Машинаның инелері матаның арқау жіптерінен талшықтарды шығарып оларды бір бағыттан екінші бағытқа тарайды. Жақсы түк жасау үшін матаны түктеу машинасынан бірнеше рет өткізеді. Түктеуге мата сұр және ағартылған түрде жатады. 101
Зығыр маталарды өңдеу. Зығыр маталарды тазарту және дай- ындауды мақта - мата өндірісінің сұлбасы бойынша жүргізеді. Бірақ. оларға қарағанда байқастап, технологиялық операцияларды бірнеше рет қайталап орындайды. Өйткені зығыр талшығында мақтаға қарағанда табиғи серіктес заттар, әсіресе лигнин, көп мөлшерде бо- лады. Олар әдетте қиын ыдырайды. Осының салдарынан зығыр ма- талар қайнатудан, ағартудан және басқа өңдеуден қиындықпен өтеді. Сонымен қатар, талшықтарды бұзып алмау үшін, матаның қасиеттерін жоғалтпау үшін технологиялық процесстерді