Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет72/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   542
29-сурет. Үлкен қан айналым шеңберіндегі тамырлардың сыйымдылығы 

мен кедергісінің пайыздық арақатынасы




95

Кедергілік (резистивтік) тамырлар прекапиллярлық (ұсақ 

артериялар) жəне посткапиллярлық (венулалар мен ұсақ вена-

лар) болып бөлінеді. Осы пре- жəне посткапиллярлық та 

мыр 


-

лардағы тонустың мөлшеріне қарай капиллярлардағы гид 

ро 

-

статикалық жəне фильтациялық қысым деңгейі, демек, та 



мыр 

мен ұлпалар арасындағы сұйықтардың алмасу қарқыны қалып-

тасады. Тамырлардағы шеткі кедергілердің негізгі бөлігі (ша-

мамен 2/3) осы резистивтік тамырларда туындайды. Бұл тамыр-

лардың физиологиялық күйіне қарай органдардан өтетін қан 

мөлшері өзгеріп отырады. Кедергілік тамырлар симпатикалық 

жүйкелермен мықтырақ жүйкеленеді жəне олардың ет қабаты 

қалың келеді.



Сфинктерлік (қысқыш) тамырларға прекапиллярлық арте-

рио лалардың соңғы бөлімдері жатады. Олардың жиырылуы не 

босаңсуы нəтижесінде қызметке қосылатын капиллярлар саны

алмасу кеңістігінің аумағы өзгеріп отырады.



Алмасу тамырлары деп нағыз капиллярларды атайды. Бұл 

қан айналым жүйесінің маңызды бөлігі. Капиллярлар қабырғасы 

арқылы қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасу процесі жүреді. 

Капиллярлар қабырғасында бірыңғай салалы ет талшықтары бол-

майды, сондықтан олар өздігінен жиырыла алмайды.

Сыйымдылық тамырларына қан айналым жүйесінің вена бө-

лімі жатады. Олар бүкіл денедегі қанның 2/3 бөлігін сыйдыра 

алады. Қан айналым жүйесіндегі жалпы кедергіні түзуде олардың 

үлесі аз. Кейбір веналар (мысалы, бауыр мен тері веналары) 

анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты қойма (депо) рөлін 

атқарады.



Төте (шунттық) тамырларға капиллярларға жетпей артерия 

мен вена тамырларын жалғастыратын анастомоздар жатады. Бұл 

тамырлар жұмысқа қосылғанда капиллярлар арқылы өтетін қан 

мөлшері күрт төмендейді, не мүлдем тоқтайды, веналар арна-

сында қысым жоғарылап, қанның венамен жылжу жылдамдығы 

артады.


Денеде қанды таратуда, тамырлар жүйесіндегі қысымды қа-

лыптастыруда магистральдық жəне кедергілік тамырлар ма ңызды 

рөл атқарады (30-сурет). Ал ұсақ артериялар, артериолалар, ме-

тартериолалар, капиллярлар, венулалар, ұсақ веналар мен төте 

тамырлар  микроайналымдық арна құрайды. Микроайналымдық 

арнаға лимфа капиллярларын да жатқызуға болады.



Транскапиллярлық алмасу немесе қан мен ұлпалық сұйық 

арасындағы зат алмасу негізінен капиллярлар торабында жүреді. 




96

Капиллярлар қабырғасы жұқа дəнекер ұлпалы мембранада орна-

ласқан бір қабат эндотелийлік торшадан құралған. Денедегі 

капиллярлардың жалпы саны жүздеген миллион, сондықтан 

жеке капиллярлар ұзындығы 0,3-0,7 мм, диаметрі 5-20 мкм бол-

ғанымен, олардың жалпы ұзындығы жүз мың километрге жетеді. 

Бұл мөлшер жер экваторының ұзындығынан 2,5 есе көп.

Түрлі органдарда капиллярлардың пішіні, мөлшері жəне саны 

əр қалай болады. Зат алмасу процесі күштірек жүретін органдар-

да олардың саны көбірек. Мысалы, қаңқа етімен салыстырғанда 

жүрек етінің 1 мм

2

 көлденең қиындысында капиллярлар саны 5-6 



есе көп болады. Ұсақ жануарлар денесінде капиллярлар ірі жа-

нуарлармен салыстырғанда, тығызырақ орналасады. Тыныштық 

жағдаймен салыстырғанда, дене жұмысы кезінде ашық капилляр-

лар саны 25-30 рет артады.

Капиллярлар торабында қанның жылжуы прекапиллярлық 

қысқыштың қызметіне байланысты. Егер олар ашық болса, онда 

қан метартериолалар арқылы нағыз капиллярларға өтеді. Ал 

олар жабылған жағдайда қан төте жолмен капиллярларға соқпай 

венулаларға ығысады. Венулаларға қан төте тамырлар (артерия – 

веналық анастомоздар) арқылы да өте алады.

Капиллярлар қабырғасындағы жасушалардан (майда тесік-

терден) су, тұздар, майда молекулалы органикалық заттар өтеді 

де, белоктар жəне басқа ірі молекулалы заттар өте алмайды. 

Капиллярлардың артериялық бөлігінде сүзілу (фильтрация) про-

цесі жүріп, молекулалар қаннан ұлпа аралық кеңістікке шы ғады, 

ал капиллярлардың веналық ұшында олардың қан тамырлары-

на кері өтуіне жағдай туғызылған. Бұл процесс капил лярлар мен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет