Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет479/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   542
647

21-т а р а у

ТАЛДАҒЫШТАР (АНАЛИЗАТОРЛАР) ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Сезім мүшелері немесе сенсорлық органдар (латын тілінде 

sensus - қабылдау, сезу, түйсіну деген мағына береді) - ішкі жəне 

сыртқы ортадан түрлі тітіркендіргіштердің əсерін қабылдауға 

бейімделген, өте жоғары маманданған органдар. Олар - күрделі 

құрылым болып табылатын сезім жүйесінің тек қана шеткі

қабылдаушы аппараты. Сезім мүшелері сыртқы ортаның əртүрлі 

əсерлерін қабылдайды да, организм мен қоршаған орта арасында 

қажетті байланыстың қалыптасуына дəнекер болады. Сонымен 

қатар олар ОЖЖ-ге ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның 

физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ха-

барлайды. Осымен байланысты И. П. Павлов сезім мүшесі де-

ген сөзді анализатор (талдағыш) деген терминмен алмастыру-

ды ұсынған. И. П. Павловтың пікіріне сəйкес сезім мүшесі тек 

қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы, жалпы-

лама жəне аралық (ассоциативтік) құрылымдарының қатысуымен 

атқарылады. Сезім жүйесінің ең жоғары бөлімі ми қыртысының 

ассоциативтік өрісі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет