Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Үй тапсырмасы бойынша әңгімелесу үлгісінен үзінді



Pdf көрінісі
бет91/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   158
Үй тапсырмасы бойынша әңгімелесу үлгісінен үзінді: 
Мұғалім:  Омар:  ”Iнім  өзінің  ойыншығын  әкеліп,  жөндеп  беруді  өтінді” 
деген тапсырма құрастырған. Бұл тапсырманы есепке ұқсас деуге бола ма? 
Оқушылар: Иә, бұл - есепке ұқсас. 
Мұғалім:  Себебі? Дәлелдеңдер. 
Оқушылар: Бізге бұйым ”ойыншық” белгілі, ал жөндеу  (не  істеу керек)-
белгісіз. Ал есеп дегеніміз - белгілі арқылы белгісізді табу. Сондықтан есеп 
деуге болады. Тапсырмада осындай. 
 
Мұғалім басқа тапсырмалар бойынша әңгімені осылай жалғастырады. 
 
 
 
Оқу және нақтылы практикалық міндет 
Сабақтан үзінді: 
 
Мұғалім:  Біз  жақында  ғана  есептің  (тапсырманы  орындаудың) 
мектепте  ғана  емес,  өндірісте  де  (жұмыста  да)  кездесетінін  білдік.  Өмірде 
адамдар  сан  алуан  тапсырманы  (есептерді)  орындай  отырып,  алдарына 
белгілі  бір  нақты  мақсат  қояды,  ол  мақсаттар  әр  түрлі  болады.  Ойланып, 
мына сұраққа жауап беріп көріңдер. ”Біз мектепте неге есеп шығарамыз?” 
 
Оқушылар:  Берілген  сұраққа  жауап  алу  үшін  немесе  белгілі  арқылы 
белгісізді  (жауабын)  табу  үшін  есеп  шығарамыз.  Есеп  біздің  болашақ 
жұмысымызға қажет. 
 
Мұғалім:  Мен  сендермен  толық  келісе  алмаймын.  Біз  есепті 
(жаттығуды,  тапсырманы)  бір  нәрсеге  үйрену  үшін  орындаймыз.  Үйрену 
дегенді  қалай  түсінеміз?  Ол  -  осы  және  осыған  ұқсас  есептерді 
(жаттығуларды,  тапсырмаларды)  орындау  үшін  қажетті  әрекет  тәсілін 
меңгеру  деген  сөз.  Есеп  шығарғанда  оның  жауабын  немесе  нақтылы 
нәтижесін  табуға  ұмтылсаңдар,  нақты-практикалық  міндетті  ғана 
орындайсыңдар,  ал  үйрену  мақсатын  қойсаң,  оған  жетудің  тәсілдерін 
игерсең,  оқу  міндетін шешкен  деп  айтады.  Мысалы,  325:5=65;   65  -  нақты-
практикалық  міндет;  Үш  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  бөлуді  үйрену  - 


 
150 
оқу  міндеті.  Енді  76-беттегі  №2  есепті  неге  шығаратынымызды 
түсіндіріңдер. 
 
Оқушылар: Есепті берілген сұраққа жауап табу үшін шығарамыз... 
Оқушылар  оқу  міндетін  анықтауға  қиналғандықтан,  мұғалім  басқа 
тәсілдер қолданады. 
Мұғалім:  Тақтаға  оқушылардың  өздері  белгілеген  мақсаттарды  жазып 
қояды.  1.  Сұраққа  жауап  беру  үшін  шығардық.  2.  Бұл  есепті  осындай 
үлгідегі есепті шығару үшін орындадық.    
Мұғалімнің  басшылығымен  оқу  және  нақты-практикалық  міндеттер 
анықталады.  Бұдан  соң  қазақ  тілінен  259-жаттығу  ұсынылып,  оқу  және 
практикалық міндеттерді анықтау тапсырылды. 
Оқушылар:  Оқу  міндеттері:  зат  есімді  үш  жақта  тәуелдеп  үйрену, 
сөздермен  байланысына  қарай  тиісті  тәуелдік  жалғауын  үйрену,  тәуелдік 
жалғауы  жалғанғанда  түбірінде  өзгеріс  болатын  сөздерді  дұрыс  жазуға 
үйрену; тәуелдік жалғауынын жақтарын ажыратуға үйрену. 
Мұғалім: Нақтылы-практикалық міндеттерді атаңдар. 
Оқушылар:  Нақтылы  -практикалық  міндеттер:  Көп  нүктенің  орнына 
тиісті  тәуелдік    жалғауын  жалғау;  мәтінді  көшіріп  жазу;  түбір  сөздерден 
дыбыс  құрамының  өзгерісін  анықтау;  берілген  сөздердің  қай  жақта  екенін 
табу. 
 
Бұл мысал арқылы бір жаттығуды орындауда оқушының бірнеше оқу 
және  нақты-практикалық  міндеттерді  шешетінін  аңғартамыз.  Мұғалім 
оқушылардың  назарын  нақты-практикалық  міндетті  шешу  оқу  міндетін 
шешуден гөрі оңайырақ екеніне аударады. 
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет