Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет99/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   158
Математика 
 
Берілген есептің мақсатын мұғалім анықтайды. ”Берілген тапсырманы 
орындай  отырып,  сендер  көп  таңбалы  сандарды  қосуға  және  азайтуға 
үйренесіңдер”.  Одан  соң  есептің  мақсатын  анықтауға  көмектесетін 
шарттарға  тоқталды:  білім,  өткен  тәжірибе  (атап  айтқанда  олардың 
үйренгендеріне  талдау  жасауы),  оқушылардың  осы  тақырып  бойынша  нені 
біліп, нені істей алатындарын, әлі де болса неге үйренуі керектігін көрсетеді. 
Одан  басқа  оқушылар  өз  әрекеттерінде  мақсатты  анықтаудың  қаншалықты 
маңызды екенін түсінеді. 


 
158 
 
Ол үшін мұғалім оқушыларға ”Берілген тапсырманы орындай отырып, 
сен нені үйренесің?”, ”Біз бұл тапсырманы неліктен орындаймыз?, ”Бұндай 
тапсырмаларды орындау іскерлігі саған қайда қажет болады деп ойлайсың?” 
деген сұрақтар бойынша үнемі мақсатты белгілеп отыруды ұсынады. 
 
Мұғалім осылай жұмыстың мақсатын нақты белгілеу үлгісін көрсетіп, 
мақсатты  анықтау  шарттарын  атайды,  олар:  тақырып,  өтілген  материалдар 
бойынша  білімі,  тапсырманың  мазмұны.  Жұмыстың  мұндай  мақсаттық 
бағыттылығы  (мақсатты  ойланып  белгілеу,  оның  бастауыш  сынып 
оқушылары  үшін  айқын  болуы)  оқушылардың  өзін-өзі  еріктік  тұрғыдан 
басқаруын  қалыптастырады.  Ең  бастысы  оқушыларды  мақсатты  анықтауға 
және  белгілеуге  үйрету,  сондықтан  алғашқы  кезде  мақсатты  анықтау 
өздеріне түрі таныс  тапсырманы орындап болғаннан кейін ұжымдық түрде, 
кейінірек  тапсырманы  орындар  алдында  жүргізіледі.  Мұғалім  төмендегідей 
типтес  сұрақтар  ұсынады:  шындығында,  сендерге  дейін  бұл  тапсырманы 
жүздеген  бастауыш  сынып  оқушылары  орындады.  Егер  дұрыс 
орындасаңдар.  сендер  де  басқалар  алған  жауапқа  жетесіңдер  Шығарылған 
есепті қайта шешудің не мәні бар? 
 
Сол  сияқты  бастауыш  сынып  оқушыларын  оқулықтағы  нақты 
практикалық  міндетті  оқу  міндетіне  айналдыруға  жаттықтырудың  маңызы 
зор.  Мысалы,  мұғалім  №3  (математика,  65-бет)  есептегі  көбейтуді  орында 
деген  нақты  практикалық  тапсырманы  оқу  міндетімен  алмастыруды 
ұсынады. 
 
Ал  қазақ  тілінен  320  -  жаттығудағы  ”Зат  есімнің  астын  бір,  етістіктің 
астын  екі  сызындар.  Етістіктің  қай  заттың  қимылын  білдіретінін  айтыңдар. 
Қарамен жазылған сөздердің түбірі қайсы, қосымшасы қайсы, қандай сұрақ 
қойылады?”  деген  тапсырмалардан  оқу  міндетін  анықтау.  Мақсатты 
анықтауды,  қабылдауды  еңбекке  баулу  сабағында  нақтылы  материал 
негізінде  дәлелдеген  жөн.  Себебі  әрбір  операцияның  басталуы  мен 
аяқталуын көрнекті түрде сезіне алады. 
 
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет