Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет52/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Парольдерді ұстап алу арнайы дайындалған бағдарла малар-
мен жүзеге асырылады. Заңды пайдаланушының бағдарлама-
ұстап алу жүйесіне енуге тырысуы кезінде дисплей экранында 
пайдаланушының аты мен поролін енгізу еліктемесін (имитаци-
ясын) жасайды, бұл бағдарлама-ұстап алушының иесіне бірден 
қайта жіберіледі, осыдан кейін экранға қателік туралы хабар 
шығарылады.
Пайдаланушы парольді енгізу кезінде қателік жібердім деп 
ұйғарады. Ол енгізуді қайталайды жəне жүйеге қатынауға мүм-
кіндік алады. Заңды пайдаланушының аты мен паролін алған 
бағдарлама-ұстап алушының иесі, енді оларды өз мақсаттарына 
пайдалана алады. Сондай-ақ паролдерді ұстап алудың өзге тəсіл-
дері қолданылады.
«Маскарад» - бұл тиісті өкілеттіктерге ие өзге пайдаланушы-
ның атынан, бір пайдаланушының қандай да бір əрекеттерді орын-
дауы. Қандайда бір əрекетті өзге пайдаланушыға жазу, не өзге 
пай даланушының өкілеттіктері мен пұрсаттарын өзіне иеленіп 
алу, «маскарадтың» мақсаты болып саналады. «Маскарадты» іске 
асырудың мысалдары болып:
•  өзге пайдаланушының атын немесе паролін пайдаланып 
жүйеге кіру;
• өзге пайдаланушының атынан желіге хабарлар беру табы-
лады.
«Маскарад» банк жүйелеріндегі электрондық төлемдерде, 
əсіресе, қауіпті, онда қаскүнемнің «маскарадынан» клиентті (тұ-
ты нушыны) дұрыс сəйкестіндірмеу, банктың заңды клиентіне 
үлкен шығын əкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет