8. Шабан жинақтауыштар. Бағдарламалық қамтамасыз дан-
дыруды қорғау үшін айналым жылдамдығы стандарттан төмен
дискі жүргізушіні пайдаланады. Деректер жолға жазылғанда
баяу айналғандықтан жазу тығыздығы көбейеді. Бұл жолға мəлі-
меттерді көбірек жазуға мүмкіндік береді. Осы мақсаттар үшін
əдетте, аса ұзын сыртқы жол пайдаланылады. Егер пайдаланушы
оны үйреншікті жылдамдықпен айналдырып, осындай дискіні
көшірмелеуге тырысса, онда тағайындалған дискі толық айна-
лымды, бүкіл мəліметтер көшірмеленіп болғанға дейін аяқтайды.
Мұндай дискі көшірмесін пайдаланушы алуға тырысқанда негізгі
дискінің бас жағы өшіріліп қалады.