Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет126/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   141
Экологиясы бұзылған 
аймақтар
 Не себепті экологиясы 
бұзылған?
Экологиясын қалпына 
қалай келтіруге бола-
ды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


186
Қымбатты оқушылар!
Біз сендермен бірге бір жыл бойы көркем әдебиеттің көптеген асыл 
қазынасымен  таныстық.  «Дананың  сөзі  –  ақылдың  көзі»  бөліміндегі 
Қорқыт бабамыздың нақыл сөздері мен Қожа Ахмет Ясауи даналықтары 
арқылы ежелгі дәуір әдебиеті мұраларының қомақты бөлігімен таныстық. 
«Көркем  әдебиет  және  эпикалық  сарын»  бөлімінде  Мұрат  Мөңке
ұлының  толғаулары  арқылы  туған  жерді  бағалау  және  қадір  тұтып 
қорғау  керегін  ұқтық.  Ал  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «Еңлік–Кебек» 
дастанындағы кейіпкерлер арқылы халқымыздың салтдәстүрі, тарихы, 
әлемге деген көзқарасын білдік. Ақынның «Жастарға» өлеңіндегі ақыл
кеңестерін  назарға  ала  отырып,  оқубілімнің  пайдасы  өзіміз  үшін  де, 
халқымыз үшін де өте маңызды екенін ұқтық.
«Махаббат  және  абырой»  бөліміндегі  М.  Дулатов,  Б.  Момышұлы,  
Д. Иса беков, М. Мақатаевтың шығармалары арқылы абырой мен махаб бат 
егіз ұғым екенін түсіндік. Себебі, махаббат қашанда абыройлы болғанда 
ғана баянды болатынын кейіпкерлерге талдау жасай отырып білдік.
«Қиял мен шындық» бөліміндегі аңызәңгімелер мен фантастикалық 
шығармалар арқылы көркемдік шындықтың құдіретін сараладық. Жал
пы қандай көркем шығарма болмасын, басты нысаны – адам болатынын 
білдік.
Көркем әдебиет оқу арқылы білім көкжиегің кеңейіп, жан сарайыңда 
жаңа білім негізі қалыптасады. Сондықтан жаз айларында да өзіңе ұнаған 
жанрда көркем шығармалар оқуды тоқтатпа. 
Жас дос, саған сәттілік тілейміз! 
Авторлар
СӨЗ СОҢЫ
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет