Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет132/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   160
Гистогенез in vitro
(
гр.
histos-ұлпа, in vitro, ағ. histogenesis) – каллус
ұлпалардын in vitro өсіргенде, əртүрлі ұлпалардың пайда болып, қалыптасуы;
мысалы, ксилемалық жəне флоэмалық элементтердің түзілуі (ксилемогенез,
флоэмогенез).
Гомозигота
(гр. homos – бірдей, тең, ортақ, zygon – жұп, ағ. homozygote) –
диплоидтық немесе полиплоидтық жасуша, организм; олардың гомологиялық
хромосомалары белгілі бір геннің ұқсас аллельдерін ұстайды.
Гомокарион
(гр. homos – бірдей, тең, ортақ, ағ. homokaryon) – генетикалық
айырмашылықтары жоқ екі жасушаның қосылуынан пайда болған, бірақ онда
ядролар бірікпеген.
Граафов фолликуласы
– ішінде үлкен антрум мен ооциті бар, мейоз
сатысының ІІ метафаза кезеңіндегі фолликулалар.


254
Д
Дедифференциялану
(лат. de – жою, болдырмау, differentia-айырмашылы, ағ.
Dedifferentiation) – маманданған, бөліну қабілетінен айырылған жасушалардың
жаңадан пролиферацияға (бөлінуге) көшуі.
Дезоксирибонуклеотид
– бес атомды дезоксирибозаның бір молекуласының
қалдығынан, пуриндерден (А, G), немесе пиримидиндердің азоттық негіздері (C, Т)
жəне фосфор тобынан тұратын ДНҚ- ның құрылымдық бірлігі.
Детерминациялану
(лат. determinacio – шек қою, анықтау) – жасушалардың,
ұлпа, мүше жəне организмнің белгілі бір даму жолына түсуіне дайындылығы.
Сонымен қатар басқа жолмен дамуға шек қойылады. Детерминациялану кезінде
морфологиялық жаңа бағыттың дамуына түрткі болуға қажет ішкі жағдайлар туады.
Диплоид
(гр. dipllos – қос, екі есе, eidos – түр, ағ. diploid) – гаплоидты
гаметаға қарағанда хромосомалар саны екі еселенген, яғни əрбір хромосомасы
жұптасып келетін ядро, жасуша, организм. Диплоидтық хромосомалар жиынтығы
сомалық (дене) жасушаларда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет