Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет50/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108
2. Түсініп оқы.
Аяулы Жақаң
Міржақып  менен  көп  кіші,  әрі  інім,  әрі  баламдай 
қолымызда  тәрбиеленді.  Дәнеш  шешелері  баласын 
ақын
ақынның өсиеті
кейіпкердің портреті
72
Кейіпкер портреті
Ахмет
Байтұрсынұлы
...
...
...
...
...
...
5–3379
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


66
апыл-тапыл жүре бастағанында-ақ арқасынан түсірмей, 
ауыл  сыртында  молдадан  оқып  жатқан  шәкірттердің 
жанына барады екен. Баласы жығылып қалмасын деп, 
күңшаш деген жұмсақ шөпті жіп тәрізді есіп, белінен 
байлап, өзі бір ұшынан ұстап, балалардың арасына қоя 
беріп, қызығына қарап тұратын болса керек. Олардың 
қағаз-қаламдарына жармасқан баласын көрген шешесі 
мәз болып: «Менің жаным да ержетіп, оқымысты бола-
ды, көрген аян түсім бар, сол келеді» деп қуанады екен. 
Бірақ анасы Дәнештің өмірі ұзақ болмады. Міржақып 
бар болғаны екі жасқа толғанда, жетім қалды. 
Міржақып  өзі  қатарлас  балалардан  бойы  аласа-
лау  болып  өсті,  бірақ  денесі  тығыршықтай  жұмыр, 
шапшаң  қимылды  болды.  Үстін  таза  ұстап,  жинақы 
жүретін. 
Әкеміз Міржақыпты жастайынан оқуға берді. Оның 
алғаш  сауатын  ашқан  кісі  –  Мұқан  Тоқтыбаев.  Мір-
жақып  ауыл  мектебін  үздік  бітіріп,  оқуын  әрі  қарай 
жалғастырып,  Торғайдағы  екіжылдық  мұғалімдер 
училищесіне түсті. Мұны бітіргеннен кейін де өз білімін 
толықтыру  үшін  көп  ізденетін.  Сол  кездегі  белгілі 
орыс,  татар  жазушыларының  кітаптарын  оқитын. 
Газет  беттерінде  жарияланып  жүрген  екі  кісінің 
жазғандарын  қатты  ұнататын.  Авторларын  сыртта-
рынан ғана білетін. Бұл кісілердің бірі – ақын Ахмет 
Байтұрсынов,  екіншісі  –  белгілі  қайраткер  Әлихан 
Бөкейханов болды. Міржақыптың бар арманы осы екі 
ағасымен кездесу еді…
Оның  тұңғыш  өлеңдер  жинағы  «Оян,  қазақ!»  аты-
мен жарық көрген. Міржақып қолына кітабы тиісімен, 
ең  алдымен,  өзіме,  одан  кейін  туыстарға  сыйлыққа 
таратқан  болатын.  Қуанышым  қойныма  сыймай,  бар-
лық ағайын-жекжаттардың басын қосып, мал шалып, 
өзімше той жасадым. «Оян, қазақ!» қолдан-қолға тимей, 
аз уақыттың ішінде тез тарап кетті.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


67
Міржақып «Оян, қазақ!» кітабында ұран салып, хал-
қын өнер-білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұрт-
пен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген. 
Асқар Дулатов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет