Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет124/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

10.3. Сертификаттау жүйелері


Сертификаттау жүйелері – осы жүйеде орнатылған ережелер бойынша сертификаттау жұмыстарын жүргізуге қатысушылар жиынтығы. Сертификаттау жүйесі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өз ережелері мен басқару процедураларын қолданады. Жүйелер ұлттық, мемлекетаралық, аймақтық және халықаралық деңгейде қалыптасады. Сертификаттау процесін құрайтын процедуралар, ережелер, сынаулар және басқа да іс-әрекетті түрлі факторларға байланысты қарастыруға болады. Егер сертификаттау жүйесі нақты бір өнімнің (процесс, қызмет) сәйкестігін дәлелдеумен айналысса – өз тәжірибесінде нақты осы өнімге қатысты стандарттар, ережелер мен процедура қолданатын біртекті өнімді сертификаттау жүйесі болып табылады. Осындай бірнеше біртекті өнім сертификаттау жүйелері жалпы сертификаттау жүйесін құрайды. Сәйкестікті бағалау деп берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелік тексеруді айтамыз. Сәйкестікті бағалаудың бір жеке басын өнімнің нақты сипаттамасын өлшеу жолымен сәйкестікті бағалауды тексеру деп атаймыз. Сертификаттау стандарттарға сүйенеді және оның негізінде сертификаттау нормаларына сай сынау жатыр. Тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің объективті қажеттілігі өнім мен қызметтің сапасын арттыру. Нарықтық қатынас жағдайында өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуына кепілдік беретін негізгі құрал – сертификаттау.
Сертификаттау жүйесі басқаруды да, процедураларды да өзінің ережелерімен жүзеге асыратын жүйе. ҚР сертификаттау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу үшін Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құрылған.
ҚР сертификаттау жүйесін мемлекеттік органына (ҚР Мемстандарты), өнім, процес, жұмыс және қызмет сертификаттаудың аккредиттелген органы және аккредиттелген сынау зертханалары (орталықтары) жатады. Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі (ҚР МСЖ) – ҚР сертификаттау мен аккредиттеу жұмыстарын жүргізу ретін орнататын, сертификаттау саласы бойынша жұмыстарды өз құзыреттілік шегінде жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалар жиынтығы.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясат жүргізу мен негізгі ережелер және сертификаттау ретін, сертификаттау органы мен сынақ зертханаларына талаптар және оларды аккредиттеу ретін, сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторларды дайындау мен аттестаттау ретін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің реестрін жүргізу ережелерін, аудит пен инспекциялық тексеру жүргізу ретін және т.б. сертификаттау мақсатын жүзеге асыруға қажетті талаптарды орнатады. Сертификаттау жұмыстарын басқару Қазақстан Республикасы Мемстандарты – стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік өкілетті органға бекітілген. Сертификаттау жұмыстарын қаржыландыру республикалық бюджеттен және келісімшарт негізінде жүргізілген жұмыстардан жүзеге асады. ҚР МСЖ жұмыстарына Қазақстан жерінде орналасқан барлық мемлекеттік басқару органдары, қандайда болмасын меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар, шетел ұйымдары мен фирмалары ашық қатыса алады. Міндетті шарт ҚР МСЖ ережелерін мойындау мен орындау міндетті шарт. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдастыру құрылымына: стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік өкілетті орган; өнімді, процесті, жұмысты, қызметті сертификаттау бойынша аккредиттелген орган; аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары); аккредиттеу саласында консалтингтік қызметтер көрсететін аккредиттелген ұйымдар; сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторлар кіреді.
ҚР МСЖ жұмыс жасауының құқықтық қамтамасыздығы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен анықталады.
Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы 10.5 суретте көрсетілген.

Ғылыми-әдістемелік сертификаттау орталығы



ААҚ «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы»




Сертификаттау жөніндегі органдар




Келісімшарт



Сынау хаттамасы


Сынау зертханалары




Сынау хаттамасының көшірмесі

Келісімшарт


Өтінім берушілер (дайындаушылар, сатушылар, орындаушылар)




10.5- сурет. Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы

Сертификаттау жұмыстарын басқару сертификаттаудың өкілетті ресми органы – АҚ «Сараптау және сертификаттаудың ұлттық орталығына» жүктелген. Өкілетті орган өзінің іс-әрекетін ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында бекітілген функциясына сәйкес жүргізеді және өзінің құзыреттілігі шегінде келесі функцияларды атқарады:


– заңнамаға, РК СМЖ талаптарына, ҚР мемстандарт ережелеріне сәйкес сертификаттау процедураларын орнатады;
– біртекті өнімдер (ережелерді, ретті) сертификаттау жүйесін бекітуді жасау және дайындауды ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды басқару мен бағыттау;
– жүйедегі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге қажетті нормативтік құжаттардың қорын жаңарту мен жетілдіру жұмыстарына қатысады. Атқарушы биліктің органы ретінде сертификаттау жұмыстарын нормативтік қамтамасыздандыру: жабдықтар мен құралдарды жасау, пайдалану және оларда қауіпсіз жұмыс істеу талаптарын орындайды және бекітеді, қажетті жағдайда ұсынылған ережелер мен нормалардың бірыңғай талаптарын, олардың сертификаттау мақсатына жарамдылығын ескере отырып тағайындайды ;
– қаіпсіздік талаптарын тағайындайтын халықаралық ережелер, нормалар және стандарттарды жасайды және келістіреді;
– Мемстандарты мен біртекті өнімді сертификаттау ережелерін мемлекеттік реестрге тіркеуге ұсынады;
– сертификаттаудың келешегі бар бағыттарын жасайды;
– ҚР міндетті сертификаттауға жататын өнім мен қызметтің түрлері бойынша ұсыныс дайындайды;
– сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеуге, олардың іс-әрекеттеріне инспекциялық тексеруге қатысады;
– сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының іс-әрекеттерін басқарады;
– сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын санаққа алады;
– шетел сертификаттарын, сәйкестік белгісін және сынақ нәтижелерін мойындау туралы ұсыныстар дайындайды;
– біртекті өнімдер топтарын сертификаттау жүйесі құрамын, сертификаттау органдары, сынақ зертханалары жүйесін ұтымды ұйымдастырады, сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларына қатысты шағымдарды қарастырады;
– қатерлі өнеркәсіп өндірістері, объектілері және жұмыстарын сертификаттау Кеңесін құрады.
Ғылыми-әдістемелік орталық сертификаттау жөніндегі органдардың біреуінің негізінде құрылып, келесі функцияларды ұсынады:
– жүйелік зерттеулерді жүргізеді және сертификаттау обьектілерінің құрылымы және құрамы бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды өңдейді;
– өнім сертификаттауы бойынша нормативтік-техникалық қамтамасыздандыру қорын өзектендіреді және жүргізеді;
– сертификаттау органдарын, сынау зертханаларын, сарапшыларды аттестаттау бойынша аккредиттеу комиссиясының жұмыстарына қатысады;
– ғылыми-зерттеулер жүргізеді және өнімді сертификаттау бойынша жұмыстар әдістемесі мен тәжірибелерін, соның ішінде Ережелерді жетілдіруде, олардың негізінде басқарушы құжаттар кешенін әзірлеуге ұсыныстарды дайындайды;
– жұмысқа қатысушылар ақпаратын таратады және реестр жүргізеді, ҚР мемлекеттік реестріне арналған қажетті мәліметтерді дайындайды;
– сертификаттау және аккредиттеу обьектісі бойынша ақпараттарды таратады және талдайды, реттеуші және басқарушы функцияларды қамтамасыз етуге бағдарланған, автоматтандырылған деректер банкін жүргізеді;
– халықаралық және озық шетелдік тәжірибенің есебімен сертификаттау бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін техникалық-экономикалық талдау мен бағалаудың әдістемелік ұсыныстарын әзірлейді;
– Орталық органы үшін жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша тәжірибелік ұсыныстарды дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет