3.2. МАТАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-
ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады.
Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген
диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10
см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы,
толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.
Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның
құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен
өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен
арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның
мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылы- ғына, апшуына,
ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді.
Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді:
қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын
негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр
көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп
аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп
аталынады.
Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның
үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға
болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды.
Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша
раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін
негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін
арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте
қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі
сол жақ бұрышта белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: