Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет40/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   158
Зерттеудің  ең  соңғы  этапы  –  зерттеу  нәтижелерінің  көркемделуі. 
Бұған  материалдарды  топтастыру,  ғылыми  деректердің  дәл  анықтамасы, 
сараптамасы, факторлар мен қорытындылардың негізінде автордың ғылыми 
тұжырымдамасының  мазмұны.  Соңғы  этапта  зерттеу  нәтижелерін 
көркемдеуден  басқа  авторлық  тұжырымдаманы  қорғау  кезеңі  өтеді. 
Педагогикалық оқулықтарда және ғылыми практикалық конференцияларда, 
баяндама,  хабарлама,  курстық,  дипломдық  жұмыстар,  кандидаттық  және 
докторлық  диссертациялар  –  бұлардың  барлығы  зерттеу  нәтижелерін 
көркемдеудің комплексті формалары, авторлық идеялардың қорғалуы. 
Кез  келген  деңгейлердегі  ғылыми  жұмыс  –  дипломдық  жұмыстан 
диссертацияға дейін бес бөліктен тұрады: 
1.  Кіріспе  –  ол  тақырып,  пән,  зерттеу  міндеті  мен  әдістері  туралы 
қысқаша түсінік береді. 
2.  Жұмыстың  негізгі  теориялық  бөлігі  –  онда  мәселе  бойынша 
әдебиеттер анализін ашады. Бұл бөлігінде  мәселе тарихы ашылып, сұрақты 
зерттеуге  байланысты  педагогикалық  жұмыстың  қызықты  сипаттамасын 
береді.  Ең  алдымен  жұмыс  тақырыбы  қай  уақытта  пайда  болғандығының 
ретімен немесе идеяның маңыздылығымен қарастырылады. 


 
77 
3.  Тәжірибелік  немесе  эксперименталдық  жұмыстың  сипаттамасы, 
сараптамасы.  Бұл  бөлімге  мектептегі  тәжірибе  алмасу  элементтерін  қосуы 
тиіс, бірнеше алынған факторлар мен бірнеше алынған сандық материалдар 
көрініс  табуы  қажет.  Ғылыми  жұмыстағы  ең  құндысы  –  бұл  жеке 
қорытындылары 
мен 
әдістемелік 
нұсқауларын, 
тұтас 
теориялық 
концепцияға бірігуі. 
4.  Қорытындысы.  Бұл  бөлікте  бірінші  бөлімдегі  мазмұны,  қысқаша 
түрде идея қайталанады. Қорытындысында ең маңыздысы зерттеуші зерттеу 
мәселесі бойынша еңгізген жаңашылдықта көрсете отырып, келешекке көңіл 
бөлдіру, келешектегі өзінің ізденісіндегі бағдарламасын белгілеу. 
5.  Библиография.  Оның  құрылуы  маңызды  міндет.  Жаңадан  бастап 
жүрген зерттеушілер сілтемелер көрсетуді ұмытып кетіп жатады. Кез келген 
ғылыми  жұмыс  ең  алдымен  маңызды  толық  теориялық  аппарат, 
фундаментальдық  пікірлер  және  жаңашыл  педагогикалық  зерттеулер 
негізіне сүйенеді. 
Ғылыми жұмыстарды жазу мен көркемдеу әдістемесінің ерекшеліктерін 
мына жұмыстардан көруге болады.  
Мәнжазба  (лат.  Reverre  –  баяндау,  хабарлау)  –  ғылыми  еңбектің 
мазмұнын  жазбаша  қысқаша  жазу  немесе  ауызша  баяндау.  Мәнжазба 
мазмұны мүмкіндігінше көптеген ақпараттан тұрады. Ол жаңа мәліметтерге 
көп  көңіл  бөліп,  құжатқа  деген  қатынасының  тұтас  әрекетін  анықтайды. 
Мәнжазбалар бірінші құжаттар (кітап, журнал, ғылыми еңбектер, жинақтар, 
есеп  беру  және  т.б.)  мен  екінші  құжаттарда  (мәнжазбалық  журналдар  мен 
жинақтар ақпараттық карталар, магниттік ленталардағы массивтер және т.б.) 
болады. 
Екінші  құжаттарда  бірінші  құжаттардан  алынған  не  арнайы  құралған 
мәнжазбалар орналасады. 
Мәнжазбаның  талаптарына  сай  библиографиялық  көрсеткіштері 
болады, яғни ол мына мәліметтерден тұрады. 
- библиографиялық тізімнің атауы; 
- мәнжазба атауы; 
- мәнжазбаға қатысты тілдердің ақпараттық –іздеу элементтері. 
Егер,  мәнжазба  баяндамалық  құжатпен  шығарылса,  билиографиялық 
тізімді көрсетпеуге болады. 
Мәнжазба  атауы  баяндамалық  құжаттан  мына  жағдайлар  арқылы 
ерекшеленеді: 
-  мәнжазба  ерекше  тілде  жазылады  және  оның  атауы  да  сол  тілде 
жазылады; 
-  мәнжазба  құжат  бөліктерінен  құралады  да,  сол  берілген  бөлімнің 
атауын мәнжазба тілінде береді; 
-  құжаттың  атауы  құжат  немесе  мәнжазба  мазмұнын  көрсетпейді, 
сондықтан мәнжазба тілінде мәнжазбаға жаңа атау беріледі. 
Мәнжазба жұмысының  негізі баяндаудан басталады. Библиографиялық 
тізімдегі  мәлімет  атауы  мәтінде  қайталанбауы  керек.  Ешбір  артық  сөз 
енгізілмеуі  керек  (мысалы,  «автор  бұл  мақаланы  былай  қарастырады  ...»). 


 
78 
егер  тарихи  анықтамалар  құжаттың  негізгі  мазмұнын  құрамаса,  онда  олар 
мәнжазбада келтірілмейді. 
Мәнжазба мына жоспар бойынша құрылады: 
-тақырып,  пәні  (обьектісі),  өзгешелігі  және  жұмыстың  мақсаты. 
Мәнжазбада пәннің (обьекті), тақырыптың ерекшелігін жұмыстың мазмұны 
мен мақсатын аша түсуі үшін нақты көрсету керек. 
-  Жұмыстың  өткізілу  әдісі.  Эксперименттік  емес  жұмыстардың 
мәнжазба  құжаттарында  оларды  өңдеудің  өзгешелігі  мен  мәлімет  көздері 
көрсетіледі. 

Жұмыстың  нақты  нәтижелері.  Мұнда  негізгі  теориялық, 
эксперименталдық, суреттелу нәтижелері болады. 
-  Қорытынды  (баға,  ұсыныс),  бірінші  құжаттағы  қабылданған  және 
қайтарылған гипотезалар. 
-  Қолданылу  аумағы.  Егер  құжаттың  қандай  да  бір  бөлігі  болмаса 
(әдістері,  қорытындысы,  қолданылу  аймағы),  онда  баяндаудың  реттілігін 
сақтай отырып, мәнжазбада оны кейінге қалдырады. 
Мәнжазбада  баяндау  материалдары  қысқа  нақты  болуы  керек. 
Синтаксистік құрылымдарды, ғылыми және техникалық құжаттарға қатысты 
тілдік  жүйелерді,  күрделі  грамматикалық  оралымдарды  қолдану  керек. 
Сондай-ақ,  стандартталған  терминолрогияларға  сүйеніп,  ал  бұрын 
қолданылмаған терминдер мен белгілерді қолданбаған дұрыс. 
Мәнжазбада формулалар мынадай жағдайларда келтіріледі: 
-мәнжазба мәтінін, формулаларсыз құру мүмкін емес; 
Формулалар  бірінші  құжатта  баяндалған  жұмыс  нәтижелерін 
бейнелейді. 
-формулалар  құжатта  сипатталған  жұмыстың  түсінігін  шындығында 
жеңілдетеді. 
Мәнжазбаға  құжаттың  негізгі  мазмұнын  ашып,  мәнжазба  көлемін 
қысқарта  түсетін  көрнекіліктерді,  кескін  келтірілген  мысалдарды,  кітап  
суреттерді қолдануға болады. 
Мәнжазба  мәтінінде  фамилиялар,  мекеме,  ұжым,  фирма  атаулары  мен 
есімдер  өз  тілдерінде  беріледі,  кей  кезде  транслитерацияға  ұшыратуға 
болады.  Егер  есімдер  латын  немесе  кириллица  әріптерімен  берілсе,  онда 
жақшаның ішіне түпнұсқасы (оригинал) жазылады. 
Мәнжазба көлемі құжат мазмұнымен, мәлімет  көлемімен және олардың 
ғылыми құндылығымен немесе олардың тәжірибелік мәнімен анықталады. 
Таспа белгілерінде мәтіннің орта көлемі: 
500- белгілер мен қысқа хабарламалар үшін; 
1000- көптеген мақалалар, патенттер үшін; 
2500- үлкен көлемдегі құжаттар үшін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет