Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


10. МƏЛІМЕТТЕРДІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет182/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

290

10. МƏЛІМЕТТЕРДІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ


10.1 Статикалық жəне динамикалық жады түрлері жайлы жалпы түсінік
Алдыңғы тарауларда, компиляция барысында компьютер жа-дынан тұрақты орын бөлінетін айнымалыларды қарастырдық. Жадының бұл аудандар (VAR бөлімінде сипатталған айнымалылар үшін), айнымалы керек болмаса да, программа жұмысын толық аяқтағанша сақталады. Бұл жағдайда жады тиімсіз қолданылады. Мəселен, жиымның нақты элементтер саны бойынша баптауын еске алайық немесе статикалық жады көлемі үлкен бірнеше жиым сипат-талса, ал нақты бір уақытта олардың барлығы қолданылмаса.
Жағдайды, жадыны бөлудің арнайы механизімін қолданып дұрыстауға болады. Турбо Паскаль тілі, жадыны программаны орындау барысында динамикалы түрде бөліп жəне босатып отыруға мүмкіндік береді.
Динамикалық жадының келесі артықшылықтарын атап өтуге бо-лады:


  1. үнемділігі жəне тиімділігі;




  1. байланысқан құрылымдарда элементтер санын динамикалық түрде өзгерту, мысалы, тізімдерде (статикалық жадыда эле-менттер саны əр компиляция үшін тұрақты);




  1. статикалық айнымалылар, өздері сипатталған блок жұмыс жасағанда ғана сақталады, ал динамикалық жадыда – блок-тан шыққаннан кейін де, программа жұмысын аяқтағанша сақталады. Динамикалы орналасқан айнымалылар VAR бө-лімінде сипатталмайды жəне олардың программада аттары болмайды. Компилятор бұндай айнымалылар үшін жадыдан орын бөлуді жоспарламайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет