Саржа айқаспасындағы сызықтардың қисаю бұрышы әртүрлі бо- лады. Тығыздығы бірқалыпты, негіз және арқау жіптерінің жуандығы бірдей болғандықтан саржа сызығының қисаю бұрышы 45 о -қа тең. Саржалық айқаспа матаға иілгіштік, жұмсақтық береді, бірақ жаймалықтыққа қарағанда мықтылығы нашар, себебі саржалық айқаспаның жапқышы жаймалық айқаспаға қарағанда сопақтау, ұзындау келеді. Матаның тығыздығы төмен болғандықтан олар диа- гоналы бойынша қатты созылады. Сәтенді және атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да олардың оң беті тегіс және жыл- тыр. Сәтеннің оң бетінде арқау жіптері, ал атласта негіз жіптері басым болады.