2. Мәтінді түсініп оқы.
Құрманғазы Ақмаңдай қыз құрбыларымен бірге өзен бойлап жи-
дек теріп қайтқан. Жүзі жайнап, үйге көңілді енді. Төр
алдында бұрын көрмеген бейтаныс қонақ отыр екен. Егде
тартқан ата-ананың жалғыз қызы Ақмаңдай ешкімге
артық көз тоқтатып қарамайтын ер мінезді, ерке бой-
жеткен болатын. Сол әдетімен үйдегілерге мойын бұрып
қарамастан, үкілі сары домбырасына қол созған. Дом-
быраны алып, жүкаяқтың алдындағы көрпешеге жай-
ланып отырды. Алғашқы бір-екі қағыстан-ақ құлағы
теріс бұралып қалғанын байқады.
Ол қабағын шыта ата-анасына қарап:
– Мынаның құлағына кім тиген? – деді. Олар не
дерін білмегендей төр алдындағы қонаққа қарады. Қо-
нақ үнсіз қыз қимылын бағып қалған. Ерке қыз сөзін
екі қайталамады. Домбырасының құлағын өз бұрауына
түсіріп алды да, бір күйді тарта жөнелді. Бұл – Адай
руының енді-енді аты шыға бастаған өнерлі қызы
Ақмаңдай болса, тартып отырғаны «Адай» атты күй
еді. Қонақ қыз тартқан күйді қалт етпей тыңдады. Күй
аяқталысымен саңқ еткен үнмен:
– Қарағым, домбыраны бері берші. Күйдің күйін
кетірдің ғой, – деді.