Ақпараттың сыртқа шығып кету арнасы – хабарлағыш
жəне ақпараттар беру ортасының жиынтығы.
Тəуекел – нақты шабуыл нақты осал тұсты пайдаланып жү-
зеге асырылатындығы туралы ықтималдық.
Ақыр соңында, əрбір ұйым ол үшін рауалы тəуекел деңгейі
туралы шешім қабылдауы тиіс. Бұл шешім ұйымда қабылданған
қауіпсіздік саясатында көрініс табуы қажет.
Қауіпсіздік саясаты – ақпараттық құндылықтар ұйымдарда
жəне ақпараттық жүйелер арасында қалай өңделетінін, қорға-
латынын жəне таралатынын анықтайтын ереже, нұсқаулар жəне
тəжірибелік дағдылар; қауіпсіздік сервистерін беру үшін крите-
рийлер жиыны.
Қауіп-қатер – ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін бұзатын
əлеуетті мүмкін əрекет.
Шабуыл – ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін бұзатын кез кел-
ген əрекет. Неғұрлым формалды түрде былай деп айтуға болады,
шабуыл – бұл қауіпсіздік саясатын бұзуға əкелетін жəне аталған
ақпараттық жүйенің осал тұсын пайдаланатын, бір-бірімен бай-
ланысқан əрекеттердің тізбегі немесе əрекет.