1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. Қыдырмолдина
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқулық
Алматы, 2014
2
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
Е. Д. Даленов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик;
Р. А. Арынова – биология ғылымдарының докторы, профессор;
А. С. Сайдахметова – биология ғылымдарының кандидаты, доцент .
Қыдырмолдина А. Ш.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері:
Оқулық. – Алматы, 2014. – 528 бет.
Оқулықта ҚР Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен типтік оқу
бағдарламасына сəйкес дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық
негіздері пəнін құрайтын тараулар толық қамтылған.
Еңбек дене шынықтыру, медициналық-биологиялық жоғары оқу
орындарының студенттеріне, осы саладағы ғылыми қызметкерлерге,
сондай-ақ
ұстаздар,
спорттық
дəрігерлер,
реабилитологтар,
жаттықтырушылар мен салауатты өмір салты, спорт мəселелері
қызықтыратын қалың көпшілікке арналған.
© Қыдырмолдина А. Ш., 2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2014
ƏОЖ 796 (075.8)
КБЖ 75.1
Қ 79
Қ 79
ƏОЖ 796 (075.8)
КБЖ 75.1
ISBN 978-601-217-478-6
ISBN 978-601-217-478-6
3
АЛҒЫ СӨЗ
Аристотель атап өткен «өмірдің өзі талап ететін қозғалыстың»
барлығы, яғни адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түр-
лі қарапайым қозғалыстарынан бастап, спорттық практикада кездесе-
тін күрделі сипаттағы жаттығуларға дейін жалпы физиологиялық
заңдылықтарға бағынады. Соның ішінде, итальяндық физиолог
А. Моссо «дене жаттығулары көптеген дəрі-дəрмектің орнын алмас-
тыра алады, бірақ бірде-бір дəрілік зат дене жаттығуларының орнын
толтыра алмайды», – деп айрықша көрсеткен спорттық шынығудың
физиологиялық механизмін білу аса маңызды.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
пəні биология, медицина жəне спорт ғылымдарының тоғысындағы
салыстырмалы түрдегі жас ғылым болып табылады.
Пəн жоғары оқу орындарында негізгі оқу пəндердің бірі болуымен
қатар əрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында алын-
ған нəтижелерге сүйенетін ғылыми пəн. Осыған орай пəннің негізгі
мақсаты – адамның дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануына
жəне функциялық дайындығын басқаруына қажетті жаттығудың
физиологиялық негіздеріне арналған өзіндік білім деңгейін көтеру
барысында білім беру жəне дағдыландыру. Сондықтан да бұл
оқулықтың болашақ ұстаздар мен жаттықтырушылар үшін маңызы
зор.
Осы мəселелерді ұсына, іргелі ғылыми еңбектерге сүйене
отырып, бұл оқулық мемлекеттік тілімізде дене тəрбиесі мен
спорт түрлерінің физиологиясының барлық бөлімдері қамтылған
алғашқы толыққанды еңбек ретінде ұсынылып отыр. Сонымен
қатар еуропалық университеттерде өткен ғылыми тағылымдама ба-
рысында ағылшын, итальян тіліндегі импакт факторы бар ғылыми
журналдар мен соңғы жылдардағы заманауи ғылыми жетістіктер
негізге алынып əрі толықтырылып жазылды. Оқулықта қазақтың
кейбір ұлттық спорт түрлерімен шұғылданудың физиологиялық
ерекшеліктері берілді.
4
І ТАРАУ
ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ МЕН СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПƏНІ ТУРАЛЫ
ТҮСІНІК, МАҚСАТЫ ЖƏНЕ МІНДЕТТЕРІ
Дене тəрбиесінің физиологиялық ерекшеліктерін білу мен
жоғары спорттық нəтижелерге жету бірлігі ешкімнің күмəнін туды-
ра қоймас.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
– жоғары оқу орындарында «Дене тəрбиесі мен спорт» мамандығы
бойынша негізгі оқу пəндердің бірі əрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын
орындау барысында алынған нəтижелерге сүйенетін ғылыми пəн
де болып табылады. Бұл пəнде негізгі назар спорттық əрекетке
негізделген адамның бұлшық ет қызметінің физиологиясына ауда-
рылады. Мұндай мəселелерге, ең алдымен, əртүрлі спорттық əрекет
түрлерінің физиологиялық сипаттамасы мен спорттық жаттықтыру
кезіндегі организм бейімделуінің физиологиялық механизмдері жа-
тады.
Қазіргі кезде еуропалық ғалымдар спорт физиологиясына
негізделген зерттеулерді іргелі жəне қолданбалы зерттеулер деп
қарастырады.
Іргелі ғылымдар ретінде дене жаттығулары гомеостаздың елеулі
өзгерістерін тудыратын жағдай болып саналатындықтан физио-
логия ғылымын тереңірек бойлай түсінуге мүмкіндік береді, яғни
организм қызметінің реттелу механизмдерін толық ұғыну үшін
таптырмас құрал. Қолданбалы зерттеулер ретінде физиологияны
дене жаттығуларының табиғатын терең түсіну үшін қолданады.
Денсаулықты жəне (немесе) реабилитацияны арттыру, жұмысқа
қабілеттілікті, дене сапаларын (күш, төзімділік) жоғарылату үшін
жаттықтырудың тиімді жолдарын қарастырады.
Адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түрлі
қарапайым
қозғалыстарынан
бастап,
спорттық
практика-
да кездесетін күрделі сипаттағы жаттығулардың барлығы жалпы
физиологиялық заңдылықтарға бағынады. Дене жүктемелері түрлі
мүшелер мен жүйелерде айтарлықтай өзгерістер тудырады, яғни адам
организмі бұлшық ет əрекетіне бейімделеді. Дене жүктемелерінің
ұзақ мерзімде ықпал етуінен спортшылар организмінде спорттық
жаттығулар немесе дене шынықтырумен шұғылданған кезінде орын-
далатын қарқынды жұмыстарға оңтайлы бейімделуді қамтамасыз
5
ететін түрлі мүшелер мен жүйелерде қалыптасатын қайта құрылулар
жүреді. Дегенмен, физиологиялық жүйелерде орын алған арнайы
өзгерістер біркелкі болмайды.
Пəннің негізгі міндеті түрлі спорттық əрекет кезіндегі жеке
жүйелердегі, сондай-ақ біртұтас организмде пайда болатын
өзгерістердің, физиологиялық реакциялардың тек қана сандық емес,
сапалық та сипаттамасын беру болып табылады. Қарқынды бұлшық
ет белсенділігі кезінде организмде пайда болатын өзгерістердің
физиологиялық механизмдерін білу, денсаулықты сақтай оты-
рып дене жұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін
жаттығуларды дұрыс бағалауға жəне тиімді жоспарлауға үйретеді.
Бұл пəнде организмнің қызметтік қорларына жəне бұлшық ет
жүктемелеріне бейімделуінің физиологиялық механизмдеріне ерек-
ше назар аударылады.
Спорттық əрекет алуан түрлі, сондықтан дене жаттығуларын
жіктеу қажет. Бұл спорттық жаттығуларды жалпы физиологиялық
сипаттамасына қарай топтарға біріктіруге мүмкіндік береді.
Болашақ жаттықтырушыға организмнің спорттық əрекет кезіндегі
физиологиялық күйін, қоршаған ортаның əртүрлі жағдайларына
бейімделу ерекшеліктерін білу түрлі жағдайларда спортшыларды
жарыстарға даярлау барысында акклиматизация механизмдері мен
сипатын ескере отырып, дене жүктемелерін дұрыс жоспарлауға
мүмкіндік береді.
Сондай-ақ пəннің маңызды міндеттерінің бірі организмнің
дене жүктемелеріне физиологиялық бейімделуін біле отырып,
спортшының неғұрлым жоғары қызметтік мүмкіндіктерге жетуін
қамтамасыз ететін жүйелі түрде өткізілген жаттықтыру нəтижесінде
туындайтын түрлі мүшелер мен жүйелер қызметіндегі өзгерістер
механизмдеріне сипаттама беру болып табылады.
Дене шынықтыру мұғалімінің спорттық жаттықтыру кезінде
организмде туындайтын арнайы физиологиялық бейімделу
өзгерістеріне аса мəн бере отырып, мамандануы əртүрлі спорт-
шылар мен спортпен шұғылданбайтын тұлғалардың тыныштық
күйдегі, стандартты жəне шекті дене жүктемелерінің əсері кезіндегі
физиологиялық көрсеткіштерді білуі өсіп келе жатқан ұрпақтардың
арасындағы дене тəрбиесі бойынша жұмыс сапасын жоғарылатуға
жағдай жасайды. Сонымен қатар спорттық нəтижелердің жылдар ба-
рысында арта отыруымен қатар, олардың əлеуметтік-экономикалық
жағдайлармен тығыз байланысын америкалық ғалымдар жүргізген
зерттеулер нəтижелерінен байқауға да болады (1-сурет).
6
,
1-сурет. Жылдар барысындағы спорттық нəтижелер (Geoffroy Berthelot,
Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c
American, 2013)
100 метрге жүгіру мен биіктікке секіру бойынша алынған
көрсеткіштердің спорттық қолдаудың аз болуына орай бірінші жəне
екінші дүниежүзілік соғыстар кезінде ілгерілемей, ал керісінше,
халықаралық «қырғи-қабақ» соғыстар кезінде бəсекелестіктің ар-
туына байланысты (1988 жылға қарай) қарыштай дамығандығын
аңғаруға болады.
7
Қорытындылай келе, дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің
физиологиялық негіздері пəнінің негізгі мақсаты – адамның
дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануына жəне функциялық
дайындығын басқаруға қажетті дене шынықтыру тəрбиесінің
физиологиялық негіздеріне арналған өзіндік білім деңгейін көтеру
бойынша білім беру жəне дағдыландыру.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
пəнінің негізгі міндеттеріне:
1. Дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдану кезіндегі
жұмысқа
қабілеттілікті
арттыру,
денсаулықты
күшейту
негізінде жатқан физиологиялық механизмдер туралы ғылыми
дүниетанымдылықты қалыптастыру;
2. Дене шынықтыру құралдары, əдістері жəне қоршаған
орта факторлары арқылы оптималды дене жұмыс қабілеттілігін
сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын
қалыптастыру бойынша физиологиялық білім беру;
3. Физиологиялық ақпараттарды бағалау негізінде дене
шынықтырумен шұғылданатын тұлғалар мен шəкірттерде дене
жүктемелеріне төтеп беруді бақылаудың физиологиялық əдістерін,
оқыту-шынықтыру үдерістерін жəне дайындықты басқару
құралдарын қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру;
4. Спорттық дайындықтың, дене сапаларының жəне спорттық
нəтижелердің дамуын анықтайтын жəне шектейтін факторлар тура-
лы білім беру;
5. Əртүрлі қарқынды жəне биоэнергиялық бағытты дене
жаттығуларының жыныс пен жасқа сай организмге əсер етудің
ерекшеліктерін дұрыс бағдарлауға үйретіп, бұл білімдерін оқыту
шынықтыру жəне дене шынықтыру сабақтарын жоспарлау кезінде
қолдану;
6. Шынықтыруды дамытудың ерекшеліктерін білу жəне оны
анықтаудың əдістерін тыныштық күйде, стандартты жəне шекті-
қарқынды жүктемелерді орындау кезінде қолдана білу жатады.
Жоғарыда көрсетілген пəн міндеттерін саралай келе, дене
тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясының негіздері пəні
қолданбалы ғылымдар қатарына жатумен қатар, профилактикалық
ғылым да болып табылады.
Сонымен, аталмыш пəн оқу жəне ғылыми пəн ретінде:
1. Адам денсаулығын нығайту заңдылықтарын физиологиялық
негіздеу;
8
2. Жоғары спорттық нəтижелерге жетуге бағытталған, əсіресе,
үлкен спорттағы шараларды физиологиялық негіздеу сияқты екі
негізгі проблеманы шешеді.
Мəселен,
2-суреттен
əлемдік
спорттық
нəтижелердің
географиялық орындар мен жылдарға байланысты жоғарылау ди-
намикасын байқауға болады. Олимпиадалық ойындар бойынша
Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа алғашқы орындарда болса, ал
Африка елдері соңғы қатардан орын тепкен.
жыл
2-сурет. Географиялық орындар мен жылдарға байланысты əлемдік
рекордтар үлесі (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, Marion Gluillame,
Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c American, 2013)
Бұл мəліметтерден (1, 2-суреттерден) спорттық нəтижелердің
елдің экономикалық жағдайымен қатар, спортқа көңіл бөлінумен
де аса тығыз байланысты екендігін байқаймыз. Осы тұрғыда соңғы
уақыттары Қазақстан спортшыларының жетістіктері дүниежүзіне
танылды, отанымыздың мəртебесі биіктеп бүкіл əлемге жайыл-
ды. Бірақ жетістіктермен қатар көптеген кемшіліктер де бар екені
жəне ол тек спортпен шұғылданушылар мен спорт саласындағы
жаттықтырушылардың ғана мəселесі емес, бұл физиологиялық əрі
медициналық көзқарасты талап ететіндігі сөзсіз. Осы тұрғыдан алып
қарағанда да «дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық
негіздері» ғылымының маңызы зор.
9
Дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы ғылымының даму
тарихы
Дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы ғылымы – салыс-
тырмалы түрде алып қарағанда, жас ғылым. Дегенмен, ерікті
қозғалыстардың физиологиялық табиғатын зерттеу нəтижелері
көптеген жылдар бойы қалыптасқан. Өмірдің басқа да қажеттілігіне
қарай туындайтын барлық қозғалыстар тəрізді спорттық жаттығулар
үдерісінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде орында-
латын қозғалыстар да физиологиялық заңдылықтар негізінде орын-
далады. Ол қазіргі уақытқа дейін ғылыми-зерттеу нəтижелерімен
толықтырылып даму үстінде.
Дене жаттығулары физиологиясы ғылымының даму тарихы
АҚШ-та 1927 жылы шаршау құбылысын зерттеуге бағытталған Гар-
вард зертханасының тұңғыш директоры болған Дэвид Брюс Дилл
есімімен байланысты. Ол қоршаған ортаның төтенше жағдайларына,
дене жүктемелеріне бейімделу мəселелерімен шұғылданған.
Ең алғашқы оқулық Ф. Ла Гранждың «Дене жүктемесі физиоло-
гиясы» (LaGrange F. Physiology of bodily exercise.London: Kegan Paul
International, 1889) атты еңбегі болып табылады. Уолтер Флетчер
мен Фредерик Гоуленд Хопкинс бұлшық еттің жиырылуы мен лактат
түзілуі арасындағы тығыз байланысты анықтады. Бұлшық еттің жиы-
рылуын қамтамасыз ететін энергия бұлшық еттік гликогеннің сүт
қышқылына дейін ыдырауынан түзілетіндігі белгілі болды. Бұлшық
еттің жиырылуына едəуір көп энергия жұмсалатын болғандықтан,
бұлшық ет ұлпасы жасушалық метаболизмнің құпиясын ашуға
себепші болды. 1921 жылы А. Хилл энергиялық метаболизмді зерт-
теуге бағытталған жұмыстары үшін Нобель сыйлығының иегері
атанды. Осы уақыттарда Альберт Сенф-Дьёрди, Отто Мейергоф,
Август Крог жəне Ханс Кребс сынды Нобель сыйлықтарының
лауреаттары тірі жасушалардың энергия өндіруі мəселелері бо-
йынша белсенді зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың 60-жылдары
Дж. Бергстрем, Бенгт Солтен (Стокгольм) тамақтану рационының
бұлшық ет қоректенуі мен төзімділігіне ықпалын зерттеді. Реджи
Эджертон (Калифорния университеті, Лос-Анджелес) жəне Фил
Голлник (Вашингтон штаты университеті) бұлшық ет талшықтары
мен олардың дене жаттығуына реакциясын зерттеу тəжірибелеріне
егеуқұйрықтарды пайдалана бастады.
10
Ерікті қозғалыстардың физиологиялық негіздерін зерттеуде
орыс ғалымдары: И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский,
А. А. Ухтомский, Н. А. Бернштейн, П. К. Анохин, А. Н. Крестовни-
ков, Н. В. Зимкин жəне т.б.-дың еңбектерінің үлесі зор. Адамның
ерікті қозғалыстары туралы ілімнің рефлекстер жүйесі ретінде
негізін орыс ғалымы, физиолог И. М. Сеченов қалаған. Ол алғаш
рет «Ми рефлекстері» (1863) атты еңбегінде адамның психикалық
жəне ерікті қозғалыс əрекеттерінің рефлексті табиғатын дəлелдеген.
Ол барлық ерікті қозғалыстар, психикалық құбылыстар жəне ой-
лау рефлексті түрде іске асады деп түсіндірген. Оның бұл ілімін
И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан эксперимент түрінде
дəлелдеген жəне дамытқан. Ол жоғары жүйке қызметін шартты
рефлекстерді тудыру арқылы зерттей отырып, ерікті қозғалыстардың
рефлексті табиғатын негіздеудің негізгі іргетасын қалаған.
И. П. Павлов сыртқы орта факторларының ықпал ету кезіндегі тұтас
организмдегі физиологиялық қызметтерді ұзақ жылдар барысында
зерттеген. Оның детерминизм, құрылымдық, анализ жəне синтез
сияқты рефлекстік теория принциптері уақытпен шыңдалып, осы
күнге дейін маңызын жоймаған.
Адамның қозғалыс əрекетінің физиологиялық механизмдерін
зерттеуде Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский өз үлестерін қосқан.
Н. Е. Введенскийдің парабиоз теориясы сыртқы əсерлерге тірі
ұлпалардың əмбебап жауабы ретінде организмнің қызметтік
мүмкіндігін, соның ішінде қозғалыс əрекетін анықтайтын қозу мен
тежелу үдерістерінің генетикалық бірлігін ашып көрсетеді.
А. А. Ухтомскийдің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі
заңдылығы – доминанта туралы ілімінің соңғы қозғалыс əрекетінің
қалыптасуындағы күші бойынша əртүрлі қозу ошақтарының күрделі
өзара қарым-қатынасы механизмдерін түсінуде маңызы зор. Жүйке
қызметінің механизмдерін зерттей отырып, белгілі ағылшын фи-
зиологы Ч. Шеррингтон жүйке жүйесінің интегративті қызметі ту-
ралы ілімнің дамуына атсалысты. Оның реципроктық (ілеспелі)
тежелу туралы еңбектері қозғалыс координациясы (үйлесімділігі)
туралы ілімнің жетілуіне өз үлесін тигізді. Қозғалыс жəне
вегетативтік қызметтердің жоғары үндесуінің ішкі табиғатын ашуда
У. Кеннонның гомеостаз туралы ілімінің айтарлықтай септігі бар.
У. Кеннон организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығын сақтау
мен эмоцияның дамуындағы симпатикалық-адреналдық жүйенің
маңызын негіздеген.
11
Ресейде П. Ф. Лесгафт атындағы дене шынықтыру институтын-
да Л. А. Орбели басқарған физиология кафедрасында организмге
дене жүктемелерінің ықпалына алғаш ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізе бастады.
Қозғалыс əрекетінің физиологиясын зерттеуде Л. А. Орбелидің
бұрынғы жағдайларға тəуелді организм жасушалары мен
ұлпаларының қалыпты күйін сақтаудағы физиологиялық меха-
низмдерге, зат алмасуға симпатикалық жүйке жүйесінің бейімделе-
қоректену ықпалының əмбебап сипаттамасы туралы ілімінің аса зор
үлесі бар. Сондай-ақ ғылымның əрі қарай дамуына ми қыртысының
функциялық күйін реттеудегі торлы құрылымның маңызы туралы
жаңалықтары да көп ықпал етті. Қажу жəне қалпына келудің физио-
логиялық механизмдері туралы ілімнің дамуына Г. В. Фольборт, М.
И. Виноградов, В. В. Розенблат жəне т.б. ғалымдардың еңбектері де
өз септігін тигізген. Ерікті қозғалыстар физиологиясының дамуы-
на бұрынғы кеңес ғалымдары И. А. Аршавский, С. И. Гальперин,
Е. К. Жуков, Н. В. Зимкин, А. В. Коробков, Ф. З. Меерсон, В. В. Па-
рин жұмыстары көп үлес қосты. Сондай-ақ көптеген ерікті бұлшық
ет қызметімен байланысты мəселелер Э. А. Асратян, Е. М. Крепс,
Н. Д. Граевская, А. Г. Хрипкова, В. П. Филин, В. В. Васильева, В.
Н. Черниговский, Я. М. Коц, Б. М. Сермеев, т.б. еңбектерінде ашып
көрсетілген.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерін физиологиялық сипатта
жүйелеудің іргетасын алғашқы қалаушылардың бірі профессор
А. Н. Крестовников болды. Оның спорт физиологиясы бойынша
оқулығы (1938) мен монографияларының (1939) маңызы ерекше.
Бұл оқу құралдары дене жаттығулары мен спорт физиологиясы
бойынша зерттеулердің əрі қарай дамуына өз септігін тигізді. Ав-
тор «Дене жаттығулары физиологиясы бойынша очерктер» (Очерки
по физиологии физических упражнений) атты кітабында спорттық
жаттықтыру кезіндегі бейімделудің орталық жүйкелік механизмдері
жөнінде көптеген мəселелерді көтерген. Бұл мəселенің дамуына
В. С. Фарфельдің «Спорт физиологиясы» (1960), Н. В. Зимкиннің
«Адам физиологиясы» (1964, 1970, 1975) еңбектерінің аса зор ықпалы
бар. А. С. Мозжухин спортшының қызметтік қорлары, Е. Б. Соло-
губ, А. С. Солодков дене жүктемелеріне спортшы организмдерінің
физиологиялық бейімделуі мəселелерін зерттеген. Қазіргі таңда
дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы бойынша Я. М. Коц,
12
Н. А. Фомин, В. М. Смирнов, В. И. Дубровский, А. С. Солодков,
Е. Б. Сологуб, Д. Уилмор оқулықтарының маңызы зор.
Қазақ жерінде физиология ғылымын қалыптастыру барысын-
да Қазақстандағы тұңғыш ғылыми-зерттеу физиология институ-
ты ғалымдарының да еңбектері мол. Ол институттың іргетасын
ғалым, академик А. П. Полосухин қалаған. Қазақстандық ғалымдар
А. М. Бекетаев, І. А. Берікханова, Л. Е. Бөлекбаева, Х. Қ. Сəтпаева,
Н. М. Мырзаханов, т.б. жүйкенің қан тамырларына тигізетін əсерін,
қан айналым жүйесіне бірінші жəне екінші сигналдық жүйелер
арқылы берілетін шартты əсерлерін жəне бұрын тексерілмеген
лимфология саласын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. Акаде-
мик Н. О. Базанованың шəкірттері Қ. Д. Дүйсембин, Т. О. Измаи-
лов, З. Қ. Қожебеков, Г. Н. Несіпбаев, Б. Н. Никитин, К. Т. Таше-
нов зерттеулерінің де маңызы зор. Қазақстандағы физиология
ғылымының жаңа салалары – нейрофизиологияның жəне сыртқы
ортаға бейімделу мен сауықтыру мəселелерінің дамуына про-
фессорлар Қ. С. Рымжанов, С. Т. Төлеуханов, С. Ж. Тілеулин,
Б. А. Жетпісбаев, Е. Д. Дəленов жəне т.б. айрықша еңбек сіңірді.
Қазақстанда спорт физиологиясы ілімінің ғылыми, оқу-
əдістемелік негізін салуда жəне оның дамуында Қазақ спорт жəне
туризм академиясының ғалымдары Л. Р. Кудашова, С. Ж. Бұғыбаева,
Р. Б. Лесбекова, С. Т. Сарсенова, Я. И. Невский жəне т.б. еңбектерінің
үлесі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |