Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет136/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

Жасушалардың тура селекциясы
(ағ. straight selecyion) жасушаларды
тежегіштердің (ингибитор) қатысуында өсіріп, бұзылған метаболизмді қалпына
келтіре алатындарын, яғни мутанттарды сұрыптау.
Жасушалық биотехнология
– жасушалық жəне ядролық деңгейде
микроманипуляциялар жасау арқылы, бұрын байқалмаған ерекше жəне адамға
қажетті қасиеттері бар өсімдіктер мен жануарлар алу.
Жасушалық инженерия
(ағ. cell engineering) – қайта құрастыру,
будандастыру негізінде жасушаның жаңа типін жасау əдісі. Жасушаларды жасанды
жолдармен будандастырғанда, сомалық (денелік) жасушаларды бір-біріне қосқанда
будан геномы түзіледі. Ал жасушаларды қайта құрастырғанда жасушаның құрамына
кіретін 
ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды, хлоропластарды,
хромосомаларды əртүрлі жасушалардан алып жаңа жасушаны жасайды.
Жасушалық селекция
(лат. selectio – таңдау, сұрыптау, ағ. cell selection) –
сұрыптаушы қоректік ортаны қолданып мутант жасушалар мен сомаклондық
варианттарын бөліп алу əдісі.
Жатыр
– жатыр мойны, денесі, оң жəне сол түтікшелерінен құрылған шарана
дамитын мүше.
Жəй (қарапайым) ақуыздар
– протеиндер, молекулалары тек амин
қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Жеке жасушаларды өсіру –
жеке жасушаларды сирек отырғызып қоректік
ортада өсіру; ол үшін өте құнарлы қоректік ортаны, «бағушы» немесе «қоректік
қабатты» қолдану керек.
Жоғары дисперсиялық жасушалар суспензиясы
– сұйық қоректік ортадағы
жасушалардың жекелену дəрежесі жоғары суспензия ( бір топта 50 жасушаға дейін)
жəне морфологиясы біркелкі жасушалар (мөлшері оташа, цитоплазмасы тығыз).
Жыныстық қозу
– қан құрамындағы жыныс гормондарының артуы
(эстроген, андроген, т.б) əсерінен малдардың жыныстық белсенділігінің көрініс
беруі.
Жыныстық цикл
– аналық безінің функционалды белсенділіктерінің
ритмикалық алмасуы салдарынан болатын, ағзадағы гормоналды тепе-теңдіктің
өзгеруі.


257


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет