  аға-қарындастары,  ата-аналарында 

қозғалыс  белсенділігі  қарапайым  популяциядағы  адамдарға  тəн 

деңгейден  жоғары  болатындығы  анықталған.  Дене  еңбегі  неме-

се  спортпен 48,7% ата-ана  шұғылданған,  соның  ішінде  аналарға 

(18,99%)  қарағанда  əкелер (29,71%) көбірек  айналысса,  ал  апа-

қарындастарына (42,05%) қарағанда  аға-бауырлары (79,41%) 

неғұрлым белсендірек болған. 

Спортшы-ер  адамдардың  аналарының  спортпен  шұғылданып, 

ал  əкелері  спортпен  айналыспаған  бірде-бір  жағдай  болмаған.  Ай-

тулы спортшылардың əйел жыныстыларға қарағанда еркек жыныс-

ты туыстары едəуір көп болған. Ер адамның еркек жынысты туыс-

тары əйел адамның əйел жынысты туыстарына қарағанда барынша 

жоғары спорттық біліктілікке ие. 



427

Сонымен, 

спортшы-ер 

адамдардың 

қимыл 

қабілеттері 



генетикалық əке жақтан берілетіні сөзсіз. 

Спортшы-əйел  адамдардың  бұдан  айырмашылығы  олардың 

спорттық қабілеттері көбіне, анасы жақтан тұқым қуалай берілген. 

Айтулы  спортшылар  көбіне  екі (44,79%) немесе  үш  бала-

лы (21,47%)  отбасының  кенжелері  болған  (арнаулы  зерттеу-

лер  жүргізілмесе  де  қазақ  фольклорында  үш  ағайындылардың 

кенжелерінің ерекше,  дара болып келуі сирек кездеспейді).  

Спорттық  мамандандыру  таңдауда  отбасылық  ұқсастықтардың 

ерекше  заңдылықтары,  яғни    күреспен (85,71%), ауыр  атлетика-

мен (61,11%) жəне  сайыспен (55,0%) айналысуды  таңдауда  ең  көп 

ұқсастықтар, ал баскетбол, бокс (29,4%), акробатика (28,575) жəне 

волейбол (22,22%) сынды спорт түрлерін таңдауда ең аз ұқсастықтар 

орын алған. 

Спортшының жаттығу дəрежесін ескеру.

Адамның  мүддесі  мен  мүмкіндіктеріне  жауап  беретін  барабар 

спорт  түрін  таңдау  оның  жоғары  спорттық  жетістіктерге  жетуіне 

толық  кепілдік  бере  алмайды.  Спорттық  шеберліктің  өсуінде 

спортшының жаттығу дəрежесі немесе спорттық бапталуы деп ата-

латын, яғни жүйелі түрде жаттықтыру ықпалынан оның функциялық 

жəне  арнайы  спорттық  мүмкіндіктерін  жоғарылату  қабілеті 

айтарлықтай рөл атқарады. 

Спортшының жаттығу дəрежесі (немесе бапталуы):

1.  Көп  жылдық  спорттық  дайындық  үдерісінде  организмдегі 

түрлі белгілердің өсімі дəрежесі;

2.  Организмдегі  аталмыш  өзгерістердің  жылдамдығы  сияқты 

екі көрсеткіштің жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Спортшы  организмі  түрлі  көрсеткіштерінің  өсімі  дəрежесін 

қарастырайық.  Адамның  дене  сапалары  мен  функциялық  жеке 

көрсеткіштерінің  өзгергіштігі  шамасы  туа  пайда  болған  реак-

ция  қалыптарына  (норма),  яғни  жеке  дара  даму  жағдайы  мен 

сыртқы    орта  факторларының  өзгерістеріне  жауап  беретін,  бұл 

белгілерді    бақылауда  ұстайтын  гендер  қабілеттілігіне  байла-

нысты  (Түрлі  физиологиялық  қызметтер  деңгейін  анықтауда 

тұқымқуалаушылықтың рөлі 8-тарауда қарастырылған болатын).

Көрсеткіштердің  бір  тобына  реакцияның  тар  көлемді  нормала-

ры  тəн.  Олар  орташа  алғанда,  тіпті,  сыртқы  жағдайлардың  елеулі 

ауытқулары  кезінде  де,  соның  ішінде  ұзақ  уақыттық  жаттығу  ба-



428

рысында  да  айтарлықтай  өзгерістерге  ұшырай  қоймайды.  Оларға 

бой ұзындығы, қанның гомеостатикалық қасиеттері, қаңқа бұлшық 

еттеріндегі  бұлшық  ет  талшықтарының  құрамы,  жүйке  жүйесінің 

типтік  ерекшеліктері  жəне  т.б.  жатады.  Ал  басқа  көрсеткіштерге 

фенотипте  айтарлықтай  өзгерістердің  орын  алуымен  көрінетін 

реакцияның кең көлемді нормасы тəн. Оларға дене массасы, бұлшық 

еттегі  митохондрия  мөлшері,  сыртқы  тыныс  алу,  қан  айналым 

жүйесінің көптеген көрсеткіштері жəне т.б. 

Спорттық  іріктеу  кезінде  бірінші  кезекте  ең  жоғары  болжа-

малы  болатын,  себебі  жаттықтыру  үдерісінің  оларға  ықпалы  аз 

болатындықтан  аз  өзгерістерге  ұшырайтын  көрсеткіштерге  мəн 

беру қажет. Нақ осы көрсеткіштер жаттықтыру үдерісінде спорттық 

жетістіктерді лимиттейтін болады. 

Көптеген жылдар бойы жүйелі түрде спортпен айналысу немесе 

кəсіби шұғылдану барысында  адамның генетикалық ерекшеліктерін 

айқындайтын  мидың электрлік белсенділігі амплитудалық-жиілікті 

сипаттамалары – электроэнцефалограмма  (ЭЭГ)  еш  өзгеріске 

ұшырамайды.  Жеке  адамның  (индивид)  реакцияның  тар  көлемді 

нормалы бұл табиғи қасиеттерін бастапқы іріктеуде-ақ ескеру қажет. 

Мəселен,  шапшаңдық  сапасының  өте  жақсы  дамуы  талап  етілетін 

ситуациялық  (стандартты  емес-үзілістік)  спорт  түрлеріне  іріктеу 

кезінде ЭЭГ альфа-ырғағының жоғары жиілігі тəн тұлғаларға көңіл 

бөлу қажет (α Альфа-ырғақ немесе Бергер ырғағы – мидың 8-13 Гц 

жиіліктегі  жəне 50мкВ-ге  дейінгі  амплитудасы  болатын  жиынтық 

потенциалының тербелістері, ЭЭГ-де адамның сергек күйінде басым 

болып байқалатын тербелістер). Жоғары білікті баскетболшылардың 

ЭЭГ  зерттеу  оларда  бұл  тыныштық  ырғақтың  жиілігінің  секунды-

на 11-12 тең,  яғни  жоғары  екендігін,  ал  шаңғышы-жарыскерлерде 

бар  болғаны  секундына 9-10 тербелісті  құрағандығын  көрсеткен.  

Бұған қарама-қарсы спорттық жаттықтыру ықпалынан ми қыртысы 

потенциалдарының кеңістіктік-уақыттық қатынастары айтарлықтай 

өзгерістерге    ұшырайды.  Е.  Б.  Сологуб  жəне  əріптестерінің 

мəліметтері  бойынша  үлкен  ми  сыңарларының  қыртысында 

таңдаулы  спорт  түрлерінде  қалыптасқан  қимыл  дағдыларының 

ерекшеліктерін  бейнелейтін  өзара  байланысты  белсенділіктің  ар-

найы  жүйелері  пайда  болады.  Бұл  ерекшеліктер  спортшылардың 

функциялық дайындығы деңгейін көрсетеді жəне оларды іріктеудің 

жоғарырақ кезеңдерінде ескеру керек. 


429

Қаңқа  бұлшық  еттеріндегі  талшықтар  композициялары 

(құрамы)  маңызды  болжамалы  белгілердің  бірі  болып  табылады. 

Тұқымқуалаушылық коэффициенті баяу немесе жылдам талшықтар 

үшін  ер  адамдарда 0,99 жəне  əйелдерде 0,92 тең  екендігі  белгілі.  

Осыған  орай  адамда  спортпен  көпжылдық  шұғылдану  барысында 

оған  тəн  баяу  жəне  жылдам  бұлшық  ет  талшықтарының  санында 

өзгерістер болмайды. Сондықтан бұл көрсеткіш іріктеудің бастапқы 

сатыларында ескерілуі қажет көрсеткіштер қатарына жатқызылады. 

Санның  төрт  басты  бұлшық  еті  талшықтары  композицияларын 

зерттеу  нəтижелері  орта  есеппен  алғанда  адамдарда  І  типті  баяу 

(тотығатын)  талшықтардың  таралуы  аталмыш  бұлшық  еттегі 

барлық талшықтар санының 50-60%-ын құрайтындығын көрсеткен. 

Мысалы,  академиялық  есумен  ұзақ  уақыт  шұғылдану  барысында 

жеке  тұлғалардың  өздеріне  лайық  талшықтарының  арақатынасы 

өзгермейді. Ю. И. Афанасьев,  С. Л. Кузнецов мəліметтері бойынша 

біліктіліктері төмен (І санаттағы ересектер мен бозбалаларда) ескек 

есушілерде санның төрт басты бұлшық етіндегі баяу талшықтардың 

саны 44-82% құрайды жəне ол жоғары білікті спортшыларда (спорт 

шеберлігіне кандидат жəне спорт шеберлері) 47-73%-ға жуық бола-

ды. Осымен қатар баяу немесе жылдам талшықтардың айтарлықтай 

басым келуі тəн субпопуляциялар (халықтың аздаған тобы) да бар. 

«Ұлы стайерлер туа бітеді» дегендей баяу талшықтар басым келетін 

бірінші топтан болашақ стайерлерді, ал екінші топтан спринтерлерді 

(«Ұлы спринтерлер туа бітеді»)  іздеу қажет. 

Осы іспеттес организмнің аэробты мүмкіндіктеріне қатысты сол 

бір  көрсеткіш – ОМП  мөлшері  бойынша  реакцияның  кең  көлемді 

нормасы  мен  тар  көлемді  нормасы  тəн  жеке  тұлғалар  (индивид) 

да  бар.  Оларда  жаттығу  үдерісінде  бұл  көрсеткіш  өсімінің  орта-

ша популяциялық мəннен аса зор айырмашылығы болады. Əдетте, 

көпшілік  адамдарда  ОМП  өсімі  орта  есеппен  бастапқы  деңгейдің 

30%-ға  жуығын  құрайды.  Алайда,  канадалық  ғалымдардың 

(Bouchard  С  жəне  əріпт.)  егіздерді  зерттеу  нəтижелері  велоэрго-

метрде  бірдей  аэробты  жұмыстарды  орындау  кезінде  жаттығу 

дəрежесінің генетикалық тəуелділігін көрсетті. 

Жеке  адамдардың 5-10%-ын  құрайтын  бір  тобында  ОМП 

мөлшерінің  жоғарылауы 15 апталық  жаттығу  циклдері  ықпалынан 

60%-ға  жетсе,  ал  бақыланған  топтың  тек 4%-ынан  тұрған  басқа 

топ  өкілдерінде  сол  кезеңдегі  өсім 5%-дан  аспаған.  Бұл  жеке  дара 

ерекшеліктер туа біткен қасиет болып табылады. 



430

С.  Альварес  бойынша  көп  сатылы  іріктеу  үдерісінде  дене 

жүктемелеріне  жауап  берудің  гипокинетикалық  типі  (олар  шама-

мен, 21%-ға  жуық)  мен  гипокинетикалық  топпен  салыстырғанда 

неғұрлым  жоғары  жаттығу  əсерін  көрсететін  жауап  берудің 

гиперкинетикалық типін (26%) ажыратады.  

Л.  Р.  Кудашева (1997) мəліметтері  бойынша  да  осы  шамалас 

жоғары  дəрежеде  шыныққан  спортшылар  саны  да  аэробты  жəне 

анаэробты  мүмкіндіктері  жоғары  мобилденетін  жəне  ең  қуатты 

ситуациялық спорт түрлері өкілдері арасында байқалған.  Мысалы, 

волейболшылар  арасында – 10%, баскетболшылар – 18%, футбол-

шылар – 33% болған. 

Е. Б. Сологуб, 3. Ю. Бедрина жүргізген жоғары білікті баскетбол-

шыларда  тактикалық  ойлауды  зерттеу  тактикалық  тапсырмаларды 

шешуде ақпаратты қайта өңдеу қабілетінің ұлғаю дəрежесі бойынша 

спортшыларды 3 топқа жіктеуге мүмкіндік берген. 

1.  Жоғары  қабілетті  баскетболшылар  барлық  зерттелінген 

спортшылардың 30%-ын құраған. Олар 12 рет жүргізілген жаттығу 

сабақтарынан  кейін  мидың  өткізу  қабілетінің  өсімі  (С) 1,8 бит/с 

болған.  Мұнда,  ойын  кезінде  өткізу  қабілетінің  орта  есеппен 

бастапқы деңгейі С=2 бит/с;

2.  Барлық бақыланған спортшылардың 44%-ын құраған орташа 

деңгейлі баскетболшылар С=1.5 бит/с;

3.  Үйретудің төмен деңгейі тəн баскетболшыларда (26%) С=1,2 

бит/с болған. 

Тактикалық  міндеттерді  шешуде  жоғары  деңгей  тəн  спортшы 

баскетболшыларды  іріктеу  үшін  ақпараттық  психофизиологиялық 

көрсеткіштер анықталған. Олар өзін-өзі бағалаудың Спилбергер-Ха-

нин  шкаласы  бойынша  мазасыздықтың  төмен  деңгейімен,  өзін-өзі 

сезіну  мен  көңіл-күйін  бағалауда  сынның  жоғары  болуымен  жəне 

зейін концентрациясы мен таңдаудың жоғарылығымен сипатталады. 

Жоғарыдағы  мəліметтерді  саралай  келе,  морфологиялық-

физиологиялық көрсеткіштер мен спорттық жетістіктерінің орташа 

көрсеткіштері тəн болып келетін негізгі тұлғалармен қатар жаттығу 

кезінде бұл көрсеткіштер өсімінің жоғары немесе төмен деңгейіне 

ие тұлғалардан құралған топтар (10-30%) да бар деп тұжырымдауға 

болады.  Жоғары  жаттыққан  тұлғаларды  іздеу  спорттық  іріктеудің 

басты  міндеті  болып  табылады.  Бұл  міндетті  шешу  барысын-

да  əрбір  таңдаулы  спорт  түрі  үшін  ақпараттық  физиологиялық, 


431

морфологиялық,  психофизиологиялық  жəне  психологиялық  пара-

метрлер үлгісін жасау қажет. 

Таңдаулы  спорт  түріне  бейімделудің  даму  жылдамдығы 

мəселелері

Теплов-Небылицин  дифференциациялы  психология  мектебінде 

жүйке  үдерістерінің  күші,  қозғалғыштығы  жəне  лабилділігімен 

қатар  туа  біткен  маңызды  қасиеттердің  бірі – жүйке  жүйесінің 

біріншілік  қасиеті  ретінде  динамикалық  немесе  үйрету  қасиеті 

жайында  мағлұматтар  келтірілген  (В.  Д.  Небылицын 1963-1972). 

Үйрету  шартты  рефлекстердің  түзілу  жылдамдығы  ретінде 

түсіндірілген. 

П.  К.  Анохиннің  қызметтік  жүйе  туралы  ілімінің  дамуы 

үйрету  туралы  мағлұматтарды  өзгертті.  В.  М.  Русалова (1989) 

анықтамасы  бойынша  динамикалылық  немесе  үйрету – организм-

де  жаңа  қызметтік  жүйелердің  қалыптасу  шапшаңдығы.  Адапто-

логияда  спорттық  жаттығу  үдерісінде  жүктемелерге  спортшының 

физиологиялық  жүйелерінің  бейімделуі  жəне  оның  бейімделу 

жылдамдығының рөлі жайында мағлұматтар бар. 

Мұнда организм қызметтерінің қайта құрылу дəрежесі əр адам 

үшін    генетикалық  белгілі  бір  нормамен,  яғни  организм  түрлі 

белгілерінің өзгергіштігі  аясында, ал жылдамдық уақыт бойынша 

белгілердің  өзгерістерін  бақылап  отыратын  арнайы  (темпоралды) 

гендермен  шек қойылып отырылады. 

Əрбір  индивид  үшін  бұл  гендер  белсенділігінің  өзіндік  хроно-

логиясы, яғни уақытты санау жүйесі бар. Ол организмнің жеке дара 

өсуі  мен  дамуын,  жасуша  ядросындағы  генетикалық  ақпараттың 

берілу  ұзақтығын,  жасушада  қажетті  белоктардың  синтезін,  же-

келенген  гендердің  белсенділігінің  қосылуы  мен  өшірілуін,  жеке 

белгілердің  дамуының  сыни  жəне  сенситивті  кезеңдерінің  басталу 

моментін,  олардың  өту  ұзақтығын,  организмнің  түрлі  жүйелерінің 

функциялық  белсенділігі  қарқынын,  адамның  оқып  үйрену 

жылдамдығын  жəне  т.б.  тіршіліктің  уақыттық  параметрлерін 

анықтайды. Мысалы, жасөспірімдердің бір тобында өтпелі кезең 5-6 

жыл бойына, ал басқаларында небəрі 1,5-2 жыл ішінде өтуі мүмкін.   

Егіздерге зерттеу жүргізу нəтижелері оқып үйренудің генетикалық 

табиғатын көрсетті. Vogel F., Motulsky A. (1990) жүргізген түрлі түсті 

пішіндер жұбын 30 с-та біріктіру арқылы орындалатын арнайы тест 

қолдану  кезінде  бір  жұмыртқалы  егіздерде  меңгеру  жылдамдығы 


432

бірдей болған, ал екі жұмыртқалы егіздер арасында нақтылы елеулі 

айырмашылықтар орын алған. 

Демек,  жоғары  жəне  төмен  дəрежеде  жаттыққан  спортшы-

лар  тек  жұмысқа  қабілеттіліктерінің  өзгерістері,  дене  сапасы  мен 

функциялық  көрсеткіштердің  мөлшері  бойынша  ғана  емес,  соны-

мен  қатар  барлық  осы  көрсеткіштердің  өзгеру  жылдамдығы  мен 

сəйкесінше, жоғары спорттық нəтижелерге жету уақыты бойынша да 

бір-бірлерінен ерекшеленеді. Жаттықтыру əсерінің даму мөлшері мен 

жылдамдығы тəуелсіз өзгермелі болып табылады. Бұл факторларға 

байланысты    шыныққандықтың 4 нұсқасы  бар  (шыныққандық  ту-

ралы  толығымен  жаттығу  жүктемелерінің  жіктелуін,  спорттық 

жаттығулардың  қағидаларын  жəне  жоспарлануын  физиологиялық 

негіздеу 8-тарауда толығымен баяндалған): 

1.  Жоғары жылдам шыныққандық: жүйелі жаттығудың алғашқы 

кезеңдерінде  барынша  жылдам  өсіп  барып,  содан  соң  «қанығу 

деңгейіне» (мүмкіндігінше  максималды  жаттығу  əсеріне)  баяу 

(асимптотикалық-нышансыздық) жуықтай отыра аз өзгеретін үлкен 

əсер. 

2.  Жоғары  баяу  шыныққандық:  біртіндеп,  баяу  өсіп  отыратын 



үлкен жаттықтыру əсері.

3.  Төмен  жылдам  шыныққандық:  жүйелі  жаттығудың  салыс-

тырмалы қысқа кезеңінде-ақ көрінетін жəне тез артатын, əрі қарай 

аз өзгеріске ұшырайтын үлкен емес жаттықтыру əсері. 

4.  Төмен  баяу  шыныққандық:  жүйелі  түрде  жаттықтыру 

үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу əсері.  

Осы 

іспеттес 



жеке 

дара 


физиологиялық-генетикалық 

ерекшеліктердің  болуы  көп  жылдық  спорттық  жаттықтыру 

үдерісінде көп сатылы іріктеу қажеттілігін негіздейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет