Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет13/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   160
кәсіпкерлердің 
стратегиялық, 
тактикалық және жағдайлық деңгейлерін
бӛліп кӛрсетеді. Стратегиялық 
деңгейде кәсіпкерлер ҧзақмерзімді жетістікке бағытталған бизнес стратегиясын 
анықтайды. Әдетте, кәсіпкерлер 
бизнес-жоспарларды қалыптастыра
отырып, 
мҧндай сҧрақтарға жауап беруге тырысады. Олар кәсіпкерлік миссиясы жҥзеге 
асырудың маңызды қҧралы болып табылады. Бизнес-жоспарларды қҧрастыру 
барысында әрбір кәсіпкер ӛз бәсекеқабілеттілігінің әлеуетін мҧқият талдайды, 
бәсекелестерді зерттейді, нарық талаптарына сай болатын ӛз бизнесінің 
стратегиялық мақсаттарын қалыптастырады. 
Тактикалық деңгейде кәсіпкерлер нақты, ӛзара байланысты іс-әрекеттер 
тобын орындайды: 
қызметкерлерді 
басқарады, мәмілелер 
жасайды, 
инвестицияларды жҥзеге асырады, жобалардың презентациясын ӛткізеді, 
фирмаларды ашады және жабады. Жағдайлық деңгейде кәсіпкерлер нақты осы 
уақыттағы міндеттерді (кейде олар «айналып жҥр» деп айтады) шеше отырып, 
сыртқы ортамен қарым – қатынасқа тҥседі.
4)
 
Кәсіпкерліктің эволюциялық қағидаларына 
мыналар жатады:
 

бизнестің қарапайым нысандарынан кҥрделі нысандарына қарай сатылы 
даму қағидасы; 
 

нарыққа бағытталған экономикадағы бизнестің тарихи ерекшелік 
қағидасы; 
 

капиталдың бастапқы қорлану қағидасы.
 
5)
 
 Кәсіпкерліктің жҥйелік қағидаларына 
мыналар жатады: 

кәсіпкерлік бизнестің жҥйелілік қағидасы ; 

интегративті (жҥйелік) қағидалары негізінде бизнесті тҧрақты дамыту 
қағидасы;

бизнестегі орталыққа жинақтау және орталыққа ҧмтылу қағидасы;

бизнестің ҧлттық модельдерінің алуан тҥрлілік қағидасы; 

мемлекеттік шекараларды білмейтін, әлемдік жҥйе ретіндегі бизнесті 
қалыптастыру қағидасы.
«Кәсіпкерлік бизнес жҥйесі» 
тҥсінігі маңызды ғылыми категориялардың 
бірі болып табылады. 
Жҥйе
деп бірегей дамушы,ӛзара байланысқан
элементтердің жиынтығын айтады. Барлық жҥйелер біртҧтас және тҧрақты, ол 
жҥйелердің тҧрақты даму шарты болып табылады. 


21 
Қазіргі кәсіпкерліктің жҥйелі белгілері болып
мыналар табылады: 

кәсіби қҧзіреттілік 
фирмаларды, сонымен қатар ҧжымдық 
фирмалардағы акциялар мен ҥлестерді қҧру, сату, сатып алу, фирма ісін 
жҥргізу, бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекелік іс-әрекеттерге 
басшылық ету, әріптестер, клиенттер, контрагенттер, қызметкерлер, қоғам 
алдындағы міндеттемелерді орындау, оның ішінде салық тӛлеу аясындағы 
кәсіби білім, қабілеттер;

тҧрақтылық,
ол кәсіпкерлердің бәсекеқабілеттілігі мен қоғамдық 
танылуы негізінде бизнесті тҧрақты, ҧдайы дамытып отыру арқасында 
қамтамасыз етіледі; 

динамизм, 
ол бизнестің барлық субъектілерінің мҥдделері мен заңды 
қҧқықтарын ескере отырып бәсекелік артықшылықтарды ҥнемі арттыру 
қажеттілігі, кәсіпкерлердің ынтасы арқасында қамтамасыз етіледі; 

бҥтіндік, 
бизнестің барлық субъектілерінің ӛзара тығыз байланыстылығы 
арқасында қамтамасыз етіледі;
 

әлеуметтік сипат
, ол қазіргі кәсіпкерлік бизнестің, адамдар арасындағы 
қатынастардың барлығын қамтитындығымен және қоғамдағы мҥдделер 
келіспеушілігін жеңуге бағытталғандығымен анықталады;

ӛзін-ӛзі реттеуші сипат, 
ол дамудың ішкі ресурстарына, міндеттемелерді 
адал орындауға, заңды, қоғамда қабылданған іскерлік айналым дәстҥрлері мен 
этикалық нормаларды ҧстануға, ескілерді жеңуге негізделген.
1.5
 
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУ ШАРТТАРЫ 
Кәсіпкерлер кәсіпкерлік жобалар мен келісімшарттарды жҥзеге асыруға, 
сонымен қатар пайда (табыс) алуға, қойылған мақсаттарды жҥзеге асыруға 
және табысқа қол жеткізуге мҥмкіндік беретін, алуан тҥрлі (объективті және 
субъективті) факторлардың ҥйлестірілген жиынтығын қҧрайтын, белгілі бір 
жағдайларда қызмет етеді. Ҥйлестірілген кҥрделі жҥйе ретінде кәсіпкерлік орта 
кәсіпкерлерге тікелей байланысты болмайтын сыртқы және кәсіпкерлердің 
тікелей қалыптасуымен қалыптасатын ішкі ортаға бӛлінеді.
Кәсіпкерлік орта ӛндіруші кҥштерді дамыту, ӛндірістік (экономикалық) 
қатынастарды жетілдіру, қолайлы қоғамдық және мемлекеттік менталитетті 
қҧру, кәсіпкерлердің ӛмір сҥру (қызмет ету) ортасы ретінде нарықтың 
қалыптасуы және тағы да басқа маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады. 
Тиімді кәсіпкерлік орта кәсіпкерліктің дамуының алғашқы және анықтаушы 
шарты ретінде қажетті экономикалық еркіндікті, ал екінші шарты ретінде 
ҧйымдастырушылық-шаруашылық тҧрғысынан жаңашылықты қамтамасыз етуі 
керек. Қандай да бір дәрежеде кәсіпкерлік ортаның бҧл екі маңызды элементі 
ел Конституциясында бекітілген. Атап айтқанда, онда әркімнің кәсіпкерлік 
қызмет ҥшін ӛз мҥліктері мен қабілеттерін еркін қолдануға қҧқығы бар екендігі. 
Сот шешімінен басқа жағдайда ешкімнің ӛз мҥлкінен (кәсіпкерлік қызметтің 
материалды негізі ретінде) айрыла алмайтындығы, жер және басқа да табиғи 
ресурстарды иемдену, пайдалану мен жҧмсау олардың иелерімен еркін тҥрде 
жҥзеге асырылатындығы, Қазақстанда бірегей экономикалық кеңістік, 


22 
тауарлардың, қызметтер мен қаржы қаражаттарының еркін айналымы, бәскені 
қолдау, экономикалық қызметтің еркіндігі кепілдендіретіні, және ақырында 
жеке, мемлекеттік және басқа да нысандағы меншік нысандары танылып 
қорғалатындығы кӛрсетілген.
Кәсіпкерлік қҧрылым мен сыртқы ортаның ӛзара әрекеттесуі 1-суретте 
кӛрсетілген.
Сыртқы орта 
 
Сыртқы орта 
1-сурет.
Кәсіпкерлік қҧрылым мен сыртқы ортаның әрекеттесуі 
Мемлекеттік 
органдар мен 
заңдар 
Әріптестер мен 
әріптестік байланыстар 
«Кҥшпен әсер ету» 
кӛздері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет