Оқулық. Алматы: жшс рпбк


5.14. Қанның веналармен ағу ерекшеліктері. Вена пульсі



Pdf көрінісі
бет80/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   542
105

5.14. Қанның веналармен ағу ерекшеліктері. Вена пульсі

Микроайналымдық арнадан қан вена жүйесіне өтеді. Веналар-

да қан қысымы төмен: венулаларда ол с.б. 10-15 мм (1.3-2 кПа), 

ірі веналарда нөлге жақын, ал қуыс веналарда – нөлге теңеледі.

Құрылым ерекшеліктеріне байланысты вена қабырғасының 

серпімділігі төмен. Қанның веналармен қозғалуына жүрек жұ-

мысы, вена қақпақшалары, қаңқа еттерінің жиырылуы жəне кө-

кірек қуысының теріс қысымы ықпал етеді. Жүрек жұмысына 

байланысты артериялар жүйесі мен оң жақ жүрекше арасында 

қысым айырмасы қалыптасады. Осының арқасында қан веналар 

арқылы жүрекке оралады. Веналардағы қалталы қақпақшалар 

қанды тек жүрек бағытында өткізіп, капиллярларға қарай кері 

ығысуына мүмкіндік бермейді. Қаңқа еттері жиырылған кезде 

веналардың қабырғасы сығылып, қан жүрек бағытында жылжиды 

да, еттер босаңсыған кезде артериялар жүйесіндегі қан веналарға 

сорылады. Қаңқа еттерінің бұл əсерін ет сорабы (насос) деп атай-

ды. Соған байланысты дене жұмысы кезінде қанның веналармен 

жылжуы жеңілдейді.

Венамен қанның жылжуына көкірек қуысындағы теріс қысым 

да үлкен ықпал етеді. Тыныс алған кезде мойын мен көкірек 

қуысындағы веналар кеңейіп, қанның жүрекке қарай жылжуы 

жеңілдейді. Шеткей веналарда қан секундына 50-140 мм, ал қуыс 

веналарда -160-200 мм жылдамдықпен ағады.

Жүрек жұмысына сəйкес көкірек қуысына жақын орналасқан 

веналар да оқтын-оқтын тербеліп отырады. Жүрекшелер жиы-

рылған кезде қуыс веналар сағасында орналасқан сақина еттер 

жиырылып, қан веналарда іркіледі де, олардың қуысындағы қы-

сым жоғарылап, тамыр қабырғалары керіледі. Ал жүрекшелер 

босаңсыған кезде венадағы қан жүрекшелерге құйылады да, 

венадағы қысым төмендеп, олардың қабырғалары солады. Бұл 

құбылысты  вена пульсі дейді. Вена пульсі тек жүрекке жақын 

орналасқан веналарда ғана байқалады.

Вена пульсін арнаулы аспап – флебографпен зерттеп, жазып 

алуға болады. Вена пульсін бейнелейтін сызықты флебограмма 

деп атайды (42-сурет).

 Флебограммада үш толқын байқалады. Олардың пайда болу 

табиғаты əртүрлі: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет