Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Диплом жұмыстарын дайындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет116/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   158
Диплом жұмыстарын дайындауға арналған әдістемелік нұсқаулар  
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары 
кәсіби  білім  беру  стандартына  және  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес,  «Білім 
беру»  саласы  мамандықтарының  бір  тобынан  міндетті  түрде,  ал  кейбір 
мамандықтар  бойынша  бітірушілердің  қалауымен  диплом  жұмысы 
жазылады.  
 
Диплом  жұмысының  тақырыбы  сан  алуан,  соған  сәйкес  оның 
құрылымын анықтау өте күрделі.  
 
Белгілі  бір  мамандық  пен  ғылым  саласының  маңызды  мәселесін 
зерттеуге  арналғандықтан,  диплом  жұмысының  ғылыми  аппараттарында, 
құрылымында  өзіндік  ерекшеліктер  болады.  Мысалы,  тарихи  тақырыпқа 
жазылатын  дипломдық  жұмыс  тәжірибе  -  педагогикалық  экспериментті 
қажетсінбейді, ал әдістемелік тақырыпқа жазылатын дипломдық жұмыстың 
құрамдас бөлімі - тәжірибе - педагогикалық эксперимент. 
 
Кіріспеде орын алатын ғылыми болжамның да ерекшелігі бар. 
 
Ғылыми  болжам  мен  міндеттер  бір-бірімен  байланыста  болады. 
Сондықтан,  диплом  жұмысының  ғылыми  аппаратын,  құрылымын 
анықтағанда, бұл ерекшеліктерді ескеру керек.  
 
Кез-келген  деңгейдегі  ғылыми  жұмыс  бес  бөліктен  тұратындығы 
белгілі: 
-  Кіріспе; 
-  Жұмыстың негізгі теориялық бөлімі; 
-  Тәжірибелік немесе эксперименталдық бөлімі; 
-  Қорытынды; 
-  Дерек көздері (әдебиет). 
Зерттеу  тақырыбына  байланысты,    диплом  жұмысы  бөліктерінің  ішкі 
құрылымын мамандықтардың ерекшеліктеріне сәйкес, бейімдеуге болады. 
 
Әдістемелік  нұсқау  бағыт  берер  басты  құжаттарды  және  жоғары  оқу 
орындарының тәжірибесін зерттеу негізінде дайындалды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет