Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет51/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Рұқсатсыз қатынау – компьютерлік бұзулардың неғұрлым 
кең таралған жəне алуан түрі. Пайдаланушының (бұзушының), 
ұйымда қабылданған қауіпсіздік саясатына сəйкес белгіленген, 
қатынауды шектеу ережесін бұзу үшін объектіге қатынауы рұқ-
сатсыз қатынаудың мəні болып табылады. Рұқсатсыз қатынау 
қор ғау жүйесіндегі кез келген қателікті пайдаланады жəне қор-
ғау құралдарын ұтымды емес түрде таңдаған кезде, оларды 
дұрыс орнатпағанда жəне баптағанда болуы мүмкін. Рұқсатсыз 
қатынауды автоматтандырылған жүйенің штаттық құралдары, 
сол сияқты арнайы жасалған аппараттық жəне бағдарламалық 
құралдар жүзеге асыруы мүмкін. 
Бұзушы сол арқылы автоматтандырылған жүйе құралдарына 
қатынауы жəне ақпараттарды ұрлауды, түрлендіруді жəне/немесе 
бүлдіруді жүзеге асыруы мүмкін, рұқсатсыз қатынаудың негізгі 
арналарына:
•  бұзушылардың оларды пайдалануы кезінде ақпараттарға 
(пайдаланушылардың терминалдары, операторлары, жүйе əкім-
шісі; ақпараттарды бейнелеу жəне құжаттау құралдары, байла-
ныс арналары) қатынаудың штаттық арналары, сондай-ақ заңды 
пайдаланушылардың олардың өкілеттіктері шектерінен тыс 
ақпараттарға қатынауы;
• технологиялық басқару пульттері;
•  автоматтандырылған жүйенің аппараттық құралдары ара-
сындағы байланыс желілері;
• аппаратурадан жанама электрмагниттік сəулелер, байланыс 
желілері, электрқорек желілері жəне жерге тұйықтау жəне т.б. жа-
тады. 


61
Рұқсатсыз қатынаудың бүкіл алуан түрлі тəсілдері мен амал-
дарынан:
• парольдерді ұстап алу;
•  пұрсаттарды заңсыз пайдалану сияқты кең таралған жəне 
бір-бірімен байланысты бұзуларға тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет