Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Қанның физикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет22/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   542
4.3. Қанның физикалық қасиеттері

Қан қызыл түсті, қоймалжың, кермек дəмді, тұтқыр сұйық. 

Артерия қанының түсі алқызыл, ал вена қаны - қоңыр қызыл бо-

лады. Судың тұтқырлығы бір өлшем шамаға тең деп алынса, оны-

мен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2, ал қанның 

тұтқырлығы 5,0-ке тең. Қанның тұтқырлығы оның құрамындағы 

түрлі белоктардың мөлшері мен эритроциттердің санына байла-

нысты. Қанда белоктардың мөлшері өсіп, эритроциттердің саны 

көбейсе, қанның тұтқырлығы артады.



Қанның тығыздығы (меншікті салмағы) - 1,050-1,060. Ол 

эритроциттердің санына тəуелді өзгереді, себебі эритроциттердің 

меншікті салмағы -1,090, ал плазманың меншікті салмағы 1,025-

1,034 аралығында болады.

Жануарлар организмінің физиологиялық жағдайын сипат-

тайтын қан қасиеттерінің бірі оның беттік керіліс күші, ол қан 

құрамындағы белоктардың концентрациясына байланысты. Қан-

ның беттік керіліс күші айтарлықтай тұрақты болады. Бұл қасиет 




29

қан құрамында əртүрлі органикалық қышқылдар мен қосы лыс-

тарды ерімейтін тұздарға айналдырып, тұндырып отыратын каль-

ций иондарының болуына байланысты.

Қанның осмостық қысымы болады. Осмостық қысым деп 

жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (судың) өтуіне жұм сала-

тын күшті айтады. Жартылай өткізгіш жарғақ арқылы бөлінген 

екі ерітіндінің бірінде еріген заттардың концентрациясы екінші-

мен салыстырғанда көп болса, су концентрациясы жоғары ері-

тін діге қарай өтеді. Организмде қан тамырларының қабырғасы 

осы жартылай өткізгіш жарғақтың қызметін атқарады. Оның іш 

жағында қан, сыртқы жағында торша аралық сұйықтық жатады.

Қанның осмостық қысымының мөлшері оның құрамындағы 

электролит иондарының, белок молекулаларының концентрация-

сына байланысты. Қанның бұл көрсеткіштерінің мөлшері тұ-

рақты болғандықтан, оның осмостық қысымы да тұрақты, ол 7,7-

8,1 атмосфера аралығында сақталады.

Қанның осмостық қысымының деңгейін оның қату темпера-

турасы (депрессиясы) арқылы анықтайды. Депрессия деп сумен 

салыстырғанда, сұйықтың қату нүктесінің төмендеуін айтады. 

Ерітіндінің қату температурасы ондағы еріген заттардың концен-

трациясына байланысты. Ерітіндінің құрамында еріген заттар 

неғұрлым көп болса, оның қату температурасы соғұрлым төмен 

келеді. Мал қаны депрессиясының көрсеткіші -0,56 – -0,58

о

С, ал 


бұл шама осмостық қысымның 7,7-8,1 атмосфералық деңгейіне 

сəйкес. Қанның осмостық қысымының 60 пайызына жуығы оның 

кұрамындағы NаСІ ерітіндісінің үлесіне тиеді.

Қанның осмостық қысымының аз ғана бөлігі (сынап 

бағанасымен 25-30 мм шамасында) оның құрамында белоктардың 

болуымен байланысты. Қан белоктарының əсерімен түзілген 

қысымды онкостық қысым деп атайды. Онкостық қысымның 

деңгейі аз болғанымен, ол организмде маңызды биологиялық 

рөл атқарады. Қоректік заттарды сіңіру, ыдырау өнімдерін бөлу, 

торша аралық сұйық түзу процестері онкостық қысым арқылы 

реттеледі. 

Қан тамырларының қабырғасы электролиттерді жақсы өт-

кізеді, сондықтан олардың концентрациясы қанда, лимфада 

жəне торша аралық сұйықта бірдей болады. Осының арқасында 

ішкі ортаның əртүрлі сұйықтарының осмостық қысымы бір 

деңгейде сақталады. Ал қан тамырларының қабырғасы бело-

ктарды өткізбейді. Қанның кұрамындағы белоктар суды ұстап 

тұратын бірден-бір шешуші фактор, олардың мөлшеріне қарай 




30

су қаннан ұлпаға, не ұлпадан қанға өтіп отырады. Егер қанның 

құрамындағы белоктардың мөлшері азайса (аштық кезінде), су 

қан тамырларынан ұлпаларға өтеді де, денеде ісік пайда болады. 

Қанның құрамының тұрақтылығына байланысты оның ос-

мостық жəне онкостық қысымдары да тұрақты келеді. Осмос-

тық кысымның тұрақтылығын реттеуде əртүрлі бөлу мү шелері 

(бүйрек, тер бездері, ішек-қарын жолдары жəне т.б. органдар) 

маңызды рөл атқарады. Олардың қызмет-əрекеттерінің арқасында 

организмде зат алмасу процесі кезінде түзілген түрлі зиянды 

қалдықтар (ыдырау өнімдері) сыртқа шығарылып отырады да, 

осмостық қысымның ауытқуына мүмкіндік берілмейді. Бұл про-

цесте əртүрлі ұлпалардың минералды тұздарды сіңіріп алып, 

оларды қанға жайлап бөліп отыратын қабілетінің де маңызы зор. 

Қанмен салыстырғанда, несеп пен тердің осмостық қысымы 

əлдеқайда тұрақсыз, өзгергіш келеді. Тер депрессиясының 

көрсеткіші - 0,18 – - 0,60

о

С болса, несепте ол - 0,2 – - 2,2



о

С-ға тең.

Қанның осмостық қысымының тұрақты болуының биоло-

гия 


лық маңызы зор. Дененің кез келген торшаларының (қан 

түйіршіктері, жүйке, ет, эпителий торшалары) осмостық қысымы 

оларды қоршап тұрған сұйықтың (қан, лимфа, торша аралық 

сұйық) осмостық қысымына тең. Демек, торшаны қоршап тұрған 

сұйықтың осмостық қысымы өзгерсе, онда торшалардағы су алма-

су процесі бұзылады. Бұл өзгерістерді эритроциттерге осмостық 

қысым деңгейі əртүрлі ерітінділермен əсер етіп байқауға болады.

Осмостық қысымының деңгейіне қарай ерітінділер үш 

топқа бөлінеді. Егер ерітіндінің осмостық қысымы плазманың 

осмостық кысымына тең болса (мысалы, ас тұзының 0,9 

пайыздық ерітіндісі), онда оны изотониялы (изо - бірдей, тония - 

қысым) немесе физиологиялық ерітінді деп атайды. Изотониялық 

ерітінділерде эритроциттер мен дененің басқа да торшаларының 

құрылысы, тіршілік-əрекеті бұзылмайды. Егер ерітіндінің ос-

мостық қысымы плазманың осмостық қысымынан жоғары болса 

(мысалы, ас тұзының 5 пайыздық ерітіндісі), оны гипертония-

лы (гипер – көп, жоғары) ерітінді деп атайды. Гипертониялық 

ерітінділердің əсерінен эритроциттер, немесе басқа торшалар, 

өз бойындағы суды жоғалтады да, көлемін кішірейтіп, бүрісіп 

қалады. Бұл құбылысты плазмолиз деп атайды. Ерітіндінің ос-

мостық қысымы плазманың осмостық қысымынан төмен болса 

(ас тұзының 0,3 пайыздық ерітіндісі), оны гипотониялы (ги по – 

төмен) ерітінді дейді. Гипотониялық ерітіндінің əсерімен эри-

троциттер ісініп, оның қабығы жарылады да, гемоглобин сыртқы 

ортаға шығады. Бұл құбылысты г е м о л и з  деп атайды. 



31

Изотониялы ерітінді организмнен оқшауланған мүшелердің 

(жү рек, т.б.) тіршілік əрекетін біраз уақыт жалғастыруға мүм кін-

дік береді. Дегенмен, физиологиялық тəжірибелер кезінде ион-

дық құрамы күрделі ерітінділер пайдаланылады. Бұл тұрғыда кең 

таралған Рингер, Рингер-Локк, Тироде ерітінділерін атауға бола-

ды (2-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет