10.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелері
Сертификаттау жүйесі – процедура мен басқаруды қамтитын өзінің ережелері бойынша сертификаттауды жүзеге асыратын жүйе. Қазақстан Республикасында сертификаттаудың заңды негізі болып 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданған «Техникалық реттеу туралы» заң болып табылады, бұл заң 1999 жылы 16 шілдеде қабылданған «Сертификаттау туралы» заңын орын ауыстырады.
Сертификаттау жүйесін (жалпы түрде) құрайды: орталық орган (Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) «Сараптау мен сертификаттаудың ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамы арқылы жүйені басқарып отырады, оның қызметіне бақылау жасап және сертификаттауды басқа органдарға бере алады (сертификаттау бойынша аккредитталған органдарға және аккредитталған сынау орталықтарына), сертификаттауды өткізу ережелері мен тәртібін, сертификаттау жүргізілетін нормативті құжаттарды, сертификаттау процедураларын, инспекциялық бақылаудың тәртібін орнатады.
Сертификаттау халықаралық сауданы дамытуға бағытталған, бірақ жүйеде техникалық кедергілер болуы мүмкін. Сертификациялық кедергінің объективті жағдайлары: стандарттағы, заңнамадағы, сертификаттау жүргізудегі өзгешеліктер, сонымен қатар сертификацияны шетел өндірісі тауарларының ішкі нарыққа кіруден қорғау протекционизм тәсіліне айналдыру жағдайы. Осылайша, стандартты бәсекелестік жарыстың құралына айналу мүмкіндігі зор. Сертификаттау жүйесі мекемелерінде сертификатты алудың осындай жағдайлары жиі кездеседі, ол орта және кіші бизнесті мекемелеріне немесе шетел өндірушілеріне орындау мүмкін емес.
Осындай кедергілерді болдырмау үшін саудада өзара тану келісімі бар (бір жақты, екі жақты, көп жақты). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында «сертификаттау нәтижелерінің өзара тану келісімі» іске асуда. Бірақ бұл салада сертификаттау жүйесінің көп ведомствалар ережелерінің сәйкес келмеуінен көптеген мәселелер туындайды ( Ресейде – сертификаттаудың өз жүйелерін жасаған және Ресей Федерациясының Мемлекеттік Стандартының негізінде жұмыс жасайтын 18 министрлік бар ).
10.1- кесте.Сертификаттау стандарттары
ҚР СТ 3.0-2001
|
ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер.
|
ҚР СТ 3.1-2001
|
ҚР МСЖ. Өнім мен көрсетілетін қызметті сәйкестік Белгісімен таңбалау.
|
ҚР СТ 3.4-2003
|
ҚР МСЖ Өнім сәйкестігін растау реті. Жалпы талаптар.
|
ҚР СТ 3.5-96
|
ҚР МСЖ Көрсетілетін қызметті сертификаттау. Негізгі ережелер.
|
ҚР СТ 3.6-96
|
ҚР МСЖ Қоғамдық тамақ қызметін сертификаттау
|
ҚР СТ 3.7-2002
|
ҚР МСЖ. Туристік экскурсиялық және мейманханалық қызметті сертификаттау реті
|
ҚР СТ 3.8-2000
|
ҚР МСЖ. Сарапшы-аудиторлар. Мамандандырылған талаптар, дайындау реті және аттестаттау.
|
ҚР СТ 3.9-2004
|
ҚР МСЖ. Импортталған өнім сәйкестігін растау. Жалпы ережелер.
|
ҚР СТ 3.10-2007
|
ҚР МСЖ Апелляцияларды қарастыру тәртібі
|
ҚР СТ 3.11-2003
|
ҚР МСЖ. Жүйенің Мемлекеттік тізілімінің құрылымы және жүргізу тәртібі.
|
ҚР СТ 3.12-2005
|
ҚР МСЖ. Телекоммуникациялық байланыс құралдарын міндетті сертификаттау негізгі ережелері
|
ҚР СТ 3.13-2005
|
ҚР МСЖ. Телекоммуникациялық байланыс құралдарын сертификаттау реті
|
ҚР СТ 3.15.1-2006
|
ҚР МСЖ. Сапа жүйелерін және өндірістерді сертификаттау. Негізгі ережелер
|
ҚР СТ 3.15.2-2006
|
ҚР МСЖ Сапа жүйелерін және өндірістерді сертификаттау. Сапа жүйелерін сертификаттауды жүргізу тәртібі
|
ҚР СТ 7.2-2000
|
ҚР МСЖ Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
|
ҚР СТ 7.3 -2002
|
ҚР МСЖ Сынау зертханаларына (орталықтарына) қойылатын жалпы талаптар
|
Мысалы, Ресей Федерациясының теміржол саласында (Қазақстан мен Ресей Федерациясының сертификаттау заңдарының өте үлкен айырмашылығын ескеру керек) теміржол көлігіне өзіндік сертификаттау жүйесі жасалған. РФ теміржол қатынастары министрлігі РФ Мемлекеттік Стандартымен келісімге отырып, сертификаттау бойынша органдар мен сынау орталықтарын аккредиттау құқығын алды.
Қазақстан республикасында тек бір ғана – мемлекеттік сертификаттау жүйесі қалыптасқан. Бұл жүйенің жұмыс жасау құқықтық қамтамасыз етілуі «Техникалық реттеу» ҚР Заңымен анықталады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау аумағында бірыңғай саясат жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен процедураларын, сертификаттау органдарына, сынау зертханаларына талаптар, олардың аккредитация процедураларын, сертификаттау жүргізетін сарапшы-аудиторларды дайындау және аттестациялау, мемлекеттік сертификаттау жүйесі реестрін жүргізу, аудит пен инспекциялық бақылау ережелері, сертификаттау мақсатын іске асыруға қажет басқа ла талаптарды орнатады.
Сертификаттау бойынша жұмыстарды басқару өкілетті ресми сертификаттау органы – «Сараптама мен сертификаттаудың ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамына жүктелген. Сертификаттау жүйесінің негізі процедураларын анықтаушы СТ ҚР 3..., 7..., 14 стандарты бар.
Сертификаттау бойынша органдар, өнімді шығарушыға, оны жеткізуші және тұтынушыға байланыссыз, ГСС нормативті құжаттарында орнатылған талаптарға сәйкес (СТ ҚР 7.2-2001) заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Сынау зертханалары (орталықтар) заңды тұлға статусын алуы немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болуы мүмкін (бұл жағдайда сертификаттау органының қызметкерінің сынауда қатысуы қамтамасыз етілуі тиіс).
Сертификаттау жұмыстарының мекемесі үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:
Сертификаттау объектілері анықталуы;
Сертификаттау жүргізілетін талаптарға сәйкестігіне нормативті құжаттардың түрлері мен деңгейлері орнатылуы;
Сондай сәйкестікті қолданушы ережелер мен проецедуралар реттелуі;
Оларды өткізу жағдайлары қамтамасыз етілуі, яғни сынауды өткізе алатын орнатылған тәртіпте аккредитталған сынау орталықтарының болуы;
Сәйкес саладағы сертификаттау бойынша орнатылған тәртіпте аккредитталған органның болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |