ГЛОССАРИЙ
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – демалыс (каникул, мейрам) күндері
көрсетілген оқу жылының ішіндегі оқу жəне бақылау шараларының өткізілу күнтізбесі.
Академиялық кезең (Term) – теориялық оқу кезеңі, үш форманың біреуінде көрініс
алады: семестр ұзақтығы – 15 апта; триместр ұзақтығы – 10 апта; квартал ұзақтығы – 8
апта.
Академиялық сағат – лекциялық, практикалық (семинар) сабақтарынның бір
контакттік сағаттарына (50 минутқа) немесе студиялық сабақтың 1,5 контакттік
сағатына (75 минутқа), немесе лабораториялық жəне дене тəрбиесі сабағының 2
контакттік сағатына (100 минутқа), өндірістік практиканың барлық түрлерінің 5
контакттік сағатына (250 минутқа) тең болады.
Глоссарий – терминдермен айтылған ойлардың түсіндірме сөздігі.
Дəріс – белгілі-бір тақырып бойынша материалдарды баяндау. Жоғары оқу
орындарында жаңа білімді хабарлаудың алдыңғы қатарлы əдісі.
Семинар – жоғары оқу орнындағы практикалық сабақ.
Дискуссия – 1) топта шешім қабылдау үрдісін интенсификациялау мақсатымен
бірлесе ұйымдасу тəсілі; 2) ақиқатты ұжыммен іздеуде оқып жүргендердің
белсенділігінің негізінде оқу үрдісінің тиімділігі мен жеделдетуін көтеретін оқыту əдісі;
3) мəселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тəсілі.
Кредит – (Credit, credit-hour) – тыңдаушының/оқытушының оқу жұмысы көлемінің
өлшем бірлігі. Бір кредит академиялық кезең ағымындағы тыңдаушының апталық
аудиториялық жұмысының бір академиялық сағатына тең. Əрбір лекциялық,
практикалық (семинарлық) жəне студиялық сабақтың академиялық сағаты міндетті
түрде студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) 2 контакттік сағатымен (100 минут)
толықтырылды.