Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Тәуелсіз  сипаттамаларды  жалпылау  әдісі



Pdf көрінісі
бет65/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   158
 Тәуелсіз  сипаттамаларды  жалпылау  әдісі  –  тұжырымдардың 
объективтілігін  жоғарылатады.  Әр  түрлі  ақпарат  көздерінен  түскен 
мәліметтерді өңдеу. 
Статистикалық  әдіс  оның  шеңберінде  мынадай  нақты  әдістемелер 
қолданылады: 
тіркеу  –  белгілі  сыныптың  белгілі  бір  сапасын  анықтау  және  осы 
сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу; 
ранжирлеу  –  жиналған  деректердің  белгілі  бір  жүйемен  орналасуы, 
объектілердің осы қатардағы орындарын анықтау; 
шәкілдеу  –  зерттеу  сипаттамаларына  балдар  немесе  басқа  цифрлық 
көрсеткіштер беру. 
Шәкілдердің  негізгі  орналасу  реті:  аталым  шәкілдері  (номиналды); 
тәртіп  (немесе рангілік) шәкілдері; арақашықтық шәкілдері; қарым-қатынас 
шәкілдері; 
     Аталым шәкілдері – ең  «әлсіз» шәкілдер. Оларда сандар мен басқа 
да  белгіленімдер  таза  символдық  түрде  пайдаланылады.  Объектілердің 
аталымдарын  білдіреді.  Бірден-бір  математикалық  сипаттама  объектілердің 
неге  жататындығын  анықтау.  Мысалы:  зерттеу  объектісі  сол  сыныпқа  жата 
ма,  мамандықтар  тізімі,  оқушылар  мінездемелерін  саралау.  Тәртіп 
шәкілдерінде  шама  тәртібі,  «үлкен»  мен  «кішінің»  қарым-қатынасы,  жалпы 
иерархия  белгіленеді.  Оларды  қолданудың  мысалы  ретінде  «бойы 
сұңғақтау», «бесеуден көбірек», т.с.с. типтегі ранжирлеу қызмет етеді. 
«Күшті»  шәкілдер  –  арақашықтық  және  қарым-қатынас  шәкілдері 
болып  саналады.  Арақашықтық  шәкілі  шәкілдегі  жекелеген  сандардың 
арасындағы  белгілі  бір  арақашықтықты  көздесе,  ал  қарым-қатынас 
шәкілінде  нөлдік  нүктенің  өзі  де  анықталып  қойылған.  Мысалы: 
термометрлер, вольтметрлер шәкілдері және басқалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет