3. Сектор мөлшерін өзгерту. Əдетте, дискіде сектор кө лемі
512 байт келеді. Сектордағы байт сандарын жеңіл өзгер тіп, əр-
түрлісін алуға болады. ЭЕМ бағдарламасында BIOS бағдар-
ла масының бөлігін, əсіресе, жай ғана сұратып алуға болады,
секторға 512 емес, 256 байтты пайдалану үшін, дискілердің сек-
торлары қалай оқитынын жəне жазатынын біледі. Бұл, ЭЕМ-
де пайдаланылған IBM фирмасын көшіріп алудан қорғаудың
алғашқы сызбаларының бірі.
4. Жолдар немесе секторлардың нөмірленуін өзгерту. Кез
келген сектордың мекенжайлық белгілер өрісі болады. Өрістің
құрама бөліктеріне: пролог, деректер, бақылаулық қосынды, эпи-
лог жатады. Дискідегі əрбір сектордың жол нөмірі жəне сектор
нөмірі бар мекенжайлық өрісі болады. АЖ осы өрісті жолдар-
ды санағанға дейін тексереді. Жолдағы секторларды 0-ден 7-ге
дейін нөмірлеудің орнына 70-тен 77-ге дейін нөмірлеуге болады.
Осыған ұқсас түрде жолдардың нөмірленуін де өзгертуге болады.
Мысалы, 40 жол үйреншікті емес нөмірленуге ие болар еді, ал
бірінші болып 40-ы жай сандармен нөмірленген.