Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Талдағыштар, олардың құрылым принципі, жіктелуі



Pdf көрінісі
бет480/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   542
21.1. Талдағыштар, олардың құрылым принципі, жіктелуі, 

жалпы қасиеттері

Анализатор - талдағыштар (грек тілінде аnalіsіs - жіктеу, 

тал  дау деген мағына береді) деп сыртқы жəне ішкі орта тітір-

кен 


діргіштерін қабылдап, талдау жүргізетін жүйкелік құры-

лым ның күрделі жүйесін айтады. Талдағыштар қабылдаушы 

құрылымнан - рецептордан, өткізгіш бөліктен (жүйкелік жолдан) 

жəне мидың үлкен жарты шарларының қыртысында орналасқан 

орталық бөлімнен тұрады. Демек, кез келген анализатор сезімтал 

құрылымнан - рецептордан басталады.

Тарихи даму процесінде əрбір анализатор тітіркендіргіштің 

белгілі бір түрін қабылдауға бейімделеді. Рецепторда тітір кен-

діргіш энергиясы электрохимиялық потенциалға айналады да, 

əртүрлі амплитудалы жəне түрлі тербелісті импульстер коды пайда 

болады. Одан əрі бұл импульстер жүйке орталығына (сенсорлық 

құрылымдарға) жеткізіледі де, ол жерде талдау процесі жүріп, 

код шешіледі, түйсік пайда болады (237-сурет).



648

Физикалық тұрғыдан барлық 

сезімдік жүйелерде туындайтын по-

тенциялдардың бір-бірінен айыр-

масы болмайды. Хабардың сапасы 

мен пайда болатын түйсік сипаты 

рецепторлардың өзіндік қасиеті мен 

импульстер жеткізілген сенсорлық 

аймақ табиғатына байланысты. Ре-

цеп торларға күші жеткілікті инадекватты тітір кен діргішпен əсер 

еткенде сол сезім мүшесіне тəн түйсік пайда болады (мысалы, көз 

соққыға ұшыраса - ұшқын көрінеді). Осымен байланысты неміс 

физиологы И. Мюллер сезім мүшелері «телімді энергия» заңы 

негізінде қызмет атқарады деп тұжырымдаған.

Мюллердің пікіріне сəйкес кез келген түйсік (сəуле, ды-

быс, дəм, т.б.) сыртқы орта заттарының қасиетін, сипатын бей-

нелемейді, ол сезім мүшесінің табиғатына сəйкес, оның функ-

цио 


налдық ерекшелігімен байланысты туындайды. Мысалы, 

тітіркендіргіш əсерімен есту жүйкесі қозса, дыбыс, үн естіледі. 

Иістік жүйке қозса - иіс білінеді, т.с.с. Демек, бұл заң түйсіктің 

себептілігіне күмəн келтіріп, қоршаған ортаны, болмысты тану 

мүмкіндігін жоққа шығарады. Осыған байланысты аталған заң 

«физиологиялық идеализм» деп аталған философиялық ағымның 

негізіне алынған.

Диалектикалық материализм түйсікті қоршаған ортадағы 

заттардың субъективті бейнесі, сыртқы дүниенің санада бей не-

ленуі деп санайды. Сыртқы орта - түйсіктер көзі, сезім мүшелері - 

əсерді қабылдайтын қақпа, ал ми - қабылдау процесінің нақ-

тылығын, дəлдігін қамтамасыз ететін мүше.

Талдағыштар организмде орналасқан орнына қарай сыртқы 

жəне  ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қа-

был даушы аппараттары контактылық (түйіспелі) жəне дис 

тан-


циялық (алшақтық) экстерорецепторлардан құралады. Кон-

тактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде 

ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну, температура-

лық, жанасу) мен дəм рецепторы жатады. Дистанциялық ре-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет