киіздендіру басу машинасында 38-42 0 С температурада орындалады. Шұғалық маталарды 2-18 сағат басты- рады, кейбір костюмдік мәуіті маталарды 20-40 мин бастырады, оны «фулеровка» депте атайды. 102
Карбондау. Карбондау барлық таза жүн маталары үшін орын- далады. Маталарды 4-5 % күкірт қышқылының ертіндісімен сіңдірілгеннен кейін 70-95 0 С температурада кептіреді, 105 -110 0 С температурада қыздырады. Карбондау кезінде матада қалған өсімдік аралас қалдықтар жойылады. Жүн маталары мұндай өңдеу әдістеріне төзімді келеді. Карбондау арнайы агрегаттарда жүргізіледі. Соңынан маталар жуу - шаю операциясынан өтеді. Түктеу. Драптар, велюр типті маталар бетінде түкпен өндіріледі.