Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Майда еритін дəрмендəрілер



Pdf көрінісі
бет233/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Майда еритін дəрмендəрілер. А дəрмендəрісі (ретинол) - ка-

ротин туындысы. Ол суда ерімейді, бірақ түрлі май еріткіштері 

мен майда ериді. Рационда А тобындағы дəрмендəрілер жетіс-

песе организмнің өсіп-

жетілуі бұзылады, ауруға 

төзімділігі тө 

мендейді, 

көру қабілеті əлсіреп, 



ақшам соқыр деп атала-

тын дертке шалдығады 



(106-сурет)

А тобындағы дəрмен-

дəрілер ұзақ уақыт жетіс-

пеген жағдайда тері 

мен кілегейлі қабықтық 

қыз 


меті бұзылып, өкпе, 

бронхылар, қуық пен 



106-сурет.  А дəрмендəрісінің көзге əсері: 

А - сау егеуқұйрық; Ə - ауыра бастаған егеу құй-

рық; Б - ксерофталмия



297

бүйрек ауруға шалдығады. Ретинолдан басқа табиғатта А

2

, А


3

 

дəрмендəрілері де кездеседі.



А тобындағы дəр 

мен 


 

дəрілер өсімдік құра 

мында кездесетін 

каротиноидтардан жануарлар ұлпаларында ғана түзіледі. Жану-

арлар организмінде ерекше фер менттердің (каротиназа) əсерінен 

каротин А дəрмендəрісіне ай налады. Каротиназа бауыр мен ішек 

қабырғасында кездеседі.

А дəрмендəрісінің негізгі көзі - каротинге бай балауса шөп 

болып табылады. Азықтың əр килограмына шаққанда, жоңышқа 

мен сары жоңышқа шөбінде 40-90 мг, қызылша жапырағында 

30-50, жүгері сүрлемінде - 20-30, сапалы пішенде - 20-40, пішен 

ұнтағында - 5-20, шөп ұнтағында - 100-300, сəбізде - 50-100 мг 

каротин болады.

Д - тобындағы дəрмендəрілер, немесе кальциферолдар,  тек 

мал организмінде кездеседі. Олар өсімдіктер құрамындағы сте-

ролдардан ультракүлгін сəуленің əсерінен түзіледі. Сте 

рол-


дардың ең маңызды өкілі - эргостерол. Ол ашытқылар мен зең 

саңырауқұлақтарында көптеп кездеседі. Д - тобындағы дəр мен-

дəрілердің ішінде жануарлар үшін ең маңыздылары Д

2

 – эрго-



кальциферол жəне Д

3

 – холекальциферол.



Кальциферолдар организмде минералды заттар мен қуат ал-

масуын реттеуге қатысады, азоттың, көмірсулардың, кальцийдің, 

фосфордың сіңімділігін жақсартады.

 

107-сурет. Рахитпен ауырған бұзаулар: 

А – əлсіз түрі; Ə - асқынған түрі

Организмде Д – дəрмендəрілері жетіспесе жас төл рахит 

ауруына шалдығады, ал сақа малда - остеомаляция байқала-

ды, малдың көбею қызметі бұзылып, өнімділігі төмендейді 

(107-сурет).

Д тобындағы дəрмендəрілер балық майында, сүт қоректілер 

мен құс бауырында көп болады. Ол сүт құрамында, сары май-

да, жұмыртқаның сары уызында да кездеседі. Əртүрлі азықтың 

1 кг-да халықаралық бірлікпен (ХБ) есептегенде Д дəрмендəрісі 



298

мына мөлшерде кездеседі: пішен мен жоңышқада, сары жоңышқа 

пішенінің ұнында - 200-1000, жүгері сүрлемінде - 30-70, құрғақ 

ашытқыда - 1-5 млн, азықтық ашытқыда - 3-7 млн, балық ұнында 

50-100, майын айырған сүтте - 5-20. 

Е дəрмендəрісі (токоферол)  төрт  изомерден  тұрады,  оларды         

α, β, γ, - жəне δ, токоферолдар деп атайды. Бұлар бір-бірінен бен-

зол сақинасындағы метил топтарының санымен жəне орнала-

су тəртібімен ерекшеленеді. Е дəрмендəрісінің жануарлар үшін 

айрықша маңызы бар. Оның жетіспеуі жануарлардың жыныстық 

қызметінің əлсіреуіне себепші болады, ұрықтың дамуы бөгеліп, 

сперматогенез бұзылады. Е дəрмендəрісінің жетіспеуінен эри-

троциттердің гемолизге төзімділігі төмендеп, ет дистрофиясы ба-

сталады да, жүрек еттерінің қызметі бұзылады. Бұл дəрмендəріні 

азыққа қосу сиырдың жұқпалы іш тастауын едəуір кемітуге, құс 

балапанын энцефаломиелит ауруынан сақтауға мүмкіндік береді. 

Токоферолдар өсімдік майын қышқылданудан жəне оның дəмінің 

бұзылуынан қорғайды. Бұл дəрмендəріге мұқтаждық малдың жа-

сына, жыныстық қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Оған 

азық құрамындағы селеннің де мөлшері əсер етеді.

Е дəрмендəрісі өсімдік тектес те (өсімдік майлары, өнген 

бидай, көк өніс), жануар тектес те (сиырдың сары майы, ет, сүт, 

жұмыртқа) азықтың құрамында кездеседі.



К тобындағы дəрмендəрілер (К

1

 - филлохинон, К

2

 - фарко-

хинон,  К

3

 - викасол) химиялық табиғаты жағынан нафтохинон 

туындысы болып саналады. Бұл топтың дəрмендəрілері қан-

ның ұю процесінде маңызды рөл атқарады, сондықтан оларды 



антигеморрагиялық факторлар деп те атайды. К тобындағы 

дəрмендəрілер жетіспегенде қандағы протромбин мөлшері азай-

ып, қанның ұю жылдамдығы баяулайды, ағзалар қанталап кетеді 

(геморрагия). К дəрмендəрілерін ексе бауырда протромбиннің 

түзілуі күшейіп, қанның ұйығыштық қасиеті қалпына келеді.

 К дəрмендəрілері көптеген азық құрамында кездеседі жəне 

организмнің өзінде ас қорыту жолындағы микроорганизмдердің 

əрекетімен синтезделеді. Бірақ бұл дəрмендəрілердің дұрыс 

сіңуі үшін өт қышқылдары қажет, оның бөлінуі бұзылса К 

дəрмендəрісінің тапшылығы сезіледі. Бір килограмм жас жо-

ңышқада 80 мг, көк сұлыда - 90, тамыртүйнек өсімдіктер сүр-

лемінде - 30, шөп сүрлемінде - 45, сəбізде - 20 мг филлохинон 

болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет