9 3. Ақырында, ақпараттық жүйелерге адамдар қауіп төндіреді.
Бұл операторлар мен əкімшілердің байқамай қате жіберуі, осының
нəтижесінде ақпараттың жоғалуы немесе жүйе жұмысында кіді-
рістің болуы, сонымен қатар зиян келтіру үшін қасақана əрекет
жасауы болуы мүмкін.
Ақпараттық жүйе немесе деректерді өңдеудің автоматтан-
ды рылған жүйесі (АСОД) (ДӨАЖ) ақпараттық қауіпсіздікті қам тамасыз ету объектісі болып саналады. Автоматтандырыл-
ған жүйелерде ақпараттарды қорғауға арналған жұмыстарда, соң-
ғы уақыттарға дейін, жиі түрде АЖ (ақпараттық жүйе) термині-
мен алмастырылатын, ДӨАЖ (АСОД) термині қолданылып келді.
Сонда, бұл термин ретінде нені түсінеміз?