Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жануарлар физиологиясының Қазақстанда дамуы



Pdf көрінісі
бет12/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   542
2.3. Жануарлар физиологиясының Қазақстанда дамуы

1800-1913 жылдар аралығында бүкіл қазақ елінде 200 ғана 

малдəрігерлік мекеме болып, онда 460 мал маманы қызмет ат-

қарған. Елімізде ветеринария саласының, сонымен бірге физио-

логияның дамуына гельминтология ғылымының негізін салушы 

академик К. И. Скрябин еңбектері зор ықпал етті.

Қазақстанда физиология ғылымы арнаулы жоғары оқу орын-

дарының - Алматы зоотехникалық-малдəрігерлік (1929 ж.), Ал-

маты мемлекеттік медициналық институттар (1931 ж.), Қазақ 

мемлекеттік университетінің (1934 ж.) ашылуына байланысты 

дамыды. Аталған жоғары оқу орындарында арнаулы кафедралар 

ашылып, профессорлар М. П. Калмыков, Б. И. Ильин-Какуев, И. 

А. Барышников басшылықтарымен физиолог мамандар дайында-

ла бастады.

Елімізде физиология ғылымы 1944 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ 

филиалында арнаулы физиология бөлімінің ашылуына байла-

нысты зор қарқынмен дамыды. 1945 жылы аталған бөлім Қазақ 

ССР ҒА-сының Физиология институтына айналып, онда Қазақ 

КСР ҒА-ның академигі А. П. Полосухиннің басшылығымен жан-

жақты ғылымы-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Республика ғалымдары қан жəне лимфа айналым процестерін 

реттеуде интеро-жəне экстерорецептивтік əсерлердің маңызын 




17

зерт теуде (А. П. Полосухин, А. М. Бекетаев, М. И. Коханина, 

І. А. Бі  рімжанова, Л. Е. Бөлекбаева), қан жəне лимфа айналым 

жүйе ле рі нің осмостық қысымды реттеу рефлекстерінде атқара-

тын рө лін (X. Қ. Сəтбаева), жас төлдердің тіршіліктік маңызды 

функцияларын (тыныс алу, қан айналым) реттеу механизмдерін 

зерттеуде (М. Ф. Архангельская, Н. О. Базанова) үлкен үлес қосты.

Қазақстанда жануарлар физиологиясын дамытуға қыруар ең-

бек етіп, қомақты із қалдырған ғалым - Н. О. Базанова. Оның 

алғашқы ғылымы еңбектері жас төлдердің қан айналым жəне ты-

ныс алу жүйелерінің жұмысын реттеу тетіктерінің құпияларына 

арналған. 50-жылдардан бастап академик Н. О. Базанова күйіс 

малының ас қорыту жəне зат алмасу ерекшеліктерін зерттеу-

мен айналысып, бұл процестерді реттеуде симпатикалық жəне 

парасимпатикалық жүйкелердің рөлі туралы құнды еңбектер жаз-

ды. Н. О. Базанова Мəскеу қаласында орыс тілінде жарық көрген 

мал физиологиясы оқулығы авторларының бірі.

Жануарлар физиологиясын Қазақстанда дамытуда Ұлттық 

ғылым академиясының академигі К. Т. Тəшенов, профессорлар 

Т. О. Измаилов, X. Дүйсембин, т.б. үлкен үлес қосуда.

Академик К. Т. Тəшеновтың күйіс малының ас қорыту ерек-

шеліктерін, ас қорыту органдары мен желін қызметіндегі арабай-

ланысты жəне оны реттеудегі ішкі секрециялы бездердің маңызы 

жайлы еңбектерінің ғылыми мəні өте зор. Ол И. П. Павловтың 

созылмалы тəжірибе жайындағы қағидаларын кеңіннен қолдана 

отырып, малдың ас қорыту процестерін зерттеуге бағытталған 

бірнеше хирургиялық тəсілдер ұсынды.

Т. О. Измаилов академик Н. О. Базанованың басшылығымен 

күйіс малы жас төлдерінің (бұзаудың) ас қорыту органдарына

оның ішінде қарынның түрлі бөлімдеріне ас қорытудың мем-

браналық механизмінің тəн екенін дəлелдеді. Оның бас 

шы-


лығымен жүргізілген жан-жақты зерттеулер (Р. М. Сейфуллина, 

И. А. Күнтасов, Е. Б. Бегаилов, т.б.) ас қорытудың мембраналық 

механизмі бүкіл ас қорыту органдарында (қарында, ішекте) орын 

теуіп, түрлі мал (жылқы, ірі қара, қой, шошқа) мен құсқа да тəн 

құбылыс екенін анықтады.

Профессор X. Дүйсембин зерттеулері организмнің күрделі 

құбылыстарының бірі – сүттену құпияларына, желіннің қызметін 

реттеу механизмдерін анықтауға бағытталған. Оның еңбектері 

қолданбалы физиология үшін ғана маңызды болып коймай, 

организм функцияларын жүйкемен жəне гуморальды реттеу 

тетіктерінің сырын ашуда да айтарлықтай үлес қосты.

2–888



18

Жануарлар физиологиясын қалыптастырып дамытуда Алматы, 

Қарағанды, Семей жəне т.б. қалалардағы жоғары оқу орындары 

ғалымдары айтарлықтай үлес қосып, əртүрлі вегетативтік функ-

циялар мен оларды реттеу тетіктерінің сыры, мал өнімділігінің 

физиологиялық негіздері ашылуда. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет