Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы



Pdf көрінісі
бет23/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   181
1. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы. Жоңға-
риямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақ-
тары тамаша жеңiске жеткенiмен, ол табыс баянды бола 
қоймады. Хандар мен сұлтандардың тақ таласына бай-
ланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей им-
периясы да тартылды. Ресей қа лайда Қазақстанды өзiне 
қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңдi кү тумен болды.
Әбiлқайыр қазақ хандығында жеке өз билiгiн нығайту жолдарын
жатпай-тұрмай тынымсыз iздестiре бастады. Кiшi жүздiң ханы Ресей
мемлекетiнiң қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке ба сының 
ерекшеліктері де шешушi рөл атқарды. 
1730 жылы Кiшi жүздiң билерi ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды 
ұсынды. Алайда Ресеймен ке лiссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдiң 
өкiмет билiгiмен неғұр лым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы 
қыргүйек айында Әбiл қайырдың елшiлiгi Пе тербургке келдi. Елшiлiк Кiшi 
жүздi Ресейдiң қарамағына алу ту ра лы императрица Анна Иоанновнаның 
атына жазылған өтiнiштi та быс еттi.
рЕСЕй иМПЕриЯСыНың ҚАЗАҚ ХАНдығыН 
ҚОСыП АлА БАСТАуы
тірек сөздер:
Нұралы
• Оппозиция
• А.И. Тевкелев
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


31
Әбiлқайырдың елшiлiгiне зор құрмет көрсетiлiп, 
оны үл кен ықы ласпен қарсы алды. Ресей үшiн Кiшi 
жүздi империяның құрамына қосып алудың ең 
қолай лы сәтi туды. Бұған дейiн Ресейдiң құрамына 
Едiл қалмақтары, Қабарда князьдығы қосылған 
болатын.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кiшi 
жүздiң қа зақ тарын Ресейдiң қол астына алу туралы 
грамотаға (ресми құ жатқа) қол қойды. Им перияға 
өтудің сипаты үстірт, жасанды болды. Дегенмен бұл Қазақ хандығының 
Ресей империясы на қосыл уының басы едi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет