Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет56/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   210
Break жəне continue құрылымсыз басқаруды беру процеду-раларын қолдануға болады, бірақ бұларда басқарылудың қай жерге берілетіндігін нақты анықтап алу керек. Циклдің осы про-цедуралар қолданылған жерінде қате жиі кездеседі, сондықтан программаны арнайы тестіден өткізіп отыру қажет.


Halt жəне Exit процедуралары программаны немесе ішкі прог-рамманы арнайы тоқтату үшін қолданылады. Сондықтан бұл процедуралар программа құрылымына онша əсерін тигізбейді.
Бақылау сұрақтары


  1. Шартсыз көшу операторын қолданудың келеңсіз жағдайларын атаңыз.

  2. Белгі дегеніміз не? Ол қалай сипатталады жəне қолданылады?




  1. Бос оператор дегеніміз не?


Тапсырмалар


  1. Таңдау бойынша негізгі төрт арифметикалық амалдың бірін орындайтын «калькулятор» программасын жазыңыз. Программа жұмыстың аяқталған-аяқталмағандығы жайлы сұрайтын бол-сын.




  1. Пернетақтадан енгізілген үш санның ең үлкенін таңдап ала-тын программа құрыңыз. Программа жұмыстың аяқталған-аяқталмағандығы жайлы сұрайтын болсын.




  1. Пернетақтадан енгізілген санның квадрат түбірін есептейтін программа құрыңыз. Программа жұмыстың аяқталған аяқтал-мағандығы жайлы сұрайтын болсын.




  1. Пернетақтадан енгізілген апта күнінің нөміріне байланысты сəй-кес күннің атын экранға шығаратын программа құрыңыз. Прог-рамма жұмыстың аяқталған-аяқталмағандығы жайлы сұрай-тын болсын.




  1. Пернетақтадан енгізілген нақты санды 2-ден 9-ға дейін дəре-желейтін программа құрыңыз. Программа жұмыстың аяқталған-аяқталмағандығы жайлы сұрайтын болсын.


95

  1. a-дан b-ға дейінгі бүтін сандардың квадратын экранға шығаратын программа құрыңыз.




7.

y = x 2 16 x +32

функциясының мəнін 1-ден 10-ға дейінгі

аралықта 0,25 қадаммен есептейтін программа құрыңыз.










3

егер

x

0




x




























2










8.




егер

− 2 ≥ x ≥0 функциясының мəнін –5-тен 5-ке

y = x































баска жагдайда




x








































дейінгі аралықта 0,5 қадаммен есептейтін программа құрыңыз.

4 x 2 + 16( x +2) функциясының х а-ден b-ға дейін d қадаммен

9.

f ( x) =

2x










өзгергендегі мəнін есептейтін программа құрыңыз.


  1. Апталардың реттік нөмірі бойынша жыл мезгілін анықтайтын программа құрыңыз. Программа жұмыстың аяқталған-аяқтал-мағандығы жайлы сұрайтын болсын.


5.2 Шартты оператор
Шартты оператор программадағы шарт логикалық өрнек ретінде берілгенде тармақталу əрекетін атқару үшін қолданылады. Оның жазылуы:
IF <логикалық өрнек> THEN <1-ші оператор>
[ELSE <2-ші оператор>];
<келесі оператор>;
Оператордың орындалу ережесі: егер логикалық өрнек нə-тижесі АҚИҚАТ (TRUE) болса, онда <1-ші оператор> орын-далады, одан кейін <келесі оператор> орындалады; егер – ЖАЛҒАН (FALSE) болса, онда <2-ші оператор> орындалады да, содан кейін барып <келесі оператор> орындалады. 1-ші жəне 2-ші операторлар жəй немесе құрама оператор болуы мүмкін. Егер оператордың ELSE-ден басталатын бөлігі жоқ болса, онда логикалық өрнек нəтижесі ЖАЛҒАН (FALSE) болған жағдай-да, бірден <келесі оператор> орындалады. Шартты операторлар қабаттасып келіп, ELSE сөзі бірнеше рет кездесетін болса, оның əрқайсысы өзінің алдындағы IF операторында жазылған шарт-қа байланысты атқарылады. Шартты оператордың қабаттасқан түрінің сатылары санын өте көбейтпеген дұрыс, өйткені мұндайда программа көрнектілігі жоғалып, қате кетуі жиіленеді.


96

Мысалы,

...IF A>0 THEN P:=P+1


ELSE
IF A<0 THEN L:=L+1
ELSE N:=N+1; ...
...IF A>0 THEN
BEGIN
S:=S+A; K:=K+1
END;...

Шартты көшу операторы (5.7-сурет) тармақталуды, яғни белгілі бір шарт бойынша түрлі іс-əрекеттер орындауды програм-малау үшін қолданылады. Шарт логикалық өрнек түрінде жа-зылады да, өрнек нəтижесіне байланысты: нəтиже ақиқат (true) болса then түйінді сөзінен кейінгі оператор, кері жағдайда else түйінді сөзінен кейінгі оператор орындалады.


Əр тармақта бір оператор (сонымен бірге басқа if операто-рын) немесе құрама оператор жазуға болады.
Құрама оператор дегеніміз – begin...end операторлық жақ-шалары ішіне алынған операторлар тізбегі. Тізбектегі оператор-лар бір-бірінен нүктелі үтір «;» арқылы ажыратылады. Еlse сөзінің алдына нүктелі үтір еш уақытта қойылмайды, себебі мұндайда шартты оператордың жазылуы ары қарай жалғастырылады.




5.7-сурет. Шартты көшу операторының синтаксистік диаграммасы
Бұл оператордың else тармағын қолданбауға да болады. Кей-де шартты оператордың қысқа түрлерін қабаттастыра қолдану есептің айқындылығын көрсете алмайды. Мысалы, мына програм-ма фрагменті алгоритм схемасының (5.8-сурет) екі нұсқасының қайсына сəйкес екендігі түсініксіз:
if <1 шарт> then
if <2 шарт> then

7–1618 97



<1 оператор>
else
<2 оператор>;

Мұндайда “кірістіру ережесі” қолданылады: else тармағы əр уақытта соңғы if түйінді сөзінде жазылған шартқа тиісті бола-ды. Бұл 5.8, а-суретіндегі алгоритмге сəйкес келеді. Егер 5.8, ə-суреттегі алгоритмді іске асыру керек болса, онда операторлық жақшаларды қолдану керек:


if <1 шарт> then


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет