Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет18/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   542
Бақылау сұрақтары

1. Ұлпа, орган, органдар жүйесі, организм деген түсініктерге анықтама 

беріңіз.

2. Организмнің негізгі функциялары мен процестерін баяндаңыз.

3. Гомеостаз дегеніміз не, оның маңызы қандай?

4. Организмге қандай биологиялық реакциялар тəн?

5. Организм функциялары қалай реттеледі.

Тараудың қысқаша сөздігі

Жүйкемен реттелу – нервная регуляция

Жіктелу – дифференциация

Қозғыштық – возбудимость

Қозу - возбуждение

Қоршаған орта – окружающая среда

Мекендеу ортасы – среда обитания

Органдар жүйесі – система органов

Рефлекс алаңы – рецептивное поле

Рефлекс доғасы – рефлекторная дуга

Сұйықпен (гуморальды) реттелу – гуморальная регуляция

Тетік, механизм – механизм

Тіршілік ортасы – среда существования

Тітіркенгіштік – раздражимость



25

4-т а р а у 

ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

4.1. Қанның маңызы

Қан - құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері салыс-

тырмалы тұрақты биологиялық сұйық. Қан, лимфа жəне ұлпа 

аралық сұйық бүкіл дене торшаларын, ұлпаларын шаймалап жа-

татындықтан олар организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады. 

Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті зат-

тарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін 

сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғары сатыдағы жануарларда 

мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орын-

дайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. 

Сондықтан жануарлар организмінің торшалары сыртқы ортамен 

қан арқылы байланысады. Бірақ қан тамырлардан шықпайды 

да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалары қан 

кұрамынан пайда болатын торша аралық сұйықпен, немесе лим-

фамен ғана жанасады. Сол себепті лимфа мен ұлпа аралық сұйық 

шын мəнісіндегі организмнің ішкі ортасы болып саналады, ал қан 

тек шартты түрде ішкі ортаға жатқызылады.

Қан арқылы торшалар мен ұлпаларға қажетті қоректік зат тар 

мен оттегі жеткізіліп, олардан зат алмасу нəтижесінде пайда бол-

ған қажетсіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады. Бұл тұрғыда 

қан тасымалдаушы қызмет атқарады. Мысалы, қан торшаларға 

глюкоза, амин қышқылдары, май, минералды заттар, дəрмен дəрі-

лер, су жəне оттегі сияқты заттарды жеткізіп, одан несепнəр (мо-

чевина), несеп қышқылы, аммиак, көмір қышқылы сияқты ыды-

рау өнімдерін алып шығады да, оларды бөлу мүшелеріне (бүй рек, 

тер безі, өкпе, т.б.) жеткізеді.

Тоқтаусыз айналымда болудың арқасында қан денеде жылу-

дың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де, жылу реттеуші 



қыз мет атқарады. Қанның жəрдемімен жылудың артық мөлшері 

тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді.

Əртүрлі мүшелер мен торшалардың əрекеті кезінде түзілген 

өнімдерді, ішкі секреция бездерінде пайда болған биологиялық 

белсенді заттарды (гормондарды) тасымалдап, қан организм тор-

шаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады, демек, 



байланыстырушы - коррелятивтік қызмет атқарады.


26

Қанға қорғаныстық қызмет те тəн. Ол қан құрамында лейко-

циттер (ақ түйіршіктер) мен əртүрлі қорғағыш денелердің болуы-

на байланысты. Лейкоциттер фагоцитоз процесіне бейім келеді 

де, қорғағыш (антиденелер) денелер (агглютинин, преципитин, 

антитоксин, гемолизин, т.б.) организмге өткен микробтарды, олар 

бөлетін уытты заттарды (токсиндерді) залалсыздандырып, бөгде 

белоктарды ыдыратады, сөйтіп организмге түрлі ауруларға қарсы 

тұра алатын қабілет - иммунитет береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет